ЕЛОРДАДА CHERY ФЛАГМАНДЫҚ АВТОСАЛОНЫ АШЫЛДЫ

20 қазанда Астанада алғашқы авторландырылған Chery автосалонының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Онлайн-дилерді санамағанда, бұл республика аумағындағы жиырма бірінші салон. Бұл дилерлік орталықтардың бәрі Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы – «Астана Моторстың» еншілес компаниясы First Motor Group-тың басшылығымен жұмыс істейді.

Chery Қазақстан нарығына 2 жыл бұрын келді, соған қарамастан, басқа Қытай автокөліктерінің арасында №1 брендке айналып үлгерді, ал автокөлік нарығы бойынша жалпы есепте төртінші орынды иеленеді. Ренкинг бойынша бренд өте жақсы қарқынмен ілгері жылжып келеді: осы жылдың 9 айы ішінде ол былтырғы сатылымдардан екі есе асып түсті және сатылған 12 мың автокөлік межесінен қиындықсыз өтіп кетті.

Қазіргі таңда Chery дилерлік орталықтары әлеуетті клиенттерге Tiggo кроссоверлерінің бүкіл желісін және Arrizo8 бизнес-седанын ұсынып отыр.

Айта кетсек, Chery жақын арада «Қазақстан азаматтығын» алғалы жатыр: Tiggo 2 Pro, Tiggo 4 Pro, Tiggo 7 модельдері Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылатын болады.


Фотода: Ванг Вэй және Нұрлан Шамгонов

Қытайлық концерн серіктестік қарым-қатынасқа үлкен құрметпен қарайды, концерн өкілдері қазақстандық дистрибьютор ұйымдастырып жатқан шаралардың бәріне дерлік қатысып отырады. Бұл жолы Chery Automobile Қазақстан бойынша аймақтық директоры Ванг Вэй мырза дилерлік орталықтың ашылу рәсіміне жеке өзі қатысу үшін Қазақстанға арнайы ұшып келді.

Ашылу салтанатына қатысуға бренд Chery-дің нағыз жанкүйерлерін – бұрыннан бар және әлеуетті клиенттерді шақырды. First Motor Group директоры Нұрлан Шамгоновтың айтуынша, бұл әр елде, әр қалада Chery автокөліктері иелерінің комьюнитиін құруға көмектесіп отыратын компанияның корпоративтік тәжірибесі болып табылады.

Ашылу рәсімінің суперлоты Chery Tiggo 4 автокөлігі дәл осы клиенттер арасында ойнатылды.

 

«Төрттік» Дәурен Утелевке бұйырды: «Ата-анам да, жұбайым да «Chery ал, жаңа, жақсырақ, үлкенірек болады» деген еді, Tiggo 7 Pro-ны алуға көндірген солар. Олар менің бүгін автокөлік ұтып алатыныма әбден сенді. Ал мен әлі түс көріп жүргендеймін…Енді отбасымыздағы Chery екеу болды! Көп-көп рақмет, Chery Astana!»