«АСТАНА МОТОРС» АВТОМОБИЛЬШІ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Жыл сайын қазанның соңғы жексенбісінде "Астана Моторс" Автокөлік қызметкерлері күнін атайды.

Дәстүр бойынша президент Нұрлан Смағұлов пен атқарушы директор Бекнұр Несіпбаевтың жетекшілігімен компания басшылығы ардагерлер мен қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтады. Басшылық барлық дилерлік орталықтарды аралап, үздік жұмысшыларға салтанатты түрде дипломдар, компанияның дамуына қосқан үлестері үшін мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтарын табыстады. Көп жылдан бері компания көзге түскен қызметкерлерді жұмысқа деген адал әрі сапалы қызметі үшін нағыз алтын, күміс және қоладан жасалған "Астана Моторс" төсбелгілерімен марапаттап келеді.