BMW X7 ҚАЗАҚСТАНДА

Зор, айбарлы, сымбатты және сенімді. Сенімді болғаны соншалық, алғашқы дана сатылып үлгерді – салтанатты кроссоверді қазірдің өзінде атақты қазақстандық боксер, көптеген чемпиондық марапаттар мен сыйлықтардың иегері – Геннадий Головкин GGG өз көлікжайына жайғастырды.

BMW X7-нің әлемдік тұсаукесері өткен автосалонда, Лос-Анджелесте болды, ал 16 мамырда жаңа өнім Қазақстанға жетті – брендтің ресми импорттаушысы "Бавария Автоорталығы" автомобильді Алматыда жабық көрсетілімде таныстырды. Кешдің хедлайнері телевизиялық "Песни" шоуының бірінші маусымында финалист атанған, Black Star Inc лейблінің әртісі – әнші НАZИМА болды. Автомобильді бірінші болып брендтің жанкүйерлері тамашалады, олардың қатарынан танымал бұқаралық тұлғаларды, кино, телевидение және спорт жұлдыздарын кездестіруге болады.  Дегенмен, кештің жағымды тосын сыйлары мұнымен шектелген жоқ – "Бавария Автоорталығы" қонақтары сонымен қатар тағы бір жаңалық – 6-шы буын сериясына жататын BMW 7-нің жаңартылған моделімен танысты.

«Жаңа BMW X7 – бұл Х жанұясының көшбасшысы ғана емес, сондай-ақ BMW маркасының автомобильді сән-салтанатқа деген озық қадамының анықтамасы». BMW Group дизайнерлік бөлімшесінің жетекшісі Джозеф Кабан үлкен кроссоверді дәл осылай сипаттады. Және оның сөзінің жаны бар.

BMW Х7-ні жасаушылар мүмкін еместі мүмкін қылып – қатыстылық пен дербестіктің тамаша үйлесімін тудырып, «люкс» класты соны туындыны өмірге әкелді. Оның айбынды сыртқы келбетіне қарамастан, қарапайым дизайн мен спорттық стильдің арқасында бұл жеңілдіктің және ептіліктің әсерін тудырады. Сонымен қатар анағұрлым кең салон бірегейліктің, функционалдылық пен еркіндіктің жаңашыл қарым-қатынасын сыйлайды – отырғыштың үшінші қатарына дейін теңдессіз жайлылық. Әсемдік – оның болмысы. Тартымдылық – оның сипаты.        

BMW Х7-ні ол әрдайым бірінші болатындай етіп жасаған. 5 151 мм ұзындық және 3 105 мм дөңгелек негізі барлық жақын келген үздік бәсекелестерден еш қиындықсыз басым қылады. Жаңа өнімнің сыртқы келбеті де ешкімге жол берер емес: «Аметрин металлик» айрықша түсі, үлкен фирмалық «танау», жалпақ артқы есік, негіздегі 20 дюйм диаметрлі дөңгелектер (және 21 немесе 22 дюйм – опция ретінде), хроммен сырбаз әрлеу, бейімделгіш жарықдиодты немесе лазерлі-люминофорлы басқы оптика…

Дегенмен, бұдан да үлкен салтанат пен ауқым үлкен салмақты есіктердің арғы жағында жасырынған. Vernasca былғарысы, бес аймақты климат-контроль, алдыңғы отырғыштардың электр жетегі, панорамалық төбе, екінші және үшінші қатардағы жолаушылар үшін ойын-сауық жүйесі – мұншалықты ауқымды опция бәсекелестердің бір де бірінде жоқ.

Әрине, алыс-беріссіз де болған жоқ. Опциялардың кей түрлерін Х7 жаңа X5-тен алды: құралдар жиынтығымен бірге дисплей және 12,3 дюйм диагоналды OS 7.0 медиажүйелер, климат-контрольді басқару тетігі, түймешіктер жиынтығы орналасқан орталық тоннель және жүксалғыштың екі жағында да электр тетігі бар жарма есік.

Дегенмен, айқын айырмашылықтар да бар – мысалы, арт жақтағы жолаушылар үшін мінсіз жайлылық. Х7-нің отырғышының үшінші қатарына априори, ал екіншісіне – өзге түрленімдер орнатылған Бұл не үш орынды диван, немесе электр реттеуішті, шынтақ қойғышы бар өте жұмсақ екі жұп бөлек-бөлек кресло қойылады. 

Әрине, Бавария бренді кроссоверлерінің флагманы – үздік технологиялар мен соңғы инновациялық шешімдердің теңдессіз жиынтығы. Олардың мақсаты BMW X7-ні басқарудан шексіз ләззат алып, кең салонның ішінде отырғандардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Х7-нің кокпиті X7 ең жаңа концепция бойынша құрылған – эргономикалы, түйсікті түрде түсінікті және толықтай функционалды. Жүргізушіге көмек ретінде артқа қарай жүрген кезде қолдау білдіретін жүргізу және қою ассистенттері жұмыс істейді, сондай-ақ BMW Personal CoPilot пакетімен тамаша үйлесіп, салон ішінде барынша қолайлы жайлылық тудыратын өзге де көмектер топтамасы қарастырылған.

Капот ішіндегісі не? Қазақстанда сатылымға дайын тұрған жаңа BMW X7 үш нұсқада қолжетімді - xDrive30d (3.0 л, дизель, 265 л.с.), бензинді xDrive40i (3,0 л, 340 л.с.), ең шыңында – қуатты M50d. Бұл  – 3.0 (400 л.с.) көлемді 4-қысым көтергішті дизельді агрегат. Сондай-ақ модельді жабдықтауда стандартты М-пакет және белсенді артқы дифференциал кіреді.   

Барлық қозғалтқыштар 8-сатылы «автоматпен» және толық тартпамен агрегатталған, сондай-ақ опциялар тізімінде бейімделген амортизаторлар немесе пневмоаспа (айтпақшы, ол стандартты жинақталымда қолжетімді) бар.

Жаңа BMW X7 опциясының топтамасында М-Sport және Off-Road секілді арнайы пакеттер бар. Біріншісі кроссовердің сыртқы келбетін көзтартарлық қаптамалармен керемет өңдей түссе, екіншісі – кроссоверге артқы дифференциалға электронды басқарылатын тосқауылды, қорғаныс түбін және басқарушы электроника үшін жолдан тыс режимдер қосады.

BMWX7 – өз қожайынына жүргізу барысында таусылмас ләззат сыйлап, иесі ретінде ерекше мақтанышқа бөлейтін нағыз «бавариялық» машина.