BMW Х4: Өзіңді көрсететін уақыт
BMW импорттаушысы – "Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін "Бавария Автоорталығы" сауда үйі – BMW Х4 жаңа буынының қазақстандық тұсаукесерін өткізді. Епті, қуатты және өзіне сенімді ВMW X4 бұрынғысынан да спортты және айқын бола түсті.
Жаңа BMW Х4 – BMW компаниясының 2014 жылы алғаш рет шыққан бірінші орта өлшемді Sports Activity Coupe ізін басушысы. Өзіндік харизмасы бар жаңа өнім жақсартылған динамикаға, айшықты дизайнға, ерекше көңіл аударарлық спорттық мінезге, сәнді ішкі көрініске, жүргізушіге көмек беретін жаңа жүйелерге және алдыңғы қатарлы желілік технологияларға ие.
Әсерлі динамика мен екпінді дизайнды үйлестірген жаңа BMW Х4 шынайы атлет сынды көрініп, әрі басқа BMW Х үлгілерінің ішінде ерекше сипатқа ие. Жаңа буынның қуатты және үнемді қозғалтқыштары, шассидің айрықша баптауы, жеңілдетілген құрылымдар, жақсартылған аэродинамика, төмен орналасқан ауырлық орталығы және өстер бойынша 50:50 қатынастағы жүктемені мінсіз үйлесімді бөлу осы спорттық үлгіні жүргізуден ерекше рахатқа бөлейді. Жүргізуге көмек берудің заманауи жүйелері жол жүрудегі ыңғайлылық пен қауіпсіздікке кепіл береді.
Біркелкі қозғалыс кезінде және қауіпті жағдайында жүргізу ассистенті жартылай автоматты тәртіпте ыңғайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді. Оларға тығыз көлік ағынындағы кептелістер немесе ақырын қозғалыс, сонымен қатар қала, оның сыртындағы жолдарда немесе жылдамдықты тасжолдағы ұзақ сапарлар жатуы мүмкін.
Алдыңғы әйнектегі толық түсті проекциялық дисплей маңызды ақпаратты жүргізушінің көру аясына тікелей көрсетіп, бұл оның тек жүргізуге ғана ден қоюға мүмкіндік береді. Мұнда, атап айтқанда, ағымды жылдамдық, навигациялық жүйенің нұсқаулары, басып озуға тыйым салынатындығы туралы хабарламаны қоса, жылдамдықты шектеу, телефон кітабы мен ойын-сауық жүйесінің тізімі беріледі. Аспаптық панельде орналасқан экран диагоналі 12,3 дюймді құрайтын сандық дисплей автокөлік қозғалысының өлшемдерін тиімді көрсетіп отырады.
Қалыпты жиынтықтағы BMW Х4 көлігі М Sport асылғысы, бейімделген спорттық рөлдік басқарумен, Performance Control жүйесі (өстер арасындағы айналатын сәтті тарату жүйесі), көлікті қаңтару кезіндегі апаттық жақындату дабылнамасы (алдынан және артынан), кеңейтілген функционалы бар бас жарықтың жарықдиодтық фаралары, шиналардағы қысым индикаторы, жарықтандыру пакеті, алдыңғы орындарды жылыту, жүк салғыш қақпағының автоматты түрдегі жетегімен жабдықталған.
BMW X4 Қазақстанға толық жетекті, 2,0 және 3,0 литрлік бензинді және дизельді қозғалтқыштары бар, 184 бастап 354 а.к. дейінгі қуаттылығы бар нұсқада жеткізіледі.