БИЗНЕС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМДІ ТАҢДАЙДЫ

Қазақстандық өндірушілер техникалық парктерін жаңартқан кезде отандық арнайы техниканы артық көруде.

Қазақстандағы балмұздақ пен пакеттегі сүттің аса ірі өндірушісі "Шин-Лайн" компаниясы өз автопаркін балмұздақ тасымалдауға арналған HD 78 үлгісіндегі жаңа эвтектикалық фургондармен толықтырды. Компанияға лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша табысталған жалпы саны 12 автомобильді Hyundai Trans Auto кәсіпорны шығарған. Бағдарлама операторы – "БРК-Лизинг".                                                             

HD 78 – уақыт сынынан өткен, оңтайлы, пайдалануға ыңғайлы, 5 тоннаға дейін жүк көтеретін және қозғалтқышы мықты әрі сенімді болатын үлгі. Эвтектикалық рефрижераторлы фургонның басты артықшылығы – жұмыс істеу мен қызмет көрсетудегі үнемділігі. Суық беру аккумуляторлары 220 В желісінен зарядталады. Аккумуляторлар жеткілікті дәрежеде мұздатылғаннан кейін фургон секцияларының ішіндегі температура негізгі тоңазыту қондырғысын қоспастан ұзақ уақыт бойы тұрақты күйінде қалады. Фургон секцияларының әрқайсысында 0°С-тан –35°С-қа дейінгі температура сақталады. Зауыт өзі жұмыс істеп келе жатқан 9 жылдың ішінде барлығы HD 78 үлгісіндегі шамамен 3 мың автомобильді жасап шығарды және оларды еліміздің түрлі аймақтарындағы кәсіпорындар табысты пайдалануда.

Анықтама:
Hyundai Trans Auto кәсіпорнын 2011 жылы Алматы қаласында «Астана Моторс» компаниясы құрды. Кәсіпорын халықаралық сапа стандарттарына сәйкес автокөліктің кең ауқымды желісін – Hyundai County жолаушылар автобустарын; жүк көтергіштігі 1,5 тоннадан 15 тоннаға дейінгі Hyundai шассиі негізіндегі автомобильдерді (бортты жүк көліктері, өнеркәсіптік тауарларға арналған және изотермиялық фургондар, рефрижераторлар); жүкті өзі түсіретін машиналарды; Hyundai H350-Ambulance үлгісіндегі «жедел жәрдем» көліктерін жасап шығарумен айналысады. Hyundai Trans Auto 2016 жылдан бастап Қазақстандағы МАЗ маркасының ресми дилері; 2019 жылдан бастап – Golden Dragon маркасындағы жолаушылар автобустарын жасап шығару және сату бойынша ресми дистрибьютор.