«АСТАНА МОТОРС» АВТОБУСТАРДЫ ТЕСТ-ДРАЙВҚА ҰСЫНАДЫ

"Астана Моторс" компаниясы Golden Dragon автобустарының танысу тест-драйв бағдарламасы басталғаны туралы хабарлады. Бағдарлама аясында еліміздегі барлық автопарктер автобустарды сатып алмай-ақ және тағы басқа төлемдер жасамай-ақ белгілі бір уақытқа тест-драйвқа алып, кейін тест нәтижелері бойынша сәйкесінше автобустарды қала ішіндегі бағдарлар үшін сатып алу мүмкіндігін қарастырады.

Golden Dragon автобустарының үлгілік қатары қаланың барлық заманауи мұқтаждықтарына жауап береді.  Golden Dragon автобустарының бастапқы құны 32 млн теңгеден басталады, бұл бағасы жағынан Қазақстанда ұсынылған осыған ұқсас автобустарға қарағанда анағұрлым тиімді. Автобусты "Қазақстан Даму Банкі" коммерциялық техниканы сатып алуға ұсынған қолданыстағы жеңілдікпен кредиттеу мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде лизингке сатып алуға болады. "ҚДБ-лизинг" АҚ кредит бойынша мөлшері жылына теңгемен 7%-дық, шарт құнының  15%-ы алдын ала төленетін қаржылық лизинг қызметін 7 жыл мерзімге ұсынады. Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы автобус парктерін жаңарту.

Golden Dragon автобустарын алғашқы болып тест-драйвқа ресімдеген клиенттер, күн сайын он мыңдаған жолаушыларға қызмет көрсететін, Ақтөбе мен Петропавловскідегі ірі автобус парктері болды. 

"Біздер Golden Dragon автобустарын бұрыннан білеміз. Және оларға көңіліміз толады. Бұл жүргізушілерге ғана емес, сондай-ақ жолаушылар үшін де пайдалануға аса қолайлы, үлкен, сенімді әрі қарапайым автобустар. Golden Dragon автобустарына тән артықшылықтардың тағы бірі – автобус жанармайын өздігіңнен таңдауға болатыны, біздің жағдайда бұл –табиғи газ. "Газды" көліктің дәстүрлі дизельді түрімен салыстырғанда екі басымдылығы бар: экологиялығы және тиімділігі. Бұлар екеуі де автобус парктері үшін аса маңызды". Атмосфераға шыққан қалдық ауаны аз ластайды, ал метанның құны бензин мен дизельді жанармайға қарағанда 3 есе аз. Сондай-ақ, біздер үшін жанармай шығыны да үлкен артықшылық болмақ, өйткені ол аса үлкен емес – 41-45 куб / 100 км", – деп атап өтті Ақтөбе қаласы Жолаушылар Автокөлігі Кәсіпорны директоры Ерлан Асқарұлы Блиев. 

Тест-драйвқа газды асты төмен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға орындар қарастырылған 10,5-метрлік автобустар берілді. Бір апта ішінде жүргізушілер де, жолаушылар да оның қаншалықты жайлы екенін лайықты түрде бағалауға мүмкіндік алады. Шамамен 81 жолаушыны  (отырғыштар – 31 орын) тасымалдауға есептелген кең салонның ішінде, кіріп-шыққан жолаушылар ағынын толық бақылай алуы үшін жүргізушінің экранына сигнал беріп отыратын бейнекамера орнатылған. Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін автобустар бірнеше ішкі және сыртқы жарықты таблолармен, кондиционермен, көптеген ұстайтын және аспалы тұтқалармен  жабдықталған. Автобус астының төмен болуы кез келген жастағы қала тұрғынына салонға еркін кіруге жағдай жасайды, ал арнайы жылжымалы аппарель арбаларды пайдаланатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың көлік бортына еш кедергісіз кіруін (және шығуын) қамтамасыз етеді.

Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың наурызында "Астана Моторс" ҚМК-ның құрамына кіретін Hyundai Trans Auto автобус құраушы кәсіпорын мен  қытайлық автобус өндіруші Golden Dragon Bus Company (Xiamen Golden Dragon Bus Co., LTD) арасында дистрибьюторлық келісімге қол қойылған болатын. Осы келісімге сәйкес Hyundai Trans Auto бұдан былай Golden Dragon маркалы автобустарды Қазақстан Республикасы аумағында шығару және сату бойынша ресми дистрибьютор болып табылады.

Golden Dragon – көптеген елдерде сатылым мөшері бойынша көш бастап тұр, мысалы, Израиль нарығында бірінші орынды иеленеді. Үлгілік қатар 8,5 метрден 18,5 метрге дейінгі автобустар арқылы ұсынылған. Автобустар қозғалтқышы үш түрлі қуат көзімен жұмыс істейді: дизель, газ және электр. Автобустар асты төмен – қалалық, туристік және шағын қала маңына арналып шығарылады. Автобустардың экологиялық класы, ЕврАзЭС техникалық талаптары бойынша, Еуро-5 стандартына сай.

Бұл автобустардың тағы бір айқын бәсекелестік артықшылығы Golden Dragon-ның барлық модельдерінде "Монокока" технологиясы қолданылады. Бұл тұтас көтеретін кузов, сондай-ақ катодты электрофорез дегенді білдіреді, мұндайда автобустың шанағы резервуарларға түрлі химиялық құрамдарды біртіндеп батыру арқылы өңделеді деген сөз. Аталған процестің нәтижесінде тұтас шанаққа үздіксіз төзімділігі жоғары оқшаулаушы қабат төселеді. Сондай-ақ осы технологияның есебінен автобустың салмағы төмендеп, жанармайды шығындауды және қоршаған ортаны ластауды азайтуға мүмкіндік береді, әрі автобустың коррозияға қарсы төзімділігі мен пайдалану мерзімі өседі.

"Астана Моторс" компаниясы клиенттер мен автобус парктеріне сервистік қызмет көрсетудің түрлі нұсқаларын ұсынады. Бұл мобильді сервис – яғни, компанияның техникалық мамандары сервистік қызметті автопарк аумағында жұмыстан тыс уақытта, сондай-ақ автобус рейс кезінде жолда бұзылып қалған жағдайда көрсетеді. Екіншіден, автобусты сатқан кезде клиент 100 000 км жүріс кезінде талап етілетін техникалық қызмет көрсетуге қажетті бірегей қосалқы бөлшектердің тұтас тізімін алу мүмкіндігіне ие болады.