AUTONESIE.KZ жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша сайтта онлайн-өтініш қалай беруге болады

Қазақстандықтар өтініштерін 6 ақпан Астана уақыты бойынша сағат 10.00-ден бастап autonesie.kz ресми сайтында бере алады.
Платформа Бағдарламаға қатысушылардың пулын қалыптастырады, Дилерлік орталықтартарда автокөлікті және Бағдарламаға қатысушы банктерден несие беру тәртібін анықтамайды.

Тіркелу үшін:

  1. ЖСН және ЭЦҚ қолтаңбасын енгізіңіз.
  2. Тізімнен автоөндірушіні таңдаңыз.
  3. Пулға түсу үшін өтінім беріңіз.

Сәтті тіркелгеннен кейін хабарлама келеді. Өтінім 60 күн бойы жарамды.

Бүгінгі таңда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ желісі бойынша қолданыстағы автокредиттерді өтеуден жинақталған қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрайды. Осы деректерді ескере отырып, пилоттық платформаның алғашқы іске қосылу барысында 761 өтініш берушіге дейін тіркеле алады. Өтініш берушілердің осы санына жеткен кезде платформада өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылады, ал «Өтінім беру» функциясы белсенді болмайды.

Кейіннен платформада өтінімдерді қабылдау ай сайын жүргізіледі және 100-ден астам өтініш берушіні тіркеуге мүмкіндік береді.

 Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына қандай Hyundai модельдері қатысады?

Құны 15 млн теңгеге дейінгі жиынтықталымдағы Accent, Bayon, Elantra, i30, Sonata, Tucson модельдері.

Бағалар туралы толығырақ hyundai.kz сайтынан немесе 📞7007 нөмірі бойынша біле аласыздар.

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының жаңа шарттары туралы қайдан білуге болады?

  • Autonesie.kz сайтында
  • Өнеркәсіпті дамыту қорында
    +7 (7172) 796 440 телефоны арқылы
  • Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына қатысушы банктердің сайттарында: Halyk Bank, ForteBank, «Банк ЦентрКредит», «Еуразиялық Банк».