"АСТАНА МОТОРС" ARTИШОК ТЕАТРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА 9,5 МЛН ТЕҢГЕ ҚҰЙҒАН

Жобаны жүзеге асыру бойынша алғашфнда жасалған есептулер бойынша 21 млн теңге қаржықажет болды. Алайда кейіннен қосымша шығыс баптары: өрт сөндіру, желдету, бейнебақылау, кондиционерлеу және электр тоғы жүйелерін театрдың ерекшеліктеріне бейімдеу секілді тұстар пайда болып, жөндеу жұмыстарының құны ұлғая түсті.

Театр көрермендері орасан зор өолдау көрсетіп, краудфандинг платформасы арқылы 4,2 млн теңге көлемінде қаржы жиналып, сондай-ақ театрда орнатылған арнайы бокс арқылы тағы 1 млн теңге келіп түсті.

Театр құрылысына 9,5 млн теңге көлеміндегі ең қомақты үлесті "Астана Моторс" компаниясы қосқан. Бұл сома театрды жөндеу мен әрлеу жұмыстарынажұмсалған негізгі шығынды өтеді. MEGA Management девелоперлік компаниясы ARTиШОК театрын құрылыс мәселелері бойынша кеңес беруде.

Театрдың өзі құрылыс жұмыстарына 5 млн теңге қаржы салған.

— Қорытынды шығару әлі ерте, сонда да айтарым, біз бір "жұқпалы", бұрын-соңды болмаған жобаны іске асырып отырмыз. Өйткені бұған дейін өнер аумағында осынау жаңашыл әрі маңызды істі әртістер, қоғам және бизнеспен бірлесіп істеу болып көрмеген шара. Қазір біз ерекше әрі күрделі кезеңді басымыздан өткеріп отырмыз. Бұл театр өсімінің кезеңі. Егер сен 16 жыл бойы астыңғы қабаттағы кішігірім "пәтерде" тұрып, үлкен үйге көшсең, бұл – нағыз ғажап оқиға болары анық. Кейде жаңа жерде не қажет болып қаларын түсіну қиын. Демек, керек-жарақтың барлығы – үтік басу тақтасы мен принтерден бастап, ыдыс жуу және кофе машинасына дейінгі заттарды екі есе артығмен алу қажет. Әлбетте, осының бәрі қосымша шығын, ал біз бұл туралы о баста ойлаған да жоқпыз. Үлкен сахнаны салуға қолдау көрсету әлі де өзекті мәселе әрі біз сол көмекті қабылдауға әзірміз, — деп көрсетті ARTиШОК театрының басқарушы директоры Анастасия Тарасова.

Жаңа алаңды іске қосу 18 қазанға жоспарланған. Осы уақытқа дейін театр барлық құрылыс жұмыстрын аяқтап, дыбыс және жарық құрал-жабдықтарының монтажын да тәмамдауды көздеп отыр. Үлкен сахна #ПРЯМОПОТОЛЕБИ спектаклімен ашылмақ. Бұл ARTиШОК театрының Алматы туралы авторлық және ең  кассалық қойылымы.