"АСТАНА МОТОРС" HYUNDAI БРЕНДІМЕН НАРЫҚ КӨШБАСШЫСЫ АТАНДЫ
Қыркүйектің нәтижесі бойынша ҚР-ның ресми көлік нарығындағы барлық брендтердің ішінен Hyundai №1 атағына ие болды
Hyundai бренді Қазақстанды белсенді түрде жаулап алуда. Қаңтар айынан бастап қыркүйекке дейін кореялық автомобильдер ішіндегі осы марканың сатылымы 10 010 бірлікке жетіп отыр. Бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 75% асып түсті. Тек қыркүйек айының өзінде 1 345 Hyundai автомобилі сатылған болатын. Брендтің ресми дистрибьюторы Hyundai Auto Kazakhstan компаниясының 2019 жылға арнаған жоспарына сай 14 000 автомобиль сатылуы тиіс.
Бүгін Оүтүстік Кореяның автомобильдік бренді Қазақстандағы сатылым бойынша көшбасшылар үштігін бастап келеді. Қазақстанда бұрынғыдай ең танымал кроссовер Hyundai Tucson болып саналса, Accent, Elantra және Creta үлгілері де үлкен сұранысқа ие.
Hyundai автомобильдері сатылымының жоғары қарқыны тек брендтің танымалдылығы мен нарықтағы дұрыс баға жайғасымында ғана емес, сондай-ақ бұл түрлі автокредит бағдарламаларының дамуына байланысты, соның ішінде компанияның Hyundai Finance жеке бағдарламасы, әрі Қазақстанның Даму Банкінің қолдауымен ұсынылатын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын атауға болады.
Жақын арада халыққа ұнаған бренд Алматыда жасап шығарылатын болады. Ақпан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесу барысында «Астана Моторс» компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов Алматының индустриалды аймағында орналасатын Hyundai Motor Company жеңіл автомобильдерді жасау зауыт құрылысының жоспары жөнінде баяндады.
– Иә, бұл өзін-өзі тез ақтап шығатын жоба емес, алайда ол стратегиялық, ұзақмерзімді, әрі өңір бойынша өзгелердің біздерге деген байсалды көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған жоба, - деді бизнесмен. – Қазіргі уақытта зауыт цехтарының құрылысы белсенді жүріп жатыр, ал желтоқсан айында ірі түзілімді құрастыру (DKD) желісі іске қосылады. 2020 жылдың қыркүйек айында дәнекерлеу және бояу цехі, ұсақ түзілімді құрастыру (CKD) желісі іске қосылмақ. Бұл өршіл жоба және зауыт құрылысы рекордтық қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады.
Бұл 15 гектар жерде орналасқан мобильді зауыттың ауданы 30 мың ш.м. Алайда өндіріс 700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берсе, әрқайсысының «құны» 32,5 млн. теңге, ал бір адамға шаққандағы өнімділігі жылына 249,6 млн. теңгені құрайды. Бұл жоғары технологиялы әрі ақысы жақсы төленетін еңбек.
Алғашқы кезеңде зауыт жылына 30 мың автомобиль шығаруды жоспарлап отыр. Осы мөлшердің жартысы Қазақстан үшін шығарылса, қалғаны Орталық Азия елдеріне экспортталады. Кейіннен автомобиль өндірісі жылына 45 мыңға дейін жеткізілмек. Айта кетерлік жайт, Hyundai брендінің әлемдегі барлық жаңа модельдері өзімізде шығарылатын болады.
Компанияның болжамынша, 2019 жылы Қазақстанда автомобиль нарығының сатылымы 70 000 бірлікті құрайды, соның ішінде «Астана Моторс» 20 000 автомобильді сатып, сату үлесі 30% жетеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша жаңа автомобильдер нарығындағы әрбір үшінші көлік «Астана Моторс» компаниясынан сатып алынады.
Дереккөз: forbes.kz