«АСТАНА МОТОРС»: ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ

"Астана Моторс" компаниясы Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс театрының 75 жылдығына Hyundai Elantra автомобилін табыстап, ерекше сыйлық жасады.

"Астана Моторс" негізі қаланған сәттен бастап, әлеуметтік жобаларға айрықша көңіл бөледі және мәдениетке қолдау білдіру оның басым бағыттарының бірі саналады. Компанияда атап өткендей, театрдың игі дәстүрлерін сақтау қоғамдағы мәдени құндылықтарды дамыту барысында ерекше маңыздылыққа ие, сондықтан да "Астана Моторс" театр жобаларын қолдауда өз үлестерін қосуға қуана атсалысады.   

Театр өкілдерінің сөзіне қарағанда, Hyundai Elantra автомобилі 2020 жылға жоспарланған Қазақстан бойынша гастрольдік сапар кезінде елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Наталья Сац атындағы театр өз тарихы барысында Қазақстан театр өнерінің аса көрнекті қайраткерлері үшін бастапқы алаңға айналған, бүгінгі таңда театр мықты актерлік құрам мен бай театр тәжірибесіне ие.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, Н. Сац атындағы ЖӨТ-ның жетекші актрисасы және директордың орынбасары Ольга Коржева атап өткендей, бизнес-құрылымның театр өнеріне көңіл бөлуі мәдени қалалық ортаның дамуында маңызды рөл атқарады. 

Ольга Коржева:
Биылғы жылы біздің театрымызға 75 жыл толады, сондықтан да ерекше шығармашылық идеялар мен жоспарлар құрып отырмыз. Мысалы, театрдың жас әрі дарынды шығармашылық құрамы үнемі Қазақстан бойынша гастрольдер ұйымдастырып тұрады, енді кеңістігімізді кеңейтіп, жақын шетелдерге: Ресей мен ТМД елдеріне шықсақ па деген ойымыз бар. Сондықтан, «Астана Моторс» компаниясы тарапынан біздің қызметімізге жасалған қолдау – жалғыз театрдың гастрольдік сапарына қосылған құнды үлес емес, сондай-ақ тұтас театр өміріне көрсетілген қолдау, – деп бөлістіО. Коржева.