«АСТАНА МОТОРС» ТАҒЫ БІР ПРЕМИУМ САНАТТЫ АВТОБРЕНДТІ ҰСЫНАДЫ
«Астана Моторс» қазақ мотор компаниясы мен Great Wall Motor қытай автоконцерні ынтымақтастық аясын кеңейтеді.
GWM басшылығы өзінің таңдаулы TA NK жол талғамайтын көліктер желісінің дистрибьюторы ретінде «Астана Моторстың» Haval Motor Kazakhstan атты еншілес компаниясын таңдады. Haval Motor Kazakhstan директоры Ақылбек Анарбаев былай деп атап өтті: «Біз Great Wall Motor компаниясымен шамамен бір жарым жыл бойы ынтымақтасып, қызмет етіп келеміз, осы уақыт ішінде өзімізді де, сүйікті GWM брендін де жақсы жағынан көрсете білдік – менің ойымша, Haval дәл осы себеппен компанияның TANK деген үздік маркасын қазақстандық нарықта ұсынуды бізге сеніп тапсырды».
Haval Motor Kazakhstan компаниясына ресми дистрибьютор мәртебесін беру туралы келісімге «39th Thailand International Motor Expo 2022» халықаралық автошоуы аясында қол қойылды, онда Great Wall Motor өзінің ең танымал модельдерін, соның ішінде TANK-ты да таныстырды.
Бастапқыда Tank бренді жол талғамайтын көліктер сыныбындағы концептуалды бәсекелес ретінде әлемдік нарықтар үшін жасап шығарылған еді. Таңдаулы, технологиялы, инновациялық, интеллектуалды және қуатты. TANK-тар қайсар мінез бен қатаң дизайнға ие!
Бүгінгі таңда желіде небәрі екі модель бар: TANK 300 және TANK 500. TANK 300 – бұл орташа өлшемді, жақтаулы жол талғамайтын көлік, Haval H9-бен бір платформада құрастырылған, оның 2 литрлік бензиндік турбомоторы (227 а.к. және 381 Нм) және классикалық 8 сатылы автомат қорабы бар.
TANK 500 – толық өлшемді әрі айбарлы! 500-ші 3 литрлік бензиндік турбомотормен (354 а.к.) және 9 сатылы «автоматпен» жабдықталады. Оның баяулатушы беріліске ие толық жетегі, екі дифференциалдың құлыптары және жолсыз жермен жүруге арналған 11 режимі бар.
Қазақстандықтар көктемде модельдермен егжей-тегжейлі таныса алады, ал әзірше дистрибьютор-компания таңдаулы қонақтарды – TANK 300 және TANK 500 модельдерін қарсы алуға дайындалып жатыр.
Tank дилерлік орталықтары 3S форматында жұмыс істейтін болады: автокөліктерді сату, сатудан кейін техникалық және сервистік қызмет көрсету, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету.
«Дистрибьютор ретінде Great Wall Motor концернімен жұмысымызда біз үшін ең бастысы – мақсаттардың бірлігі! Клиент өзін ерекше сезінуі керек, автокөлік – сенімді, ал сервис мінсіз болуы тиіс! Бұл жөнінде біз қытайлық серіктестерімізбен толық келісеміз және брендпен әсерлі танысуды міндетті түрде дайындаймыз» – деп уәде берді Ақылбек Анарбаев.