«Астана Моторс» компаниясы Hyundai өндіріс көлемін ұлғайтып, отандық нарыққа алып көлік өндірушілердің жетекші брендтерін әкеледі

2022 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша «Астана Моторс» компаниясының сатылымы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,7 % өсіп, 31 538 жаңа автокөлікке жеткен (бұл көрсеткіш 2021 жылы 26 134 дананы құраған).

«Астана Моторс» портфеліндегі №1 бренд – Hyundai. Биылғы тоғыз ай ішінде компанияның еншілес кәсіпорны – Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауыты отандық нарық үшін 20 680 автокөлік өндірген. Жыл соңына дейін Hyundai Trans Kazakhstan қазақстандық тұтынушылар үшін тағы 10 мың автокөлік шығарады, ал 2023 жылы ішкі нарық үшін өндіріс жоспары 40 мың автокөлікті құрайды.

Қазақстандағы Hyundai сатылымы 2022 жылдың өткен кезеңі ішінде 20 334 бірлікті құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың (17 748 бір.) осы кезеңімен салыстырғанда 14,5 % өскен. Биыл жыл соңына дейін бүкіл ел бойынша дилерлік орталықтар шамамен 29 мың Hyundai автокөлігін сатады, бұл 2021 жылға қарағанда 27 % артық. Hyundai брендінің 2023 жылғы сатылым жоспары – Қазақстан нарығы үшін 38 мың автокөлік.

Hyundai ұсақ тораптық өндірісі

Hyundai Trans Kazakhstan мамандары алғашқы бір жарым жыл жұмыс істегенде Hyundai Accent және Hyundai Tucson модельдерін дәнекерлеу және бояу әдісімен ұсақ тораптық өндірісті меңгеріп алды. Қазіргі уақытта «Астана Моторс» Hyundai Motor Company компаниясымен (Оңтүстік Корея) кәсіпорын шығаратын модельдердің тағы біреуін ұсақ тораптық өндіріске көшіру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Келіссөздер қорытындысы 2023 жылдың екінші тоқсанында белгілі болады.    

slider_153
slider_154
slider_155
slider_156
slider_157
slider_158
slider_159
slider_160
slider_161
slider_162
 

Автокомпоненттерді өндіретін зауыттар

Қазіргі уақытта «Астана Моторс» шетелде автокомпоненттер өндіру тәжірибесі бар шетелдік Youngsan, Motrex, Норпласт серіктестерімен бірлесіп, Алматының Индустриялық аймағының 10 га ауданында Hyundai автокөліктеріне арналған автокөлік орындықтарын, полиуретан кілемшелерін, қанат қорғаныштарын, кірқалқандар және мультимедиа жүйелерін өндіретін үш зауыт салуды жобалау кезеңінде тұр.

Жобаға салынатын инвестиция – $15 млн. Өндірістік жайлардың ауданы – 9 500 ш. метр. Кәсіпорындарда 175 жұмыс орны құрылады. Өндірістерді іске қосу 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. 

Haval, Chery, Changan қытайлық автобрендтерін шығаратын мультибрендті зауыт                  

«Астана Моторс» компаниясының жаһандық мақсаты – өндірілетін автокөліктердегі қазақстандық құрамды ұлғайту. Компания өндіріс көлемін ұлғайту үшін үш көшбасшы алып көлік өндіруші зауыттарының құрылысына кіріседі, олар: Changan – ҚХР-да өндіріс көлемі бойынша №1, Chery – ҚХР-да экспорт көшбасшысы және Haval – Қытай нарығында төртінші орынды иеленетін Great Wall Motor автоконцерннің қосалқы бренді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты – дәнекерлеу және бояу әдісімен жылына 90 мың автокөлік, соның ішінде 60 % ТМД елдеріне экспортқа шығарылады.

Жобаға салынатын инвестиция – $200 млн.  Жер ауданы – 28 га. Өндірістік жайлардың ауданы –100 мың ш.метр.

Зауытта 2 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Өндірісті іске қосу 2024 жылдың төртінші тоқсанына – 2025 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

  «Мультибрендті зауытта қытайлық үш брендтің модельдерін дәнекерлеу және шанақ бояу арқылы ұсақ тораптық құрастыру әдісімен шығаруды жоспарлап отырмыз. Кәсіпорын жаңа модельдерді өмірлік циклінің басында шығарады, яғни модельдердің әлемдік нарыққа шығуына қарай олардың өндірісін игеретін болады. Тиісінше, зауыт ашылған соң бірнеше жыл ішінде біз дәнекерлеу және бояу әдісімен тоғыз модельдің өндірісін іске қосатын боламыз»,– деп хабарлады Бекнұр Несіпбаев, «Астана Моторс» CEO.

Сонымен бірге ол Hyundai Trans Kazakhstan зауытының және жаңа мультибрендті зауыттың өндіріс көлемін ескере отырып, компоненттерді, соның ішінде металл бөлшектердің өндіріс көлемін ұлғайту экономикалық тұрғыдан дұрыс болатынын, әрі бұл локализацияны тереңдетуге мүмкіндік беретінін айтты.

Алматының Индустриялық аймағында технопарк құру Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуына, машина құрастыру саласындағы білікті кадрлар жүйесінің қалыптасуына қарқын береді.

Жаһандық дағдарыс. Шешімдер

Әлемдік көлік нарығының тарихында бұрын-соңды болмаған ең ауыр дағдарыс орын алып тұр. Геосаяси ахуал жартылай өткізгіштер тапшылығын және логистика проблемасын біршама шиеленістіріп жіберді. Ірі автокөлік концерндері бүкіл әлем бойынша өндірісті азайтып келеді. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 2022 жылдың сегіз айы ішінде 2021 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда Hyundai автокөліктері 12,7 % кем сатылған, сондай-ақ Hyundai автокөлігіне кезекке тұру 2-2,5 жылды құрап отыр. Еуропада клиенттер әртүрлі брендті өз автокөліктерін екі жылдай күтіп жүр.

Қазақстандағы жаңа автокөліктер нарығы қиындықтарға қарамастан, жайғасымын сақтап келеді – 2021 жылы сатылған 86 611 бірлікке қарағанда 2022 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығындағы кезең ішінде елде 86 959 бірлік (+0,4 %) сатылды (ҚАБҚ деректері).

«Жаһандану жағдайында басқа да өндірушілер сияқты біз де әлем нарығында болатын жағдайларға тәуелдіміз және жоспарларымызды соған сәйкес түзеп отырамыз. Бүгінгі таңда біз серіктестермен бірге бірқатар Hyundai модельдері үшін бөлшектерді жеткізетін жаңа бағыттар бойынша келісімге қол жеткіздік және осы бағытта жұмыстарды жалғастырып жатырмыз»,  – деп түсіндірді Бекнұр Несіпбаев. – «Астана Моторс» отандық нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріс көлемі мен импорт көлемін ұлғайтып келеді. 2021 жылдан бастап біз Қазақстан нарығына әлемнің көптеген елдеріне танымал үш қытайлық автобрендті алып келдік, олар: Haval, Chery, Changan және Қазақстан бойынша олардың дилерлік желісін белсенді түрде дамытып жатырмыз», – деп атап өтті «Астана Моторс» CEO.

slider_163
slider_164
slider_165
slider_166
slider_167
slider_168
slider_169
slider_170
slider_171
 

Haval

«Астана Моторс» Great Wall Motor компаниясымен (ҚХР) дистрибьюторлық келісім аясында Haval брендін 2021 жылдың сәуір айынан бастап ресми түрде ұсынып отыр.

Дистрибьютор биылғы жылдың аяғына дейін сатылымды 2 мың автокөлікке дейін жеткізуді көздеп отыр, ал 2023 жылы компания Haval автокөліктерінің 10 мыңнан астам данасын сатуды және дилерлік желіні 21 автоорталыққа дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Chery

Chery ресми дистрибьюторы да «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіреді және Chery Automobile Company компаниясымен (ҚХР) жасасқан дистрибьюторлық келісім аясында 2021 жылдың қазан айынан бастап осы брендті ұсынып отыр. Қазақстандағы Chery кроссоверлерінің сатылымы 2021 жылдың желтоқсан айында басталды. Бір жылға толмаған уақыт ішінде бренд 2 469 автокөлік сатып, еліміздегі қытайлық брендтердің көшін бастап тұр.    

Бүгінгі таңда Chery Қазақстандағы ең танымал 10 автобрендтердің ішінде бесінші орынға табан тіреді.

Биыл Chery сатылымының жоспары 4 мың бірлік деп жоспарланса, 2023 жылы 9 мыңнан астам бірлік деп көзделіп отыр.

Changan

2022 жылдың тамыз айында «Астана Моторс» Changan International Corporation компаниясымен (ҚХР) дистрибьюторлық келісімге отырып, Қазақстанда Changan брендін ресми түрде ұсыну құқығын алды.

Қазан айында ресми дистрибьютор жеткізген автокөліктердің бірінші партиясы сатыла бастады, дистрибьютор ағымдағы жылдың соңына дейін – 500 бірлік Changan автокөлігін, ал 2023 жылы 8 мыңнан астам көлікті сатуды жоспарлап отыр.

BMW

Биылғы жылдың ақпан айындағы геосаяси ахуалға байланысты Еуропадан жеткізілетін логистикалық тізбек бұзылды, соның салдарынан BMW автокөліктерін ескі бағдармен жеткізу мүмкін болмай қалды.

«Астана Моторс» компаниясы серіктестерімен бірқатар келіссөздер жүргізіп, Қазақстанға BMW автокөліктерін бірнеше жаңа бағдар арқылы жеткізуді жолға қойды.  BMW брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы жаңа бағдар арқылы жеткізілген автокөліктердің алғашқы партиясын алып үлгерді.

Дистрибьютордың болжамы бойынша биыл қазақстандық дилерлер бір мың BMW автокөлігін сатады. 2023 жылы компания 1500 автокөлік сатуды жоспарлап отыр.

Subaru

Subaru Kazakhstan ресми дистрибьюторы 2022 жылы – шамамен 700 автокөлік, ал 2023 жылы 1200 автокөлік сатады.

Jaguar Land Rover

Геосаяси ахуал Jaguar Land Rover компаниясының Ресей Федерациясындағы ресми дистрибьюторының жұмысына әсерін тигізді, 2022 жылы брендтің штаб-пәтері Мәскеудегі жұмысын тоқтатты. Сәйкесінше, қазақстандық дилерлер автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді жеткізуде қиындықтарға тап болды.

Жарты жыл ішінде «Астана Моторс» компаниясы брендтің Ұлыбританиядағы өкілдігімен келіссөздер жүргізіп, Jaguar Land Rover брендін Қазақстан аумағында British Motors Kazakhstan дистрибьюторы («Астана Моторс» еншілес компаниясы) ретінде ресми түрде ұсыну құқығын алды.

2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстандағы ресми дистрибьютор Jaguar Land Rover модельдер қатарындағы автокөліктерді жеткізе бастайды, 2023 жылы барлығы 300 бірлік көзделіп отыр.

Осылайша, жартылай өткізгіштер тапшылығы мен логистикалық қиыншылықтарға қарамастан, отандық Hyundai Trans Kazakhstan зауытының өндіріс көлемінде және «Астана Моторс» компаниясының портфелінде ұсынылған автокөліктердің сатылым көлемінде оң қарқын байқалып отыр.