«АСТАНА МОТОРС» ЕЛОРДАҒА 1700 АҒАШТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ

"Астана Моторс" компаниясы Нұр-Сұлтанда маусымдық ағаш отырғызу іс-шарасын өткізді. Көктемгі гүлдену уақыты мен жазда: үйеңкі, қарағай, сібір (жабайы) алма ағаштары және мамыргүл елорданың көркін кіргізеді. Биыл жас көшеттер елордада алғаш рет қыстап шығады.

Ағаштар елордаға Ақмола облысынан жеткізіліп, №2 Қалалық көпбейінді аурухана, №74 Мектеп-гимназия, №79 Мектеп-лицей және №95 "Алматы" бала-бақшасы аумақтарында отырғызылды.

"Біздің мекемеміз балаларды экологиялық тәрбиелеу бағытында белсенді жұмыс атқаруда, сондықтан бұл ағаш отырғызу іс-шарасы балалар мен ата-аналар үшін жақсы үлгі болады. Жаңа көшеттер жерсініп, бала-бақшамызды көркейтсін. "Астана Моторсқа" рахмет!", - деді Нұр-Cұлтан қаласының №95 "Алматы" бала-бақшасы МКҚК басшысы Анар Смақова.

28 жылдық тарихында "Астана Моторспен" бірге Қазақстандықтардың жаңа буыны және мыңдаған ағаштар өсіп-өнді, олардың ішінде компания қызметкерлерінің отырғызған ағаштары да бар. Бұл жолы "Астана Моторс" командасы барлығына ортақ бір тілек – отандастарымызға денсаулық тіледі.

"Біз компаниямыздың, еліміздің, әлемнің тарихы жалғассын деп тілейміз және жаңа ұрпаққа ең басты құндылық – туған жерге деген сүйіспеншілікті тапсырамыз. Елорданың әлеуметтік маңызы бар нысандарына ағаш отырғызу – "Астана Моторс" үшін игі дәстүрге айналды. Біз көгалдандыруды қолдаймыз, біз экологияны қолдаймыз", – деп атап өтті "Астана Моторс" компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Жаңа отырғызылған жасыл желектерге одан әрі күтім жасауды "АГРОСЕРВИС НС" қамтамасыз етеді. Көгалдандыру компаниясы өкілдерінің айтуынша, көшеттердің өмір сүру деңгейі жоғары, ағаштар Нұр-Сұлтан қаласының ауа-райын ескере отырып таңдалған.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Моторс» Astana Group холдингінің еншілес компаниясы. Тұрақты түрде әлеуметтік қолдау көрсетеді, төтенше жағдайларда қазақстандықтарға қаржылық, гуманитарлық көмек жібереді, стационарлар үшін медициналық жабдықтар сатып алады және балалар мекемелеріне қолдау көрсетеді. «Астана Моторс» әлеуметтік жобалары туралы толығырақ ақпарат сілтеме бойынша http://www.astana-motors.kz/about/socialnye_proekty