HYUNDAI AUTO KAZAKHSTAN МАРАПАТТАРЫ
Hyundai компаниясының қазақстандық өкілдері бірден үш марапатқа ие болды.
Подгорица (Черногория) қаласында өткен "ТМД және Шығыс Еуропадағы Hyundai дистрибьюторлары арасындағы халықаралық конвенциясы" аясында "Hyundai Auto Kazakhstan" компаниясы "Үздік дистрибьютор" атағына ие болды. Сонымен қатар "Үздік сервис менеджменті" үшін екінші марапатқа ие болды. Оған қоса, "Үздік дилер" номинациясындағы марапат "Hyundai Premium Astana" дилерлік орталығына ұсынылды.
Конференция барысында Hyundai Motor Company Қазақстандағы жаңа автомобильдерді сатылуының оң динамикасын, ТМД және Шығыс Еуропа арасында жалғыз Hyundai City Store шоу-румының осында орналасқандығын, сондай-ақ "Hyundai Finance" жаңа қаржы бағдарламасының іске қосылуын бірнеше рет атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы жаңа автомобильдерді сату қорытындысы бойынша Hyundai маркасы автомобиль брендтерінің арасында 3-ші орынды иеленді.