Hyundai Qalqaman_desktop Hyundai Qalqaman_tablet Hyundai Qalqaman_mobile

Hyundai Qalqaman

Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 521/2 Жұмыс кестесі: 8:00 - 20:00 Hyundai-batys@hyundai.kz

Анықтама үшін телефон:

+77273307525,

+77013029258

hyundai-qalqaman.kz
Hyundai Qalqaman – «Astana Motors»компаниясының жаңа дилерлік орталығы. Ол 2020 жылдың ақпан айында көпшілікке есігін айқара ашып, сол жылы сәтті бастамасы үшін екі рет «Айдың үздік дилерлік орталығы» атағына ие болды. Hyundai Qalqaman автоорталығы - Hyundai брендінің жаңа GDSI (Global Dealership Space Identity) стандарты бойынша Шығыс Еуропа мен ТМД аумағында салынған алғашқы дилерлік орталықтардың бірі. Hyundai Qalqaman сонымен қатар «3S» принципі бойынша жұмыс істейді:
Sales
(automobile sales)
Spare parts
(sales of original spare parts)
Service
(service maintenance)
Ауданы 1600 ш.м. дилерлік орталық Алматы қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және Hyundai брендінің инновациялық сапа стандартына толықтай сай келеді.
Автоорталықтың басты ерекшеліктерінің қатарында көлемі 330 ш.м. алып жатқан шоурумды атап өтуге болады. Орталық Hyundai автокөліктерінің барлық ассортиментін, сонымен қатар түпнұсқа қосалқы бөлшектерді, аксессуарлар және қаржылық қызметтердің алуан түрін ұсынады.
Ең кішкентай қонақтар үшін орталық аумағында қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сай жабдықталған жаңа ойын алаңы бар.
Ауданы 490 шаршы метр қызмет көрсету аймағы заманауи жабдықтармен жабдықталған, ал жоғары білікті мамандар автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынады. Бұл шарттардың барлығы Астана Моторстың - клиенттерге бағдарлану және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саясатына толық жауап береді.
Сервистік қызмет көрсету
Сервистік қызмет көрсету
Ауданы 490 шаршы метрден асатын сервистік станция заманауи қондырғылармен жабдықталған және айына 1000 автокөлікке қызмет көрсете алады. Станция автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, диагностикалау және жөндеу жұмыстарының толық спектрін ұсынады. Hyundai Qalqaman сервисі-бұл арнайы техникалық жабдықтар, жоғары сапалы материалдар, зауыттан кепілдендірілген түпнұсқа қосалқы бөлшектер, өндіруші компанияның халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін мамандар және қызметтердің толықтай ашықтығы. Орталық норма-сағаттардың белгіленген құнынан бастап ТҚК өткізу кезінде клиенттің қатысуға мүмкіндігі автокөлікті сервиске тапсырғаннан кейін еш уайымдаймай, сенімді болуға кепілдік береді. Қызмет көрсету орталығының басты құндылығы - жоғары білікті, HSTEP & HTRP (Hyundai Service Technician Education Program & Hyundai Technician Recognition Program) бағдарламасы арқылы оқыған және аттестатталған мамандар. Олардың қатарында біздің мақтанышымыз - Қазақстандағы халықаралық үлгідегі расталған сертификаты бар сервистік қызмет көрсету бөлімінің сертификатталған жалғыз басшысы бар.
Қызметтер

Hyundai брендінің Алматыдағы ресми дилері – Hyundai Qalqaman дилерлік орталығы келесі қызметтерді ұсынады:

  • Жаңа Hyundai автокөліктерін сату.
  • Автокөліктерді сату, сатып алу, Trade in және комиссиялық сату.
  • Жүрілген Hyundai автокөліктерін, сондай-ақ басқа брендтерді сату.
  • Жүрілген автокөліктерді бағалау және оларды шарттық шарттарда сату.
  • Trade in  – бұл ескі автокөлікті қабылдау арқылы едәуір төмен бағамен жаңасын сатып алу қызметі.
  • Жүрілген автокөліктерді комиссиялық сату - бұл біздің дилерлік орталық арқылы өзіңіздің ескі  автокөлігіңізді тиімді және қауіпсіз сатуға, сонымен қатар көлікті сатар алдында үнемі дайындауға және сатып алушыны іздеуге кететін уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін қызмет.
  • Коммерциялық техникаларды сату.
  • Корпоративтік клиенттерге (заңды тұлғаларға) автокөліктерді сату бойынша операцияларды сүйемелдеу.
  • Автонесиелер, лизинг, сақтандыру, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметтері.

Қызмет көрсету:

  •  «5ТҚ сыйлыққа» сертификаттарымен тегін техникалық қызмет көрсету;
  • Түпнұсқа қосалқы бөлшектерді, аксессуарлар және техникалық сұйықтықтарды сату;
  • Hyundai автокөліктеріне сатудан кейінгі және кепілдік  бойынша қызмет көрсету;
  • Компьютерлік диагностика;
  • Жоспарлы техникалық қызмет көрсету;
  • Бензин және дизельді қозғалтқыштарды диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  • Трансмиссияларды, жүріс бөліктерін, автоматты және механикалық беріліс қораптарын диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  • Электр және жарықтандыру жабдықтарын диагностикалау, жөндеу, ауыстыру;
  • Кондиционер жүйесін диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және толтыру;
  • Жанармай жүйесін тазалау және жуып-шаю;
  • Шанақты жөндеу жұмыстары;
  • 3D дөңгелек геометриясы;
  • Дөңгелектерді орнату және теңдестіру (сонымен бірге маусымдық дөңгелектерді сақтауды);
  • Түпнұсқа қосымша жабдықтар мен аксессуарларды орнату;
  • Дыбысты оқшаулау;
  • Шанақты жылтырату;
  • Химиялық тазалау;
  • Арнайы стендте фараларды реттеу;
  • Контактісіз көлік жуу;
  • Корпоративтік клиенттер үшін арнайы шарттар және т.б.