Hyundai автокөлік нарығында көшбасшылықты сақтап келеді

«Қазақстанның автокөлік одағының» деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың сатылым қорытындысына сай клиенттер еліміз бойынша 44 218 Hyundai автокөлігін (21,6% үлес) сатып алған. Бұл – республикадағы ең көп сатылатын 10 брендтің ішінде бірінші орын. Сондай-ақ бренд әр тоқсанның және жартыжылдықтың қорытындысы бойынша осы көшбасшылық позициясын екінші жыл қатарынан сақтап келеді.

2024 жылдың желтоқсанында бір айда 6300 автокөлік сатқан Hyundai Қазақстандағы автокөліктерді сатудың ресми статистикасын жүргізу тарихында нарықтағы рекордты орнатты. Осылайша бренд бәсекелестерден айтарлықтай алшақтап, жылды табысты аяқтады.

Hyundai сатылымының бестселлері болып Tucson кроссовері атанып, өткен жылы қазақстандық дилерлер аталған модельден 22 389 автокөлік сатқан. Hyundai модельдер қатарындағы ең көп сұранысқа ие бестікке Elantra, Santa Fe, Sonata және Palisade кірді.

Қазақстан бойынша ресми дилерлерде Hyundai Trans Kazakhstan Алматы зауытында шығарылатын Hyundai Tucson, Elantra, Santa Fe, Sonata, Palisade, Mufasa, Staria және Custin модельдері ұсынылған. Аталған брендке деген жоғары сұранысты ескере отырып, біздің клиенттер 2023 жылғыдай Қазақстанда жасалған автокөлік пайдасына таңдау жасап, ресми өкілдерінен сатып алуды жөн көреді. Қазақстандықтар арасында танымал қаржы бағдарламаларының қатарында Hyundai Finance та бар. Ол арқылы бастапқы жарнасы – 0%-дан басталатын, ал сыйақы мөлшерлемесі 0,1 %-дан, мерзімі серіктес банктің шарты мен автокөлік моделіне байланысты 7 жылға дейін несие алуға мүмкіндік бар.

«Біздің жұмыс істеп жатқан ең басты міндетіміз – қазақстандықтардың мүмкіндіктерін кеңейту және жақсарту. Бүгінгі таңда сатып алушы үшін ең маңызды нәрсе - сенімділік, транзакцияның қауіпсіздігі, кепілдік және халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет көрсету. Біз жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз, сатып алу кезінде және одан кейін де клиентті сүйемелдейміз әрі қолдау көрсетеміз. Әлбетте, Hyundai-дің жетістігі  -  бұл  отандастарымыздың Hyundai Trans Kazakhstan отандық өндірушісіне танытқан ілтипаты», - дейді Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьюция директоры Марат Смағұлов. Естеріңізге сала кетейік, Hyundai ресми дистрибьюторы мен автокөлік шығаратын зауыты  «Астана Моторс» құрамына кіреді.

2024 жылы дистрибьютор нарыққа жаңа Hyundai Mufasa, Custin және рестайлингтен өткен Tucson мен Santa Fe автокөліктерін ұсынды. Бұған қоса, жаңа Tucson, Mufasa, Custin  және 2025 жылғы Elantra модельдерінде мультимедиялық жүйенің интерфейсі қазақ тілінде қолжетімді.

«Біз сатып алушының қалауын талдаймыз және клиенттердің қызығушылығына қарай нарықтық ұсыныстарды қалыптастырамыз. Сатып алушылар бізге сервис және жаңа модельдер үшін қайта оралып жатады. Бізде брендке адалдық танытқандардың пулы қалыптасып үлгерді. Бұл - біз үшін зор құрмет. 2025 жылы біз дилерлік желілерді кеңейтуді және сатып алу бойынша қаржыландырудың жаңа ыңғайлы шарттарын әзірлеуді жалғастырамыз. Сонымен бірге Қазақстанда көптеген клиенттеріміз күтіп отырған жаңа Hyundai Palisade автокөлігін таныстырамыз», – деп атап өтті дистрибьюция директоры.

2024 жылдың шілдесінде қазақстандық нарықта мобильді сатып алушылар үшін ерекше ұсыныс пайда болды. Mycar.kz жаңа автокөліктер маркетплейсінде Hyundai автокөлігінің барлық үлгілерін таңдауға, тапсырыс беруге, төлеуге және онлайн өңдеуге болады.

Автокөлікті несиеге сатып алғысы келетіндер үшін сегіз банктен бір онлайн өтінім бойынша ұсыныстар бар. Клиент қажетті Hyundai моделін таңдайды, қысқа сауалнаманы толтырады және банктерден автокөлікті несиелеу шарты көрсетілген соңғы шешімді алады. Автокөлікті сатып алу уақыты онлайн автонесиені рәсімдеуін қоса алғанда 25 минуттан аспайды.

Сонымен қатар, Mycar.kz сарапшыларының пікірінше Hyundai аталған маркетплейсте де  көшбасшы болды. Сатылымның 40% осы брендке тиесілі. Жалпы, қосымша іске қосылғалы бері 2024 жылдың шілде және желтоқсан айлары аралығында қазақстандықтар 1230-дан астам автокөлікті онлайн сатып алған.

«Астана Моторс» компаниясы жаңа және қазір жүзеге асырып жатқан жобаларына инвестиция салып, үнемі дамып келеді. Қазіргі уақытта «Астана Моторс» өзінің еншілес кәсіпорнына қосымша инвестиция жасап, дәнекерлеу, бояу және құрастыру цехтарында роботтарды орнату арқылы өндірістік қуатын арттыру бойынша ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырып жатыр.

Зауытта жаңа қондырғыларды орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізіп,  монтаждау басталып кетті. Модернизация 2025 жылдың наурыз айына дейін аяқталады. Сол кезде компания Hyundai Santa Fe үшін шағын торапты өндірістік желіні іске қосады. Осылайша, Hyundai Trans Kazakhstan тағы бір модель бойынша дәнекерлеу мен бояуды процесін игеріп, технологиялық операциялардың жаңа деңгейіне көшеді, ал шағын тораптық өндірістің қуаты екі есеге артады.

2024 жылы Hyundai Motor Company (Корея Республикасы) компаниясының президенті әрі жаһандық бас директоры Джаэхун Чанг мырза бастаған делегация Қазақстанға келді. Бренд иесі «Астана Моторс» компаниясының Алматыда Hyundai автокөліктерін локализациясын ұлғайтуға қатысты ниетін қолдады.

Естеріңізге сала кетейік, Hyundai Trans Kazakhstan 2020 жылдан бері Алматының Индустриалды аймағында жеңіл автокөліктер шығарумен айналысады.


 «Астана Моторс» басшысы Нұрлан Смағұлов және Hyundai Motor Company президенті Джэхун Чанг.
Фото «Астана Моторс»

«Астана Моторс» автокөлік өнеркәсібін дамытумен қатар, автобөлшектерін шығаруға да ден қойған. Өткен жылы компания оңтүстіккореялық Motrex және Youngsan жетекші компанияларымен бірлесіп, мультимедиялық жүйелер мен автокөліктерге арналған орындықтарды локализациялауды қолға алды. 2025 жылдың ақпан айында орындық шығаратын зауытты ресми түрде ашуды жоспарлап отыр. Жұмсақ көбікпен толтырылған автокөлік орындықтарының пилоттық партиясы қазірдің өзінде сынақтан өтті. Автокөлік бөлшектерін шығаратын екі зауыттың қуаттылығы жылына 100 мың жиынтықты құрайды.

Қазақстандағы Hyundai бренді туралы толығырақ ақпаратты дистрибьютордың ресми сайтынан немесе «Астана Моторс» 7007 байланыс орталығынан алуға болады.

Дереккөз: forbes.kz