ASTANA GROUP МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КӨМЕК ҚОРЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Сәуір айының басынан бері компания №1 Қалалық клиникалық ауруханасы (Қалқаман) мен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қызметкерлеріне күнделікті түскі ас жеткізіп отырды. Барлығы 1300 адам тамақпен қамтамасыз етілді.

Ыстық ас пен жеңіл тағамдар Almaty қонақүйінің "Иссык" мейрамханасында барлық санитарлық нормаларға сәйкес дайындалады. Қызметкерлер бетперде мен қолғап киіп жұмыс істейді, азық-түлік өнімдері мұқият қапталған, асхананың іші үнемі дезинфекциялық ерітіндімен сүртіліп, желдетіледі және кварцтандырылады.

Түсті асты орауға қонақүй қызметкерлерінен басқа, Astana Group, Mega Management, Астана Моторс компанияларының қызметкерлері арасынан еріктілер көмектеседі. Сонымен қатар Greeneco компаниясының қызметкерлері де бар. 

Еріктілер Almaty қонақүйіне күнде ерте келіп, аспаздарға жәрдем береді. Айта кету керек олар да  бетперде, бас киім, қолғап сынды  қорғаныс құралдарында жұмыс істейді.

Бұл бастаманы біздің басқа әріптестеріміз де қолдады: азық түлікті сатып алуға кететін ақшаның бір бөлігін олар жеке қаражаттарынан береді. Өйткені, бұл жобаның басты мақсаты – дәрігерлерді тамақтандыру ғана емес, сонымен қатар алдыңғы шепте еңбек етіп, қала тұрғындарының денсаулығы үшін күресіп жатқан адамдарға қолдау көрсету.


Әріптестерімізге бұл бастамаға немқұрайлы қарамай, қолдау білдіргені үшін алғыс айтамыз!