LEXUS ASTANA ҚЫЗМЕТКЕРІ ЭЛЬБРУС ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРДЫ

«Эльбрус тауы – ауа райы ең құбылмалы шыңдардың бірі, көптеген альпинистер оның шыңына дейін жете алмай жатады…». LEXUS ASTANA қызметкері АЛЕКСАНДР МУСИЕНКО Кеңестер шыңын қарқындылықпен бағындырып бір жылдан соң тағы бір тау шыңына көтерілді.

Александрдың әлемдегі ең тарихи шыңдардың біріне көтерілуіне «Astana Motors» ЖШС және Lexus Astana дилерлік орталығы демеушілік көрсетті. Компания өз қызметкерлерін мақтан тұтып, шыңдарды бағындыруға деген ұмтылысына мейлінше қолдау көрсетеді.

2024 жылғы 13 маусымда Lexus Astana қызметкері Александр Мусиенко бес адамнан тұратын топпен ұзақ та тосынсыйларға толы жолға – Еуропа мен Ресейдің ең биік тауы Эльбрусқа аттанды. Алғашқы таныстық та, жақындасу да Астана қаласының әуежайында басталды. Альпинистердің айтуынша тауда екі  адам шыңға шықпаса, бүкіл команда да шыға алмайды. Сондықтан алға қойған ортақ мақсатқа жету үшін өзіңмен кім бара жатқанын білу өте маңызды. Саяхатшылар отбасы Владимир мен Валентина, Александрдың болашақ бөлмелес көршісі Руслан және соло альпинист Гүлнар Минеральные воды қаласының әуежайына ұшып барады. Александрдың шыңға көтерілуіне Гүлнардың ықпалы зор болды. Осының бәрін ретімен айтып берейік.

Альпинистер Минеральные воды қаласына келе салысымен алғашқы климатқа бейімделуі қажет болды. Көп дегенде +15 дейін көтерілетін Астананың салқын ауа райынан кейінгі мұндағы температура 35 градус аптап ыстықты көрсетті. Жақында олардың температурасы 10 градустан төмен және айналасын қар басқан жерге баратынына сену қиын еді.

Қонақүй теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орналасқан. Келесі күні таңертең альпинистерді «Девичьи косы» (биіктігі 2800м) сарқырамасына және «Терскол» (биіктігі 3100м) обсерваториясына климатқа бейімдейтін көтерілу күтіп тұрды.

slider_291
slider_290
slider_289
 

Александр экспедицияның ерекшеліктері туралы айтып берді.

Мұндағы басты мәселе – тау ауруынан аман қалу. Мұндай сапарларға киімді дұрыс таңдау өте маңызды, өйткені бұл жердегі ауа райын болжау мүмкін емес. Жел өткізбейтін шалбар, флис кофта, мембраналық куртка, бас киім, бафф (мойынорағыш) немесе кепке, табаны биік су өткізбейтін кроссовка, міндетті түрде жоғары SPF бар крем, қажалуға қарсы пластырь, сөйтіп сіз жолға шығуға дайынсыз.  Рациондағы тағамдар: тойымды грек жаңғақтары, кептірілген өрік, шоколад, су, тіпті кола. Шындығында, биік таудағы денеге, бұлшықетке түсетін тұрақты жүктеме көмірсулар қорын тез тауысады. Оларды тура жол бойында қантпен немесе глюкозамен толтырып отыру керек. Бәрінен дұрысы - күні бойына қантты кішкене порциямен жеп жүру. Әр жеген сайын көмірсулар шаршау сезімін бір жарым сағатқа дейін артқа шегіндіреді.

Алғашқы күрделі сынақтар екінші күні басталып кетті.  Биіктігі 2800  метр Терскол сарқырамасына дейін жол топтың ойлағанынан қиын болып шықты. Қатты жаңбыр мен қолайсыз ауа райының салдарынан олар белгіленген кесте бойынша шыға алмады. Таза, дымқыл ауасы бар ылғал ауа райы, жаңбырдағы ашық жасыл гүлді оазисі Александрдың көңілінен шықты, бірақ топтың басқа мүшелерінің мазасы болмады. Түскі асқа қарай кезекті шыңды бағындырдық. Климатқа бейімделу сәтті өтті, бірақ лагерьге бара жатқанда Александрдың тізесі ауыра бастады.

slider_293
slider_292
 

«Басында сәл ғана ауырсынуды сездім, бірақ қатты ауырды деп айта алмаймын, жайсыздықты сезінгендей болдым, бірақ, біраздан кейін осы аяғымды ақырын басып, трекинг таяқтарына сүйенуге тырыстым және топты жерге қаратпау үшін үндемей жүре бердім», – дейді Александр. Дәл сол сәтте көмекке Гүлнар келіп, ауырған тізесіні икемді таңғышымен байлап беруді ұсынды. Осылайша, альпиниске көмек көрсетіп, оны сәтсіздіктен қорғап қалды.

Үшінші күні команда армандаған шыңына жақындай түсті, ал мұнда тұру жағдайы нағыз жорық жағдайына айналады. 3800 биіктікте лагерьге қоныстану басталды. Гид командаға аяқкиім бүрлерін (тайғанауға қарсы металл құралы) қолдану ережелерін айтып берді. Аяқкиім бүрлерінің әрқайсысының ұзындығы 5 см, табанда барлығы сегіз бүр болады. Лагерь мен оған дейінгі аралық станция таңғажайып вайбқа толы, әлемнің әр түпкірінен келген альпинистер бір-бірімен суретке түсіп жатыр, Эльбрус бөктерінде сырғанауға келген сноубордшылардың түрлі-түсті тақтайлары көздің жауын алады, айнала музыка мен жалынды кавказ билері. Бұл күні межелі мақсат 4050 м биіктікте орналасқан «Приют одиннадцати» қонақ үйі болды.  Оған бара жатқан жолда альпинистер аптап ыстыққа тап болып, шыққан термен арпалысты,  мұнда тіпті арнайы крем де, бүрлермен бірге салмағы 7 килограмм болатын биік тауға арналған аяқкиім де көмектеспеді. Александр алғаш рет осы жерде ұлы Кавказ тауларының фонында LEXUS ASTANA туын мақтана желбіретеді.

Альпинистер базалық лагерьге оралды, алдағы демалыс күні жергілікті гидтармен танысу, жақтаумен, арқандармен, ілгектермен және мұз шапқыштармен және басқа жабдықтармен жұмыс істеуді үйрену күтіп тұрды. Ауа райы күннен күнге нашарлап, аспанды қою ауыр бұлт басты, күн салқындап, сыртта боран мен үскірік аязды жел соқты. Жергілікті гид топты сабырға шақырып, шыңға шығатын күні ауа райының жақсы болатынын айтты. «Мен тіпті ұйықтайтын күрте де алып алғанмын. Ұйықтауға жатамыз, ал санамды «Жете алмай қалсам ше...» деген ой торлайды. Біз биік таудың басындамыз, топпен контейнерде жатырмыз, түн, сыртта теңіз дауылындай ұйытқыған жел», – деп есіне алды Александр. 

Х күні де келіп жетті.

20 маусым күні сағат дәл 00.00-де оятқыштың даусы тыныштықты бұзды. Бірінші шырылдан-ақ топ атып тұрды. Ауада толқу сезіліп тұрды. Бұл күні барлық нәрсенің маңызды мәні бар. Топ жақсылап таңғы ас ішіп, қантпен шай ішеді, термосқа су құйып алады, жабдықтарын тексеру жүріп жатады. Лагерьде қарбалас басталады. Альпинистер шыңды бағындыруға 15 минутқа кешігіп шығады. Бұл уақыт шыңды бағындырушыларға кері әсерін тигізер ме екен? Жоғарыға қарай жүріп кетті. Топтың алдында гид келе жатыр, оның артынан батыр қыздар, ерлер мен артта жүретін гид келе жатыр. Осының барлығы тез жүретіндер артта қалғандарды асықтырмауы үшін жасалады. Басында қашықтық оңай еңсеріледі. Александрдың тобы таңды 4.15-те 5100 метр биіктікте қарсы алады. Тоқтала кетсек, Эльбрус – бұл көптен ұйықтап жатқан вулкан, қатар тұрған егіз бауыры бар шың. Сыртынан қарағанда бұл екі біп-бірдей шың, шығыс тұсындағы шыңның биіктігі 5 621 метр және батыс тұсындағы Эльбрустың биіктігі 5 642 метр.  

5 100 метр биіктікте кейбір команда мүшелері қатты әлсірей бастады.

«Биіктікте мен тек оттегінің жетіспеуін ғана емес, сондай-ақ басымның ауырып, солқылдағанын сезіндім. Бір саптыаяқ шайдан соң жүрегім айни бастады, сосын мен өзімнің халімді гидке айтсам, ол мені «тау ауруына шалдыққаныммен» құттықтап жатыр», – дейді Александр Мусиенко.

15 минут демалыстан соң альпинистер жаймен алға жылжи бастады. Шыңға жақындаған сайын бөктер тік жарға айнала бастайды. Жолдың соңғы бөлігінде мүлдем отыруға тыйым салынады. Қия бөктердің тік болғаны соншалық, отыруға талпынсаңыз құзға ұшып кетесіз. Бұл жер «Қия сөре» («Косая полка») деп аталады және бұл атау тек емес.

«Күннің қызуы артып келеді, «тау ауруы» күшейе түсті, ыстықтап келемін. Жолдың осы бөлігі мен үшін тауға шығудың ең қиыны болды, оған көп күш жұмсап барып, оны да бағындырдым», – деп Александр басынан кешкен сезімдерін еске алды.

Арман жақындап қалды, бірақ оған дейін 500 метрдей бар және осы жолға кететін уақыт тым ұзақ. «Зомби сүрлеуін» еңсерген, әбден шаршаған, бірақ бақытты шыңды бағындырушылар аңсаған мақсаттарына  жетті.  

«Мен өз қадамдарымды санай бастадым. Бір, екі, үш, бес, жеті, он екі, бір кезде гид мені құттықтап жатыр – мақсатқа қол жеткіздім. Мен қарапайым адаммын, алдына мақсат қоятын, оны арманға айналдыратын, ештеңеге қарамастан арманына қарсы жүретін арманшыл жанмын», – деп қорытты Александр.

Шексіз көк аспан астындағы шыңда Александр Мусиенко сүйікті жұмыс орнының туын желбіретті.

slider_298
slider_295
slider_296
slider_297
 

«Жұмысымның арқасында менің болашағы зор мүмкіндіктерім бар, өз жоспарларымды жүзеге асыра аламын. Мен өз жұмысымды және айналысатын ісімді жақсы көремін», – деп Александр өзінің Эльбрус шыңына ұмытылмас сапарына демеушілік қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты.

P.s Кез келген шыңды бағындыру және биіктігіне қарамастан кез келген тауға көтерілу – бұл ағза үшін күшті сынақ. Ең қиыны артта қалды деп ойламаңыз, өйткені көбінесе оқыс оқиғалар таудан түскен кезде орын алады екен. Таудан түсу де көтерілу сияқты қиын болуы мүмкін. Сіз өте мұқият және босаңсымай жинақы болуыңы