kz ru en
Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.

Мюнхеннен Sokol-ға: Қазақстанда BMW M көліктерін қалай сынады
4–5 қыркүйекте Sokol автодромында BMW M Festival Kazakhstan 2026 фестивалі өтті. Қонақтар кәсіби нұсқаушылардың жетекшілігімен спорттық көліктерді сынап көрді, ал бағдарламаға қатысқан 15 автомобильдің бір бөлігін BMW AG осы шара үшін Мюнхеннен арнайы жеткізді.
BYD әлемдік автоөнеркәсіптегі технологиялық трендтерді қалай қалыптастыруда
NEV саласындағы әлемдік көшбасшы қазақстандық БАҚ өкілдеріне өзінің инженерлік мүмкіндіктерін көрсетті
Айғақұмға жанармай толтырмай жеткен Chery: Қазақстанда шығарылған гибридтердің тест-драйвы
Қазақстанда өндірілген жаңа Chery TIGGO 7 PHEV және TIGGO 8 PHEV кроссоверлерін блогерлер, БАҚ өкілдері және брендтің клиенттері сынақтан өткізді.

BYD ЖӘНЕ ASTANA MOTORS ҚАЗАҚСТАНДА АСА ЖЫЛДАМ ҚУАТТАУ СТАНЦИЯЛАР ЖЕЛІСІН САЛАДЫ
Astana Motors пен BYD Қазақстанда Flash Charge аса жылдам қуаттау станциялар желісін дамыту туралы келісімге келді. Меморандумға Astana Motors бас директоры Бекнұр Несіпбаев пен BYD компаниясының Орталық Азия бойынша бас директоры Айван Цаоның қол қойды.
ҚЫТАЙДА ASTANA MOTORS ЗАУЫТЫНДА OMODA&JAECOO АВТОКӨЛІКТЕРІН ӨНДІРУ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Шанхай қаласында OMODA JAECOO автокөліктерін Қазақстанда жергіліктендіру бойынша жаңа кезеңге жол ашатын техника-лицензиялық келісімге қол жеткізілді. Құжатқа Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов пен Chery Holding Group вице-президенті Лю Ян (Liu Yang) қол қойды.
Changan қытай брендтер арасында көш бастап, Қазақстан нарығының ТОП-3 қатарына енді
Changan 2026 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы қытай автокөлік брендтері арасында бірінші орынға шығып, автонарықтың ТОП-3 көшбасшылары қатарына енді. Бұл туралы «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәлімдеді.