kz ru en

DENZA B8: Қазақстанда флагмандық гибридті жол талғамайтын көлік таныстырылды


DENZA B8: Қазақстанда флагмандық гибридті жол талғамайтын көлік таныстырылды

Denza-ның Қазақстандағы Astana Motors құрамына кіретін ресми дистрибьюторы жаңа премиалды DENZA автомобиль брендінің сатылымы басталғанын жариялады.

Брендтің Қазақстандағы алғашқы моделі флагмандық гибридті DENZA B8 жол талғамайтын көлігі болды. Модель жоғары жайлылық деңгейімен, заманауи технологиялық жабдықталуымен және жол талғамайтын қасиеттердің кең мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. 


DENZA B8. ФОТО: Astana Motors

Таңғалдырарлық қуат

DENZA B8 — 2,0 литрлік турбокомпрессорлы бензин қозғалтқышы мен екі электромоторды біріктіретін фирмалық DMO (Dual Mode Off-road) гибридті платформасында жасалған. Толық жетек жүйесі 100 км/сағ жылдамдыққа 4,8 секундта жетуді қамтамасыз етеді, ал электр күшімен жүріс қоры 115 км-ге дейін, аралас жүріс қоры NEDC циклі бойынша 1040 км-ге дейін жетеді. Сыйымдылығы 36,8 кВт·сағ аккумулятор тұрақты токпен жылдам қуаттауды қолдайды — қуатты толық толтыру шамамен 16 минутты алады.

Модель күнделікті пайдалануға, алыс сапарлар мен саяхаттарға арналған сыйымды автокөлікті қажет ететін сатып алушыларға бағытталған. Шанақтың рамалық конструкциясы, толық жетек және гибридті күштік қондырғы қала жолдарында да, күрделі жолсыз жерлерде де сенімді қозғалуға мүмкіндік береді.

Бүкіл отбасы үшін жайлылық

DENZA B8 алты немесе жеті орындық екі түрлі салон компоновкасын, заманауи цифрлық сервистерді, автокөлікті басқарудың интеллектуалды жүйелерінің кең жиынтығын және жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігі мен жоғары жайлылығын қамтамасыз ететін электрондық көмекшілерді ұсынады.

Автокөлік жол жағдайына байланысты аспа биіктігін және демпферлеу сипаттамаларын реттейтін DiSus-P интеллектуалды гидравликалық шанақты басқару жүйесімен жабдықталған. Алдыңғы және артқы аспалар асфальтта да, бұдырлы жерлерде де тұрақтылық пен жайлылықты қамтамасыз етеді. Жабдықты шектелген кеңістікте маневр жасау мүмкіндігін арттыру үшін алдыңғы және артқы электр қозғалтқыштарының жұмысын үйлестіретін Intelligent U-Turn функциясы толықтырады.

DENZA B8 шанақтың бес түсінде — Tundra Green, Moonlight Silver, Golden Dawn, Shadow Black және Snow White, сондай-ақ салон қаптауының екі нұсқасында — Deep Black және Wheat Yellow қолжетімді.

DENZA B8 жергілікті нарыққа бейімделген: оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі мультимедиа жүйесі мен дауыспен басқару, Denza фирмалық мобильді қосымшасын қолдау және өндірушінің ресми кепілдігі бар.

DENZA — заманауи технологияларды, инновациялық инженерлік шешімдерді және мәнерлі дизайнды біріктіретін BYD тобының автомобиль бренді. Қытайдың ішкі нарығында бұл модель Fang Cheng Bao Leopard 8 атауымен танымал. DENZA бренді 2010 жылы BYD және Daimler серіктестігі нәтижесінде құрылды, ал алғашқы автокөлігі 2014 жылы таныстырылды. DENZA автомобильдерін әзірлеудің негізінде «Технологиялар талғампаздықты қалыптастырады» принципі жатыр.

Клиенттер тест-драйвтан өтіп, кеңес алып, DENZA B8 автомобилін екі ресми дилерлік орталықтан сатып ала алады: DENZA MyCar Astana (Астана қ.), DENZA Kuldzhinka (Алматы қ.).

DENZA B8 құны - Flagship 7 Seat жинақтамасында 34 990 000 теңге, Flagship 6 Seat жинақтамасында 35 990 000 теңге.

Толығырақ – DENZA-ның Қазақстандағы ресми сайтында және 7007 бірыңғай колл-орталық нөмірі арқылы білуге болады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстан гибридтерге көшіп жатыр. Неге BYD-ді таңдайды?
Қазақстанда сырттан қуатталатын гибридтердің танымалдығы артып келеді: ҚАО мәліметінше, 2026 жылдың сегіз айында NEV (жаңа энергия көздерімен жүретін автомобильдер) сатылымының 72 пайыздан астамы PHEV (Plug-in Hybrid Electric Vehicle) және EREV (Extended Range Electric Vehicle) үлесіне тиді.
Қазақстан көлікті электрлендіруге көшуге дайын ба
Тұтынушы мен брендтер нарықты NEV бағытына қарай өзгертіп жатыр.
Тарихи рекордтар: Chery және Astana Motors Жапониядағы паралимпиадашыларға қолдау көрсетті
2026 жылғы 18–24 қазан аралығында өткен Айти–Нагоя ойындарында Қазақстан құрамасы 50 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 12 алтын, 16 күміс және 22 қола медальға ие болды. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған ойындарға қатысу тарихындағы алтын медальдар мен жалпы жүлделер саны бойынша рекордтық көрсеткіш.