Қазақстанда жаңа BMW X5 және BMW 7 сериясының сатылымы басталады
11/11/2026
11/11/2026
Astana Motors құрамындағы BMW Kazakhstan брендтің екі жаңа моделіне алдын ала тапсырыс қабылдауды бастайды. 14 қарашадан бастап жаңа BMW X5 және BMW 7 сериясының флагман седаны Алматы мен Астанадағы ресми дилерлік орталықтарда таныстырылады. Ал желтоқсан айында модельдер Қазақстандағы барлық ресми BMW дилерлік орталықтарында қолжетімді болады. BMW X5 бағасы 63 637 511 теңгеден, ал BMW 7 сериясы 81 711 570 теңгеден басталады.
«Аталған модельдер BMW брендінің заманауи сән-салтанатының әртүрлі қырын көрсетеді. X5 кроссовері толық өлшемді Sports Activity Vehicle көлігінің кең салоны және брендке тән басқару дәлдігімен ерекшеленеді. Ал 7 серияның флагман седаны марканың мәртебелі сипатын айқындап, сапар кезіндегі жайлылықтың жоғары стандартын белгілейді. Екі модель де жаңа буындағы цифрлық технологиялар, дербестендірудің кең мүмкіндіктері, жүргізуші мен жолаушыларға арналған жайлылықпен ерекшеленеді», – деді Қазақстандағы BMW дистрибуциясының директоры Бауыржан Әбенов.
BMW X5 – мойындалған эталонның жаңа деңгейі
1999 жылы BMW компаниясы X5 моделін ұсына отырып, Sports Activity Vehicle сегментін қалыптастырды. Осылайша, премиум-класс автокөлігінің жаңа форматын клиенттер назарына ұсынды. G65 зауыттық коды бар модельдің жаңа бесінші буыны төл дизайны, интерьері және технологиясы толығымен жаңартылған күйде осы тарихи жолды жалғастырады.

ФОТО: BMW X5
Жаңа X5 көлігі модельге тән пропорцияларды сақтай отырып, Neue Klasse дизайн тұжырымдамасына сай жасалды. BMW Iconic Glow жарықтандырылған тік радиатор торы, қос «X» пішініндегі жарық графикасы және BMW Winglets жасырын есік тұтқалары автокөліктің заманауи әрі жинақы келбетін қалыптастырады.
Қазақстан нарығына 48 вольтты гибрид жүйесімен жабдықталған, қатар орналасқан алты цилиндрлі қозғалтқышы бар BMW X5 xDrive40i нұсқасы ұсынылады. Автокөліктің 400 ат күшіне ие. xDrive толық жетекті жүйесі, бейімделетін аспалар және көлік салмағының 50:50 қатынасында бөлінуі X5 моделіне тән жайлылық, жолдағы тұрақтылық пен дәл басқаруды қамтамасыз етеді.
Көліктің кең салоны отбасылық саяхат пен алыс жолдарға арналған. Ал 226 мм жол аралығы автокөліктің қала сыртында жүру мүмкіндіктерін кеңейте түседі.

ФОТО: BMW X5
Интерьер BMW Operating System X операциялық жүйесімен жұмыс істейтін BMW Panoramic iDrive жүйесімен ерекшеленеді. Кешен алдыңғы әйнектің төменгі бөлігін толықтай қамтитын BMW Panoramic Vision проекциялық жүйесін, 17,9 дюйм орталық дисплейді және BMW 3D Head-Up Display жүйесін біріктіреді. Сонымен қатар X5 моделінде алғаш рет алдыңғы жолаушыға арналған қосымша экран қарастырылған.
Жаңа буындағы X5 – бастапқы кезінен қозғалтқыш пен күштік қондырғының бес түрлі нұсқасына бейімделіп әзірленген алғашқы BMW моделі. Әлемдік модельдер қатарына бензинді және дизельді нұсқалар, қуаттау мүмкіндігі бар гибридтер, толық электрлі BMW iX5, сондай-ақ кейінірек BMW iX5 Hydrogen модельдері кіретін болады. Электрлі iX5 800 вольтты архитектурамен және алтыншы буындағы BMW eDrive технологияларымен жабдықталады.
BMW 7 сериясы – Neue Klasse технологиясымен жабдықталған премиум санаттағы көлік.
Жаңа BMW 7 сериясы флагман седан тарихының келесі тарауын ашады. Аталған модель ішкі кеңістігіне, материалдар сапасына және әрбір бөлшегіне ерекше мән берілуі арқылы сән-салтанаттың жаңа деңгейін көрсетеді. Оның жинақы дизайны BMW Iconic Glow айшықты радиатор торымен және қосымша BMW Individual Iconic Glow хрусталь фараларымен толықтырылған. Көлік экстерьері BMW Individual топтамасындағы екі түсті комбинацияда қолжетімді. Олар автокөлік пропорцияларын айқындап, әр клиенттің талғамына сай жеке нұсқасын жасауға мүмкіндік береді.
ФОТО: BMW 7
Қазақстанда жаңа седанды BMW 740 xDrive нұсқасына тапсырыс беру арқылы алуға болады. Ол күштік қондырғысы BMW TwinPower Turbo технологиясымен жабдықталған үш литрлік қатар орналасқан алты цилиндрлі бензин қозғалтқышты, 48 вольтты жұмсақ гибрид жүйесін біріктіреді. Жүйенің жиынтық қуаты – 294 кВт (400 ат күші), ал ең жоғары айналу моменті 580 Н·м-ге жетеді. Автокөлік 8 сатылы автоматты беріліс қорабы мен xDrive толық жетекті жүйесінің арқасында 100 км/сағ жылдамдыққа 5,1 секундта жетіп, ең жоғарғы 250 км/сағ жылдамдыққа дейін үдей алады.

ФОТО: BMW 7
Жолаушылардың жайлылығына ерекше назар аударылған. Артқы қатардағы кең орын демалуға немесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Алдыңғы және артқы осьтердегі бейімделетін пневматикалық аспалар шоқалақ жолда барынша жұмсақ жүріп, тіпті ұзақ сапарлар кезінде де қозғалысты ерекше жайлы етеді.
Артқы қатардағы жолаушыларға арналған кеңістіктің басты элементі – төбеден автоматты түрде түсетін, қосымша опция ретінде ұсынылатын 31,3 дюйм BMW Theatre Screen экраны. Dolby Atmos технологиясы көлемді дыбыс әсерін береді. Ал бейне контентті тамашалау, ойын ойнау және бейнеконференцияларға қатысу мүмкіндіктері жол үстіндегі уақытты әркімнің өз қалауына қарай жайлы өткізуге жағдай жасайды. Осылайша, автокөлік салоны жұмысқа істеуге немесе жайлы демалуға арналған жеке кеңістікке айналады.
Интерьердің сән-салтанатын BMW Individual топтамасының премиум материалдары айқындай түседі. Алькантарамен әрленген беттер, BMW Individual CraftedClarity хрусталь басқару элементтері және реттелетін контурлық жарық шамдар салонға ерекше сипат береді. Панорамалық шатыр кеңістік сезімін арттырса, интерьердің мұқият ойластырылған дизайны жайлы әрі үйлесімді атмосфера қалыптастырады.
Модельдер туралы толығырақ ақпаратты bmw-kz.com сайтынан және 7007 байланыс орталығынан білуге болады.
11/11/2026