TANKZ Club шоу ұйымдастырды: Дияс Уәлихан, Анзор Гасаев және Роман Масленников гравитацияға қарсы тұрды
24/11/2026
24/11/2026
TANK және HAVAL жол талғамайтын көліктері Алматы маңындағы «Сокол» автодромында өткен «Карась-Пати-2026» жарысында өз мүмкіндіктерін көрсетті. Іс-шараның бас серіктесі Astana Motors құрамындағы Great Wall Motor компаниясы (TANK, HAVAL брендтері, Wingle 7 мен POER пикаптары) ресми дистрибьюторы болды.
Фестивальға TANK иелерінің басын қосатын TANKZ Club қауымдастығының жетекшісі Диас Уәлихан да қолдау білдірді. Клубтың 60-тан астам мүшесі жарыс қатысушыларына жанкүйер болу үшін жиналды. Олар жарысқа келген жалпы автокөлік санының жартысын құрады. Клуб жетекшісі Дияс Уәлиханның өзі де жеке TANK 700 көлігінің тізгініне отырып, жарыс жолына шықты. Фестиваль қонақтарының арасында Анзор Гасаев, Роман Масленников және автоблогер Салтанат Лесбек болды.
TANK 300 жарыста. Ұйымдастырушылар фотосы
Трассадағы тартыс нағыз адреналин сыйлады. TANK иелері күрделі кедергілерді еңсеріп, өздерінің де, көліктерінің де мүмкіндіктерін толықтай сынады. Оның үстіне, олар зауыттық жинақтамадағы, айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген жеке көліктерімен қатысты. Кейбір қатысушылар тіпті стандартты қала шиналармен жүрді.
Осындай жағдайда да сериялық TANK модельдері жоғары өтімділігі мен толық жетекті жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетті. Жеке есеп қорытындысы бойынша үш жүлдегер анықталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.
TANK 300 в трофи-рейде. Фото организаторов
Жарыстың ең жарқын сәттерінің бірі TANK санатында екінші орын алған Алексей Габельдің өнер көрсетуі болды. Ол күрделі кедергілерді бағындырып қана қоймай, трамплиндерден биікке секіріп, көрермендерге ерекше шоу сыйлады.
«Тамаша уақыт өткізіп, жарысып, секіріп те үлгердік! Трасса аса күрделі болған жоқ, бірақ кейбір учаскелері біраз қобалжытты. TANK көлігім барлық кедергіден мен күткеннен де жақсы өтті. Әсіресе трамплиннен секірген сәттер ерекше есте қалды. Оны айналып өтуге де болатын еді, бірақ біз ондай жолды таңдамаймыз. Жарыстан кейін көліктің дөңгелек геометриясын тексерудің де қажеті болмады. Жуып, ауа сүзгісін ауыстыру жеткілікті болды. Енді ТР0 санатында бағымды сынап, тәжірибелі спортшылармен жарысқым келеді», – дейді Алексей Габель.
HAVAL қиын жолды еңсеру үстінде. Ұйымдастырушылар фотосы
HAVAL автокөліктері де жолсыз жерде өз қабілетін көрсетіп, трассаның күрделі учаскелерінен мүдірмей жүріп өтті. Арнайы полигондағы сынақтар олардың үйреншікті қала жолдарын тыс жерлердегі әлеуетін бағалауға мүмкіндік берді.
«Маған толық жетекті HAVAL H7 PHEV гибридін жол талғамайтын көліктерге арналған полигонда сынап көру бұйырды. Әсіресе өзіме жарыстың атмосферасы одан да ерекше әсер қалдырды. Қатысушылардың қызу бәсекесі, әрбір өрге көтерілу мен қиын кедергілерді еңсеру сәттеріне жанкүйер боласың. Тіпті сырттан қарап тұрғанның өзінде адреналин деңгейі шарықтап тұр! Осындай іс-шараларды жақсы көремін, өйткені мұнда автокөліктердің әлеуетін сөзбен емес, іс жүзінде көруге болады», – деді автоблогер Салтанат Лесбек.
GWM автокөліктерінің көрмесі. ФОТО: Astana Motors
Жарыстан бөлек GWM қонақтарға тест-драйв өткізуге алты модельді ұсынды. Олар — TANK 300, TANK 500, флагманды TANK 700, HAVAL H6, HAVAL H7 және HAVAL H9 көліктері. Келушілер автокөліктермен жақынырақ танысып, олардың дизайнын, жабдықталуын және техникалық мүмкіндіктерін бағалай алды.
TANK 300 және TANK 500 – жолсыз жерде жүру қабілеті мен заманауи жайлылықты үйлестірген жақтаулы жол талғамайтын көліктер. TANK 300 айбарлы келбетімен және кез-келген қиын жолдарды бағындыруға арналған. TANK 500 өзінің кең салонымен ерекшеленіп, интеллектуалды көмекші жүйелерінің арқасында ұзақ сапарларды қолайлы ететін көлік. Ал өтімділігі жоғары TANK 700 флагманы озық технологиямен жабдықталып, премиум деңгейдегі жайлылықты сыйлайды.
HAVAL модельдері бойынша күрделі жолдарға арналған жақтаулы H9 жол талғамайтын көлігі, H6 және H7 кроссоверлері таныстырылды. Соңғы модель толық жетекті жүйе мен заманауи технологияларды біріктіріп, белсенді демалыстарға арналған мүмкіндіктер ұсынады.
Жарыстағы TANK 300 . Ұйымдастырушылар фотосы
GWM Қазақстанда
Great Wall Motor (GWM) – Қытайдағы ең ірі автокөлік өндірушілерінің бірі. Компания Қазақстан нарығында 2021 жылдан бері Astana Motors құрамында ресми түрде қызмет етеді. Осы уақыт ішінде бренд нарықтағы позициясын едәуір нығайтып, ел бойынша 33 заманауи дилерлік орталықтан тұратын желі қалыптастырды.
Қазақстандағы GWM позициясы жергілікті өндірістің арқасында да нығайып келеді. Бүгінде бренд көліктері Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында өндіріледі. Онда қолжетімді әрі уақыт сынынан өткен HAVAL M6 бастап, заманауи TANK 500 жол талғамайтын көлігіне дейінгі модельдер шығарылады. Жақында Алматыдағы коммерциялық техника шығаратын зауытта GWM POER және Wingle 7 пикаптарының өндірісі де іске қосылды.
TANKZ Club автокөлік иелерінің белсенді қауымдастығы да тұрақты түрде дамып келеді. Бүгінде клубтың шамамен 2 000 адамға жуық мүшесі бар. Қауымдастық тұрақты түрде саяхаттар мен экспедицияларға шығып тұрады. Қазіргі таңда клуб ұйымдастырған бағыттардың жалпы ұзындығы 30 мың шақырымнан асты. TANK автокөліктерінің бағасы 18 990 500 теңгеден басталады.
Дилерлік желінің дамуы, жергілікті өндірістің кеңеюі және автокөлік иелері қауымдастығының өсуі GWM брендінің Қазақстанның автокөлік нарығындағы тұрақты позициясын айқындайды.
24/11/2026