OMODA мен JAECOO Қазақстанда жаңа кезеңге қадам басты: Алматыдағы тест-драйв қалай өтті?
20/10/2026
20/10/2026
Іс-шараға келген қонақтарды басты кейіпкерлер – бензинмен жүретін OMODA C5 PLUS пен JAECOO J5 кроссоверлері және қуаттау мүмкіндігі бар JAECOO J7 SHS (PHEV) гибриді қарсы алды. Сондай-ақ желтоқсан айында нарыққа шығуы күтіліп отырған OMODA C5 HEV гибриді мен электрлі JAECOO J5 таныстырылды. Бұл модельдер Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылады. Алғашқы автокөліктер Қазақстандағы дилерлік орталықтарға жеткізіле бастады.

Іс-шараны OMODA және JAECOO дистрибуциясының директоры Александр Абрамов ашты. Ол жаңартылған модельдер қатарын таныстырып, алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
«Бүгін біз Astana Motors компаниясымен бірге OMODA және JAECOO брендтерінің Қазақстандағы жаңа кезеңін бастап отырмыз. Бұл – брендтерді толық жаңғыртып, Қазақстан нарығында ұзақ мерзімді дамуға бағытталған маңызды қадам. Біздің басты мақсатымыз – тұтынушыларға заманауи автокөліктерді қолжетімді бағамен ұсынып, сатудан кейінгі сапалы қызмет көрсету. Қазір еліміздің 12 қаласында 15 дилерлік орталығымыз және 6 сервистік серіктесіміз бар. Алға қойған жоспарымыз ауқымды. 2027 жылы дилерлік желіні кеңейтіп, еліміздің 19 қаласында жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз», – деді OMODA және JAECOO дистрибуциясының директоры Александр Абрамов.

Таныстырылымнан кейін қатысушылар командаларға бөлініп, үш кроссовердің мүмкіндіктерін картинг трассасында, мәнерлеп жүргізу алаңында және жолсыз жерде сынады.

Үш автокөлік – үш түрлі сынақ
Сынақ трассаларын дайындау мен жүргізілімдердің өтуін автомобиль кроссы мен раллиден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, экстремалды жүргізу мектебінің негізін қалаушы Владимир Бородиннің командасы қадағалады.
Картинг трассасына жаңартылған OMODA C5 PLUS шықты. Мұнда қатысушылар автокөліктің үдеу қарқынын, тежеу тиімділігін және бұрылыстардағы басқарылуын тексерді. Бағыттың жиі өзгеруі жүргізушілерге көліктің әрекетін сезінуге және ирек жолдағы орнықтылығын бағалауға мүмкіндік берді.

Жаңартылған кроссовер 1,5 литрлік турбоқозғалтқышпен, көз тартарлық дизайнымен және диагоналі 15,6 дюймдік мультимедиялық экранмен жабдықталған. Premium жинақтамасында жүргізуші орындығының массаж функциясы, алдыңғы орындықтардың желдеткіші, 540 градустық айнала шолу жүйесі және ADAS жүргізушіге көмектесетін 19 электрондық жүйе қарастырылған.
Мәнерлеп жүргізу алаңында қатысушылар JAECOO J5 моделін сынады. Ықшам кроссовердің маневр жасау мүмкіндігі, айналаны көру ыңғайлылығы және тар кеңістікте басқару жеңілдігі бағаланды. Модель диагоналі 13,2 дюймдік мультимедиялық экранмен, екі аймақты климат-бақылау жүйесімен, артқы көрініс камерасымен және тұраққа қою датчиктерімен жабдықталған. Жүксалғышының көлемі – 480 литр.

Ең күрделі кедергілер JAECOO J7 SHS (PHEV) гибридіне дайындалды. Жолсыз жердегі трассада автокөлік тік өрлер мен еңістерден өтіп, дөңгелектердің диагональ бойынша жерден көтерілуі жағдайында сыналды. Мұндай учаскелерде дөңгелектердің бірі жермен жанасуын жоғалтқан кезде тарту күшін сақтауға көмектесетін электрондық жүйелердің жұмысы ерекше маңызды.
«Бағдарламаны дайындағанда автокөліктерді жүргізушілер күнделікті өмірде кездесуі мүмкін жағдайларда сынағымыз келді. Картинг трассасында үдеу, тежеу және бұрылыстардағы басқарылу ерекшеліктері бағаланды. Мәнерлеп жүргізу кезінде айналаны көру ыңғайлылығы мен маневр жасау мүмкіндігі тексерілді. Ал JAECOO J7 SHS (PHEV) үшін күрделі жолсыз жер сынағын дайындадық. Шынымды айтсам, бастапқыда көлік өрге көтерілгенде дөңгелектердің диагональ бойынша жерден ажырауы жағдайынан өте ала ма деп күмәндандым. Бірақ ол кедергіден сәтті өтті. Содан кейін маршрутты қиындатып, өрге көтерілу және төмен түсу кезінде диагональды кедергілерді қостық. Автокөлік бұл сынақтардан да сүрінбей өтті. JAECOO J7 SHS (PHEV) мені шынымен таңғалдырды», – деді Владимир Бородин.

JAECOO J7 SHS (PHEV) нұсқаушыларды да, тест-драйв қатысушыларын да таңғалдырды. Оның мүмкіндіктерінің негізінде бензин қозғалтқышы мен электрмоторды біріктіретін Super Hybrid System технологиясы жатыр. Жүйе оңтайлы жұмыс режимін автоматты түрде таңдайды. Қала ішінде кроссовер электр қуатымен жүре алады, ал алыс сапарларда гибридті қондырғының артықшылықтарын пайдаланады.
Өндіруші мәлімдегендей, WLTP (Worldwide Harmonized Light Vehicles Test Procedure) — жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөліктерді сынаудың дүниежүзілік үйлестірілген әдістемесі) циклі бойынша жалпы жүріс қоры 1200 шақырымнан асады. Қалалар арасындағы қашықтық жүздеген шақырымға созылатын Қазақстан үшін бұл әсіресе маңызды.

Ұзақ жүріс қорынан бөлек, J7 SHS (PHEV) диагоналі 14,8 дюймдік мультимедиялық дисплеймен, алдыңғы әйнекке ақпарат шығаратын проекциялық жүйемен, 540 градустық айнала шолу жүйесімен және жүргізушіге көмектесетін 19 функциямен жабдықталған. Тағы бір қызықты мүмкіндігі – V2L технологиясы. Оның көмегімен автокөлікті қуаты 3,3 кВт-қа дейінгі сыртқы электр көзі ретінде пайдалануға болады.
Секундтар үшін тартыс: кім жылдам болды?
Тест-драйвтың соңында нағыз тартыс басталды. Үш қатысушы JAECOO J5 көлігімен мәнерлеп жүргізу жарысына шықты. Конустардың бір-біріне жақын орналасқаны сонша, болмашы қателіктің өзі жеңіске кедергі келтіруі мүмкін еді. Бір қарағанда, тапсырма оңай көрінеді: трассадан конустарға тимей, барынша жылдам өту. Алайда Владимир Бородиннің айтуынша, секундомер қосылған сәтте тәжірибелі жүргізушілердің өзі қобалжып, конустарды қағып кете бастаған.

Әр қателік үшін айып секундтары қосылды. Сондықтан қатысушылар жылдамдық пен дәлдіктің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысты. Тартыс қыза түсті!
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды журналист Виктор Сухоруков, екінші орынды автоблогер Максат Қарыпжанов иеленді. Ал тревел-блогер Ұлан Әлімбек жеңімпаз атанды. Жүлдегерлерге медальдар мен Castrol компаниясының сыйлықтары табысталды.

«OMODA және JAECOO брендтерімен алғаш рет таныстым. Үш автокөліктің ішінде маған JAECOO J7 SHS (PHEV) ерекше әсер қалдырды. Жолсыз жерде кедергілерден сенімді өтіп, жолда өзін жақсы ұстады. Тіпті ойлы-қырлы учаскелерде де салон іші тыныш болды. JAECOO J5 көлігімен өткен мәнерлеп жүргізу жарысы да есімде қалды. Автокөлік маневр жасауға ыңғайлы, басқаруға жеңіл әрі жайлы екен. Дәл осы көлікпен ең жақсы нәтижеге қол жеткізіп, жеңіске жеттім», – деп әсерімен бөлісті тревел-блогер Ұлан Әлімбек.

OMODA және JAECOO Қазақстанда
OMODA және JAECOO – қарқынды дамып келе жатқан жас автомобиль брендтерінің бірі. 2026 жылдың шілде айында Шанхайда OMODA және JAECOO автокөліктерін Қазақстанда жергіліктендірудің жаңа кезеңіне жол ашатын техникалық-лицензиялық келісімге қол қойылды. Қазақстандағы өндіріс модельдер қатарын кеңейтуге және сатып алушыларға автокөліктерді қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік береді.
Қазірдің өзінде үш жаңа модельдің бағасы жарияланды: JAECOO J5 – 9 490 000 теңгеден, OMODA C5 PLUS – 9 690 000 теңгеден, ал гибридті JAECOO J7 SHS (PHEV) – 12 790 000 теңгеден басталады.

20/10/2026