kz ru en

Қазақстан гибридтерге көшіп жатыр. Неге BYD-ді таңдайды?


Қазақстан гибридтерге көшіп жатыр. Неге BYD-ді таңдайды?

Қазақстанда сырттан қуатталатын гибридтердің танымалдығы артып келеді: ҚАО мәліметінше, 2026 жылдың сегіз айында NEV (жаңа энергия көздерімен жүретін автомобильдер) сатылымының 72 пайыздан астамы PHEV (Plug-in Hybrid Electric Vehicle) және EREV (Extended Range Electric Vehicle) үлесіне тиді.

Қазақстандықтар гибридтерді неліктен таңдайды және олардың технологиялары несімен ерекшеленеді? Tengri Auto мұны BYD мысалында анықтап көрді.

Гибридтердің қандай түрлері болады?

Гибридтердің басты айырмашылығы — ІЖҚ мен электрқозғалтқыштың жұмысты қалай бөлісетінінде. Параллельді схемада дөңгелектерді екі қозғалтқыш та қозғалысқа келтіре алады, бұл ІЖҚ-ны тиімдірек болатын жағдайларда, мысалы жоғары жылдамдықта пайдалануға мүмкіндік береді.

Тізбекті схемада дөңгелектерді электрқозғалтқыш айналдырады, ал ІЖҚ негізінен генератор ретінде жұмыс істейді. Мұндай схема бірқалыпты тарту күшін және лезде жауап қатуды қамтамасыз етеді.

Тізбекті-параллельді схема екі қағидатты да біріктіреді: электроника қашан электр жетегімен қозғалуды, қашан ІЖҚ-ны генератор ретінде пайдалануды немесе оны дөңгелектерге тікелей қосуды өзі таңдайды. BYD гибридті модельдерінің негізін құрайтын және электр жетегімен қозғалуға басымдық беретін BYD-дің DM (Dual Mode) технологиясы дәл осылай жұмыс істейді.

Неліктен басты назар BYD-де?

Автоөндірушінің деректеріне сәйкес, BYD — NEV шығаратын әлемдегі ең ірі өндіруші және осы сегменттегі сатылым көшбасшысы. Компания 2003 жылдан бері 18,2 миллион электрмобиль мен сырттан қуатталатын гибрид шығарды. 2025 жылдың қаңтарынан бастап BYD Қазақстанда ресми түрде ұсынылған (дистрибьютор – Astana Motors), және сатылым басталғаннан бүгінгі күнге дейін BYD басқа брендтерден едәуір басым түсіп, өңірдегі NEV сатылымы рейтингтерінде көш бастап келеді.

2026 жылдың тамызында BYD республикадағы ең көп сатылатын он брендтің қатарына енді. Жалпы топ-10 ішінде нарыққа тек NEV жеткізетін жалғыз бренд екенін ескерсек, бұл — мәнді көрсеткіш.

2026 жылы марканың ең танымал моделі дәл осы гибрид болды – 1 196 көлік нәтижесімен Song Plus DM-i, бұл модельге Қазақстандағы барлық NEV сатылымының 20 пайызы тиесілі.

DM технологиясы несімен танымал?

DM-i (i — intelligent) негізгі идеясы – электр жетегімен қозғалуға басымдық беру және энергияны тиімді басқару. Әдетте дөңгелектерді электрқозғалтқыш қозғалысқа келтіреді, ал ІЖҚ қажет болған жағдайда генератор ретінде жұмыс істейді немесе, мысалы тасжолда, тарту күшін дөңгелектерге тікелей береді. Мұндай схема отын шығынын азайтып, үлкен жалпы жүріс қорын сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан DM-i BYD-дің ең бұқаралық гибридтік технологиясына айналды.

DM-p (p – powerful, өнімділік пен қуат) жүйесінде қуат пен динамика алдыңғы қатарға шығады. Толық жетекті нұсқаларында қосымша электрқозғалтқыш артқы осьті қозғалысқа келтіріп, күштік қондырғының жалпы қуатын арттырып қана қоймай, тарту күшін осьтер арасында бөлуге де мүмкіндік береді.

DMO (O – Off-road) жол талғамайтын көліктер мен пикаптар үшін жасалған. Мұнда жоғары айналдыру моменті, толық жетек және тарту күшін дөңгелектер арасында жылдам бөлу мүмкіндігі маңызды. Мұндай архитектурада электрлендіру бензинді үнемдеу тәсілі ғана емес, жолсыз жерде қосымша құралға айналады.

Осы жазда Қазақстандағы BYD қатары жаңа гибридті модельдермен – BYD Yuan Up DM-i, BYD Seal 6 DM-i, DM-p гибридті қондырғысы бар BYD Atto 8-бен толықты, бұдан басқа, күздің соңына дейін BYD дистрибьюторы Denza брендінің алғашқы моделі – DMO гибридті қондырғысы бар B8 сатылымын бастауды жоспарлап отыр.

Қайдан сатып алу керек?

Гибрид қарапайым автомобильге қарағанда техникалық жағынан күрделірек: мұнда ІЖҚ, жоғары вольтты батарея, электрқозғалтқыштар және электроника бірге жұмыс істейді. Сондықтан кепілдік, қосалқы бөлшектер және осындай жүйелермен жұмыс істей алатын мамандар маңызды. Ресми дилерден сатып алу автомобильдің таза тарихын және мәміленің заңды кепілдіктерін қамтамасыз етеді.

Неліктен гибридтердің танымалдығы артып келеді?

Гибридтің артықшылығы — қалада электрмен жүруге, ал алыс бағыттарда электрмобильді қуаттау станцияларына тәуелді болмауға болады. Электрқозғалтқыш пен ІЖҚ-ның бірлескен жұмысы электрмобильдің лезде жауап қатуын және бірқалыпты жүрісін сақтай отырып, отын шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанның кең аумағы үшін мұндай әмбебаптық – салмақты дәлел.

Tengrinews


Басқа жаңалықтар

Қазақстан көлікті электрлендіруге көшуге дайын ба
Тұтынушы мен брендтер нарықты NEV бағытына қарай өзгертіп жатыр.
Тарихи рекордтар: Chery және Astana Motors Жапониядағы паралимпиадашыларға қолдау көрсетті
2026 жылғы 18–24 қазан аралығында өткен Айти–Нагоя ойындарында Қазақстан құрамасы 50 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 12 алтын, 16 күміс және 22 қола медальға ие болды. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған ойындарға қатысу тарихындағы алтын медальдар мен жалпы жүлделер саны бойынша рекордтық көрсеткіш.
OMODA мен JAECOO Қазақстанда жаңа кезеңге қадам басты: Алматыдағы тест-драйв қалай өтті?
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы Қазақстандағы дамудың жаңа кезеңі басталғанын жариялады. Алматыдағы Sokol автодромында бес жаңа автокөліктің ресми таныстырылымы өтіп, журналистер мен автоблогерлерге арналған тест-драйв ұйымдастырылды.