kz ru en

Тарихи рекордтар: Chery және Astana Motors Жапониядағы паралимпиадашыларға қолдау көрсетті


Тарихи рекордтар: Chery және Astana Motors Жапониядағы паралимпиадашыларға қолдау көрсетті

2026 жылғы 18–24 қазан аралығында өткен Айти–Нагоя ойындарында Қазақстан құрамасы 50 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 12 алтын, 16 күміс және 22 қола медальға ие болды. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған ойындарға қатысу тарихындағы алтын медальдар мен жалпы жүлделер саны бойынша рекордтық көрсеткіш.

Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan компаниясы – Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің негізгі серіктестерінің бірі. 2025 жылдан бастап компания паралимпиада спортын қайырымдылық мақсатта қолдауға жыл сайын 147 млн теңге бөледі. Спортшыларға берілетін ақшалай сыйақыларды қоса алғанда, екі жылдағы көмектің жалпы сомасы 386,5 млн теңгені құрады.

«Біз үшін бұл жай ғана демеушілік емес, паралимпиада спортын дамытуға және жетістіктері мыңдаған қазақстандыққа шабыт беретін жандарды қолдауға қосқан үлесіміз. Әсіресе, Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетімен серіктестігіміз халықаралық деңгейде жалғасын тапқаны біз үшін аса маңызды. Қазақстанның тәжірибесі Chery бас кеңсесінің назарына түсіп, компания Астанада өткен Азия паралимпиада комитетінің Бас ассамблеясына қолдау көрсетті. Сонымен бірге Дубайда өткен Азия жасөспірімдер пара ойындарының эксклюзивті мобильдік серіктесі атанды. Бұл – жергілікті бастаманың брендтің жаһандық әлеуметтік миссиясының бір бөлігіне айнала алатынын көрсететін үлгі», – деді Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.


Дастан Мұқашбеков Нагоядағы Азия Пара ойындарында. ФОТО: ҚР ҰПК

Қазақстан параспортшылары Жапонияда өткен V Азия Пара ойындарында көрген әсерлерімен бөлісті.

Ең жарқын оқиғалардың бірі – пара жеңіл атлетикадан Қазақстан атынан өнер көрсеткен Айсұлу Сүлейменованың нәтижесі болды. Айсұлу екі аяғының зақымдануына байланысты жүгіру протездерін пайдаланатын спортшылар бақ сынайтын T62 санатында өнер көрсетті. Алайда өз санатында қарсыластары болмағандықтан, ол T64 санатындағы спортшылармен бірге жарысқа қатысты. Біріккен жүгіру жарысында бесінші орын алған қазақстандық спортшы T62 санатында Азияның жаңа рекордын орнатты.


Айсұлу Сүлейменова. ФОТО: ҰПК 

«Шынымды айтсам, алғашында сенбедім. Таблоға қайта-қайта қарап, нәтиженің түпкілікті расталуын күттім. Кейін мені құттықтай бастады, бірақ сол кездің өзінде мақсатыма жеткеніме сену қиын болды. Эмоцияға беріліп, көз жасымды әрең ұстадым», — деп бөлісті Айсұлу Сүлейменова.

Париждегі Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері әрі пара жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Дастан Мұқашбеков үшін Жапониядағы жарыс спорт жолындағы тағы бір маңызды белес болды. Бұл жарыста оған Қазақстанның Мемлекеттік туын алып жүру мәртебелі міндеті де жүктелді.

«Азия Пара ойындарында елімнің намысын қорғағаныма қуаныштымын әрі мақтан тұтамын. Қазақстандықтардың маған артқан сенімін ақтап, қолымнан келгеннің бәрін көрсету мен үшін өте маңызды. Маған жанкүйер болып, қолдау білдірген әрбір жанға алғыс айтамын. Алда әлі талай жұмыс пен жаттығу күтіп тұр. Мен одан әрі шыңдалып, нәтижелерімді жақсартып, алдағы жарыстардағы өнеріммен елімді қуанта бергім келеді», — деді Дастан Мұқашбеков.

Елге оралған спортшылар алдағы жаттығулар мен жарыстарға дайындық алдында тынығып, күш-қуатын қалпына келтіреді.


Нұрлан Смағұлов және паралимпиадашылар, 2026 жылғы сәуір. ФОТО: Astana Motors

Кәсіби спортты қолдаумен қатар, Chery Kazakhstan әлеуметтік жобаларға да қатысады. Мәселен, Алматы қаласында компанияның қолдауымен Қазақстан паралимпиадашылары №2 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесті. Спортшылар балаларға өз жетістіктері, жеңіске жету жолында кездескен қиындықтары және үлкен спортқа келу тарихы туралы айтып берді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 18–24 қазан аралығында Қытайдың Уху қаласында CHERY 2026 халықаралық қолданушылар саммиті (Chery International User Summit 2026) де өткен болатын.


Пара спортшылар Жапонияда. ФОТО: ҚР ҰПК.


Басқа жаңалықтар

OMODA мен JAECOO Қазақстанда жаңа кезеңге қадам басты: Алматыдағы тест-драйв қалай өтті?
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы Қазақстандағы дамудың жаңа кезеңі басталғанын жариялады. Алматыдағы Sokol автодромында бес жаңа автокөліктің ресми таныстырылымы өтіп, журналистер мен автоблогерлерге арналған тест-драйв ұйымдастырылды.
DENZA B8: Қазақстанда флагмандық гибридті жол талғамайтын көлік таныстырылды
Denza-ның Қазақстандағы Astana Motors құрамына кіретін ресми дистрибьюторы жаңа премиалды DENZA автомобиль брендінің сатылымы басталғанын жариялады.
Changan Қазақстанның қайталама нарығында сұранысты растайды
Changan автокөліктері тек ресми дилерлерде ғана емес, сонымен қатар кейінгі нарықта сатып алу үшін автокөліктерді қарастыратын сатып алушылар арасында да сұранысқа ие. Kolesa.kz зерттеуіне сәйкес 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында брендтің үш моделі - CS35 MAX, CS55 Plus және Cs75 Plus — автокөлік алаңындағы әлеуетті сатып алушылардың байланыс саны бойынша үздік бестікке кірді.