kz ru en
ПЛЮС 3 МИЛЛИОН ЖАҢА АВТОКӨЛІК: CHANGAN 2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ
Дәлірек айтсақ, әңгіме Қытайдың ең ірі автокөлік жасау концерндерінің бірі 2023 жыл ішінде өндіруге және бүкіл әлем бойынша сатуға жоспарлаған 2,8 миллион автокөлік жайлы болып тұр.
Hyundai стиліндегі өмір: Алматыда дилерлер конференциясы өтті
Алматыда Hyundai дилерлер конференциясы өтті. Оған 115 қатысушы жиналды. Автобрендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – «Астана Моторс» құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan (HAK) компаниясы.
«АСТАНА МОТОРС» 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2022 жылы «Астана Моторс» компаниясының құрылған күнінен бастап 30 жыл толды. Компания Қазақстандағы бірінші Toyota мамандандырылған автосалонынан бастап әлемдік брендтердің автокөліктерінің өндірушісіне дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті.

ESENTAI TOWER-ДА АВТОКӨЛІК ШОУРУМЫ АШЫЛДЫ
Қытайдың Жаңа жыл мерекесі стиліндегі ашылу салтанатына қазақстандық жұлдыздар, танымал журналистер мен автоблогерлер қатысты.
«АСТАНА МОТОРС» ҚАЗАҚСТАНДА АВТОӨНДІРІСТІ ДАМЫТУДА ЖӘНЕ РФ ЗАУЫТЫНА КІРУ ЖОСПАРЫНДА ЖОҚ
«Астана Моторс» компаниясының Қазақстан Республикасында жаңа зауыттарды жергіліктендіруді тереңдету және салу бойынша жоспарлары бар. Бұл ретте компанияның Санкт-Петербургтегі зауытқа кіру бойынша жоспары жоқ.
«АСТАНА МОТОРС» HYUNDAI ACCENT АВТОМОБИЛЬДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІН ҚАЙТА БАСТАДЫ
Танымал модель Hyundai Trans Kazakhstan автомобиль зауытының өндірістік желісіне қайта оралды. «Астана Моторс» құрамына кіретін Қазақстандағы Hyundai ресми дистрибьюторы бірқатар елдермен Алматыда Hyundai Accent моделін дәнекерлеу және бояу әдісімен ұсақ түйінді өндіру үшін қажетті жиынтықтауыштар жеткізілімдері туралы келісімге қол жеткізді.

«АСТАНА МОТОРС» ТАҒЫ БІР ПРЕМИУМ САНАТТЫ АВТОБРЕНДТІ ҰСЫНАДЫ
«Астана Моторс» қазақ мотор компаниясы мен Great Wall Motor қытай автоконцерні ынтымақтастық аясын кеңейтеді.
Mycar.kz онлайн платформасында автокөлік сатып алудың бес артықшылығы
Қазақстанда онлайн-дилерлік платформа енді ғана дами бастады. Елімізде тағы бір онлайн-дилер пайда болды – қараша айының соңында Haval Motor Kazakhstan Mycar.kz платформасына қосылып, өз сатып алушыларына бұрынғыдан да жақындай түсті.
УӘДЕЛІ ЖАҢАЛЫҚ – HAVAL H6 КРОССОВЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА
Mycar Almaty автоорталығында Great Wall Motor концернінің бестселлері Haval H6 моделінің асыға күткен тұсаукесері өтті. Танымал кроссоверді брендтің ресми дистрибьюторы – Haval Motor Kazakhstan («Астана Моторс» құрамына кіреді) таныстырды.