kz ru en

ШЫМБҰЛАҚТАҒЫ «SKI & CHERY DAY» КЛИЕНТТІК ІС-ШАРАСЫ.


ШЫМБҰЛАҚТАҒЫ «SKI & CHERY DAY» КЛИЕНТТІК ІС-ШАРАСЫ.

Шымбұлақ тау-шаңғысы курортында Chery автобрендінің табынушыларымен кездесу өтті.

Шымбұлақ тау-шаңғысы курортында Chery автобрендінің табынушыларымен кездесу өтті.

Chery Tiggo 8 PRO MAX-ты ұнататындар үшін «SKI and CHERY DAY» іс-шарасын Chery Kazakhstan ресми дистрибьюторы ұйымдастырды («Астана Моторс» құрамына кіреді).

Chery Қазақстанда ұсынылған қытайлық брендтердің ішінде бірінші орында тұр. Компания нарыққа 2021 жылы бірден қытайлық бренд иегерінің стандарттары бойынша шықты: барлық дилерлік орталықтар 3S (sales, service, spare parts) форматында, сатудан кейінгі техникалық қызмет көрсету, клиенттік іс-шаралардың ауқымды бағдарламасы.

«Клиент күндері – Chery-дің айрықша қыры. Біз көлік сатып алушыларымен тек техникалық мәселелер бойынша байланыс құрмаймыз, біз нағыз қауымдастық құрамыз», – деп айтты Chery Kazakhstan дистрибуциясының директоры Нұрлан Шамғонов.

Компания көптеген алуан түрлі іс-шаралар өткізді: Chery клиенттері бірге кино көрді, кэмпингке шықты, Катардағы чемпионат кезінде сүйікті футбол командасы үшін жанкүйер болды…

«Автокөлік жарнамасы – әрқашан эмоцияға толы, бұл life style, сондықтан бұл стильде шынымен With Chery With Love өмір сүруге болады – деді Chery Kazakhstan маркетинг директоры Айгүл Темешова, – бұл клиенттердің 11-ші кездесуі, кешегі клиенттеріміз бүгін досымызға айналғаны біз үшін зор қуаныш. Біз осы сенімгерлік атмосфераны небәрі 2 жыл ішінде құрғанымызға қуаныштымыз!».

Кезекті кездесу жарыс түрінде өтті: Қонақтар өздерінің қуатты машиналарын қалаға тастап, Шымбұлақтың тау бөктерлерін шаңғымен және сноубордпен еңсеріп, уақытқа жарысты. Жалпы, ойындар мен сайыстар адреналин бағалайтындар үшін ғана болған жоқ. Викториналар, интерактив, таудың саф ауасы, көздің жауын алатын табиғат көріністері, тәбетіңді ашатын, иісі мұрын жаратын тағамдар – нағыз отбасылық мереке болды.

Айтпақшы, Chery отбасы тұрақты өсіп келеді, бренд 5 мыңға жуық қазақстандықтың жүрегін жаулап үлгерді, ал Chery өкілдері бұл үлкен отбасының тек басы ғана деп сенеді. Қазірдің өзінде белгілі болғандай, 2025 жылы Алматыда мульти-брендті зауыт өз жұмысын бастайды, ол зауыттың өндірістік желілерінің бірі Chery брендінің үш моделін шығаратын болады, ал бұл – шамамен жылына 30 мың автокөлік!


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.