19/05/2023
«Астана Моторс» компаниясы жоғары технология жабдығын жеткізу туралы келісімге қол қойды
Қазақстандағы «Астана Моторс» компаниясы жаңа мультибренд зауытын жабдықтау үшін жоғары технология жабдықтарын жеткізетін Automotive Engineering корпорациясымен келісімге отырды. Құжатқа Қытайдың Сиань қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан іскер топ өкілдерінің дөңгелек үстелінде қол қойылды.
19/05/2023
Golden Dragon «Астана Моторс» зауытында инженерлер академиясын ашады
Hyundai Trans Almaty (HTA) коммерциялық жабдықтар зауытында автомобиль өнеркәсібіне қажет инженерлік-техникалық кадр дайындайтын Қазақстан-Қытай оқу орталығы (академия) ашылады. Тиісті келісім Қытайдағы ең ірі автобус өндірушілерінің бірі – Xiamen Golden Dragon Bus Co., Ltd компаниясымен жасалды. Шешім Сиань қаласында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Қытайдың іскер топтары өкілдерінің дөңгелек үстелі аясында қабылданды.
18/05/2023
Қазақстан қытайлық автопромның үш көшбасшысын бір зауытқа біріктірді
Қазақстандық “Астана Моторс” компаниясы Алматыда салынып жатқан мультибренд зауытта Chery, Haval және Changan автокөліктерін шығаруға рұқсат алды. Өндіріс 2025 жылы басталады. Тараптар техникалық-лицензиялық келісімге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары кезінде Сиандағы Қытай Халық Республикасының беделді өкілдері бас қосқан дөңгелек үстелге қатысқанда қол қойды.
12/05/2023
Қазақстанда шығарылған автокомпонентер Қытай автокөліктеріне қолданылатын болады
10-12 мамыр аралығында Астана қаласында Машина жасаушылардың XI форумының аясында халықаралық автокөрме өтуде, онда Қытайдың жетекші брендтерінің қандай модельдері Қазақстанда шығарылатыны белгілі болды.
11/05/2023
Нұрлан Смағұлов: «Біздің міндет – автозауыттарымыздың айналасында ШОБ кластерін дамыту»
Астанада өткен Қазақстан машина жасаушыларының XI форумында қатысушылар отандық автоөнеркәсіптің өзекті мәселелерін, беталыстарын және болашақ дамуын талқылады.
19/04/2023
Қазақстанда автокомпоненттерді кім және не үшін локализациялайды?
Әлем автонарығы созылған дағдарыстан шығып, пандемиядан кейін қалыпқа келіп жатыр, бизнес алған сабағынан қорытынды шығарып, жұмысты икемдеп жатыр. Қазақстандық өндірушілер локализациялау бойынша өршіл жоспар құрып жатыр.
13/04/2023
«АСТАНА МОТОРС» ҚАЗАҚСТАНДА КОРЕЙ БРЕНДТЕРІНІҢ АВТОКОМПОНЕНТТЕРІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
Қазақстандық компания Алматыда Hyundai автокөліктеріне арналған автокомпоненттер шығаратын болады. Кәсіпорындарды іске қосу 2024 жылдың басына жоспарланған.
08/04/2023
"Астана Моторс" компаниясы сенбілік өткізді
Бүгін тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 мамандандырылған мектеп-интернат аумағында сенбілік өтіп, нәтижесінде 600-ден астам қап қоқыс шығарылды!
07/04/2023
Бір айдан кейін Hyundai автокөліктеріне кезек болмайды
Автокөлік нарығы әлі де жіті назарда. 2023 жылы автокөлік өндірушілер пандемияның кезінде басталған дағдарыстан біртіндеп шығып келе жатқаны туралы айтып отыр.