kz ru en

БЕНЗИН, ДИЗЕЛЬ, ГИБРИД: RANGE ROVER SPORT ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕТТІ

БЕНЗИН, ДИЗЕЛЬ, ГИБРИД: RANGE ROVER SPORT ҚАЗАҚСТАНҒА ЖЕТТІ

Қазақстанда Jaguar Land Rover концернінің көшбасшы модельдерінің бірі – Range Rover Sport ресми түрде таныстырылды.

Қазақстанда Jaguar Land Rover концернінің көшбасшы модельдерінің бірі – Range Rover Sport ресми түрде таныстырылды.

Қуатты, жарқын, ымырасыз автокөлік дизель немесе бензин қозғалтқышымен жабдықталады, сондай-ақ гибрид электрмобиль түрінде де қолжетімді.

«Астана Моторс» құрамына кіретін British Motors Kazakhstan директоры Нұрбек Қарағаев: «Біз брендтің бүкіл сатылымының үштен бір бөлігін құрайтын көшбасшылардың бірін таныстырдық. Әлем нарықтарының ішінде жаңа Range Rover Sport ресми түрде Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ашылғанын зор мақтанышпен айтқым келеді. Бұл 2022 жылы British Motors Kazakhstan компаниясы Jaguar Land Rover автокөліктерінің ресми дистрибьюторына айналуының арқасында мүмкін болды. Range Rover Sport екі ресми дилерлік орталықта, яғни Алматы мен Астана қалаларында таныстырылды. Осы модельдің барлық артықшылығын жеке бағалап, тексеріп көргісі келетіндер тест-драйвқа жазыла алады», – деп әңгімелеп берді.

Инновациялық жаңалықтар арасында – соңғы буынды белсенді түрде шу басу жүйесі. Шуды әрбір дөңгелек аркасына кіріктірілген датчиктер анықтайды. Цифрлық процессорлар салондағы және бассүйегіштердегі динамиктердің көмегімен қажетсіз шуды жоюы керек дыбыстарды есептеп отырады.

Тып-тыныш атмосферамен я болмаса музыкамен рақаттануға болады, мұндай атмосфераны ең үздік автокөлік аудиожүйелерінің бірі – Meridian Signature Reference ұсынады. 29 динамик, сабвуфер және қуаты 1430 Вт күшейткіштің арқасында музыка жоғары сапада ойнатылып, төрт жолаушының әрқайсысы үшін дербес дыбыс ортасы жасалады.

Тағы бір артықшылығы – салондағы ауаны тазалайтын Pro жүйесі. Сүзу процесі мен заманауи технологиялар жағымсыз иістерді, бактериялар мен аллергендерді, сондай-ақ вирустарды жоюға көмектессе, көмірқышқыл газының деңгейін бақылау жүйесі жүргізуші мен жолаушылардың хал-жайын жақсартады. Жүйені қашықтан басқаруға болады, осылайша, сапарға шығар алдында салонға таза ауа толтыруға мүмкіндік туады.

Жоғары жылдамдықты сүйетіндер үшін руль бұру жүйесі көмектеседі, ол артқы дөңгелектерді алдыңғы дөңгелектердің бағытында 7,3 градусқа бұруды қамтамасыз етіп, жаңа Range Rover Sport-тың тұрақтылығын біршама арттырады.

Тағы бір жаңалық – күндізгі жүріс жарықтарымен жиектелген бас жарықтың цифрлық жарықдиодты фаралары түнде 500 м дейінгі тамаша көріністі қамтамасыз етеді. Әр фарада 1,3 миллион цифрлық микроайналары бар, осының арқасында жарық сәулесі нысандарды қамтып, жарықтандыруды оңтайландырады және жол қозғалысының басқа қатысушыларының көзін барынша қарықтырмауға көмектеседі.

slider_234
slider_235
slider_228
slider_229
slider_233
slider_230
slider_231
slider_232
 
Range Rover Sport алдын ала тапсырыс бойынша қолжетімді және Алматы мен Астана қалаларындағы Jaguar Land Rover дилерлік орталықтарында бар.

Модель туралы толығырақ білу және тест-драйвқа жазылу үшін сайтты қараңыз.

Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.