kz ru en

Көктемгі демалысты пайдалы өткізу: алматылық оқушылар Hyundai Trans Kazakhstan зауытында болды


Көктемгі демалысты пайдалы өткізу: алматылық оқушылар Hyundai Trans Kazakhstan зауытында болды

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты мен оның қызметкерлері үшін қонақтардың экскурсиялары дәстүрге айналды: ашылғаннан бері толық емес үш жыл ішінде мұнда мектеп оқушылары, студенттер мен кәсіпкерлер бірнеше рет болды.

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты мен оның қызметкерлері үшін қонақтардың экскурсиялары дәстүрге айналды: ашылғаннан бері толық емес үш жыл ішінде мұнда мектеп оқушылары, студенттер мен кәсіпкерлер бірнеше рет болды.

24 наурызда Hyundai Trans Kazakhstan қонақтарды қайта қабылдады: үш Алматы мектебінен - Республикалық физика-математика мектебінен, И.В.Панфилов атындағы №54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейінен, сондай-ақ Жәния Әубәкірова авторлық мектебінен үш экскурсиялық топ. Барлығы бұл күні зауытқа экскурсияға қатысушы 55 адам келді, олардың арасында 7-11 сынып оқушылары, олардың оқытушылары мен ата-аналары болды.

«Біз Hyundai Trans Kazakhstan автозауытына таңғажайып және қызықты экскурсияға бардық. Балалар зауытпен тек экраннан ғана танысып немесе ол туралы әңгіме естіп қана қойған жоқ, олар автокөлік жасаудың күрделі өндірістік процесін өз көздерімен көрді, - деп атап өтті №54 мектеп-лицейдің оқытушысы Марал Салиндина. - Зауыт қызметкерлерінің арасында осындай пайдалы техникалық мамандықтарды игеріп жатқан жастарды көріп қуандым.  Болашақта оқушыларым да солардан үлгі алады деп армандаймын».

Экскурсияға қатысушыларға Hyundai брендінің құрылу тарихы және оның Қазақстанда дамуы туралы айтылды. Зауыт бойынша экскурсияға шанақтарды дәнекерлеу және бояу цехтарына, пластикалық бөлшектерді бояу цехына, құрастыру цехына және сынақ полигонына бару кірді. Осылайша, мектеп оқушылары шанақтарды дәнекерлеуден бастап, сынақ жолында дайын Hyundai көліктерін тексерумен аяқталатын өндірістік циклды көрді.

Ал РФММ оқушылары үшін экскурсия алдағы робототехника бойынша халықаралық турнирге дайындық бағдарламасының маңызды элементі болды. РФММ оқытушысы және қазақстандық команданың тәлімгері Айдос Ордабаевтың айтуынша, роботтар жасау және автомобильдерді нөлден бастап жасау өте ұқсас процестер, демек зауытта көргендері оның командасының қатысушыларының білім базасын толықтырады және кеңейтеді.

«Бүгін өте ерекше күн болды - мен сыныптастарыммен бірге Hyundai Trans Kazakhstan зауытында болдым. Біз көптеген жаңа нәрселерді біліп қана қоймай, көргендерімізден үлкен әсер алдық. Менің назарыма автокөліктерді бояу процесі, сондай-ақ ерекше жұмыс атмосферасы ілікті - адамдарды бақылап, айналысып жатқан істері өздеріне ұнайтынын тамашалау қызықты болды», - деп өз әсерімен бөлісті Ж.Әубәкірова авторлық мектебінің оқушысы Венера Джанаева.

Hyundai Trans Kazakhstan-ға экскурсиялар – бұл балалар үшін де, ересектер үшін де жаңа білім мен ой-өрісті кеңейту болып табылатыны сөзсіз. Экскурсиялар ай сайын өткізіледі.  Оларға қатысу мүлдем тегін, бірақ экскурсиялық топтардың саны мен олардың қатысушыларының саны шектеулі болуы мүмкін екенін ескеру маңызды. Өтінімдер мектептерден, жоғары оқу орындарынан, басқа оқу орындарынан press-tour@hyundai.kz электрондық мекенжайына қабылданады. Сондай-ақ, міндетті қорғаныс кеудешелері, каскалар мен көзілдіріктер – жарқын селфи үшін керемет аксессуарлар, ал көз жауын алатын өндірістік процестер – әлеуметтік желілер үшін баға жетпес контент!


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.