kz ru en

«Біз автоөнеркәсіпті жасаушылармыз»: «Астана Моторс» машина жасаушыларды құттықтады


«Біз автоөнеркәсіпті жасаушылармыз»: «Астана Моторс» машина жасаушыларды құттықтады

Машина жасаушы күні – «Астана Моторс» үшін ең маңызды мереке! Оның құрметіне арналған бірқатар салтанатты шаралар 22 қыркүйекте жыл сайынғы Машина жасаушылар форумында басталды, форумда Hyundai Trans Almaty директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қайрат Ережепов пен Hyundai Trans Kazakhstan бояу цехінің бастығы Александр Байер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті машина жасаушы» төсбелгілерімен марапатталды.

Машина жасаушы күні – «Астана Моторс» үшін ең маңызды мереке! Оның құрметіне арналған бірқатар салтанатты шаралар 22 қыркүйекте жыл сайынғы Машина жасаушылар форумында басталды, форумда Hyundai Trans Almaty директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қайрат Ережепов пен Hyundai Trans Kazakhstan бояу цехінің бастығы Александр Байер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті машина жасаушы» төсбелгілерімен марапатталды.

Ал мерекенің шарықтау шегі 22 қазан күніне сай келді! Машина жасау күнінің құрметіне Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan зауыттарының қызметкерлеріне алғысхаттар, сыйлық сертификаттары, алтын, күміс және қола «Астана Моторс» белгілері табысталды.

Hyundai Trans Almaty және Hyundai Trans Kazakhstan зауыттары – «Астана Моторс» компаниясының өндірістік кәсіпорындары.

Hyundai Trans Almaty 2011 жылы ашылды және Hyundai, Golden Dragon, МАЗ және Foton маркаларының мамандандырылған коммерциялық техникасын шығарады.

Hyundai Trans Kazakhstan зауытында 2020 жылдан бері Hyundai жеңіл автокөліктері өндіріледі. Биыл кәсіпорын өзінің толық өндірістік қуатымен жұмыс істеуге кірісті.

2022 жылдың төртінші тоқсанында Алматы Индустриалдық аймағында автокомпоненттер өндіретін зауыттың құрылысы басталады. Жобаға салынатын инвестициялар 15 млн долларды құрайды. Өндірістік жайлардың ауданы – 9 500 ш. метр. Кәсіпорындарда 175 жұмыс орны құрылады. Өндірістерді іске қосу 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Сондай-ақ қытайлық автоөнеркәсіптің көшбасшылары Chery, Haval және Changan маркаларының автокөліктерін өндіретін мультибрендті зауыт тұрғызылады. Жаңа индустриалды нысанның Қазақстан үшін түбегейлі ерекшелігін атап өтер болсақ, кәсіпорын шанақты дәнекерлеумен және бояумен бірге шағын торапты әдіспен автокөліктердің бүкіл көлемін өндіретін болады. Мультибрендті зауыттың өндірістік қуаты жылына 90 мың автокөлікке дейін, соның ішінде 60%-ын – ТМД елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Инвестициялар 100 млрд теңгеден асып жығылады.

Кәсіпорын 2200-ге тарта жоғары біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарын ашады, олардың әрқайсысы басқа салаларда онға дейін жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін болады.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.