kz ru en

Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда


Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.

hyundaiТөрт келісім Қазақстанда автоөнеркәсіпті дамыту мен автокомпоненттер шығаруды көздейді. Инвестицияның жалпы көлемі $78,3 млн құрайды.

hyundaiҚазақстанда 2027 жылдың желтоқсан айында бесінші буындағы Hyundai Tucson өндірісі Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында басталады. Жаңа модель өндірісін локализациялау бойынша келісімге Astana Motors және Hyundai Motor Company қол қойды. Инвестиция көлемі $67 млн құрайды. Автокөлік шанақты дәнекерлеу және бояу жұмыстарын қамтитын ұсақ түйінді құрастыру (CKD) әдісімен өндіріледі.

hyundaiAstana Motors пен Youngsan Glonet Corporation автокөлік орындықтарының қаптамалары мен пайдаланылған газды шығару жүйесінің компоненттерін, оның ішінде газ бәсеңдеткіштер өндірісін жергіліктендіреді. Инвестиция көлемі $4,7 млн деп бағаланып отыр. Жобаны Алматы индустриялық аймағындағы Astana Motors Технопаркінде орналасқан Almaty Autoparts Production кәсіпорны іске асырады. Орындық қаптамаларын шығару 2026 жылдың төртінші тоқсанында, ал газ бәсеңдеткіштер өндірісін 2027 жылдың бірінші тоқсанында бастау жоспарланған.

hyundaiAstana Motors және THN Corporation бірлесіп Kazakhstan Wire Systems кәсіпорнында автокөлікке арналған сымдар шоғарын өндіруге $4,6 млн инвестиция құяды. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 мың жиынтықты құрайды, ал оны іске қосу 2026 жылғы желтоқсанға жоспарланған. Дайын өнім алдымен Kia Sportage үшін, ал 2027 жылдан бастап Hyundai Tucson үшін жеткізіледі.

hyundaiAstana Motors пен MOTREX компаниялары Технопаркінде орналасқан Kazakhstan Mobility Engineering кәсіпорнында автокөліктің еден жабындарын өндіруге шамамен $2 млн инвестиция салады. Оның өндірістік қуаты жылына 100 мың жиынтықты құрайды. Жобаны іске қосу 2027 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

hyundaiСоңғы бесінші құжат мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа қатысты. Almaty Museum of Arts және Кореяның Ұлттық заманауи өнер музейі (MMCA) ұзақ мерзімді серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Алғашқы бірлескен көрме 2027 жылғы қыркүйекте Алматыда өтеді және Корея Республикасы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапарына орай ұйымдастырылады.
Жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті және Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігі қолдау көрсетті.


Басқа жаңалықтар

OMODA мен JAECOO Қазақстанда жаңа кезеңге қадам басты: Алматыдағы тест-драйв қалай өтті?
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы Қазақстандағы дамудың жаңа кезеңі басталғанын жариялады. Алматыдағы Sokol автодромында бес жаңа автокөліктің ресми таныстырылымы өтіп, журналистер мен автоблогерлерге арналған тест-драйв ұйымдастырылды.
DENZA B8: Қазақстанда флагмандық гибридті жол талғамайтын көлік таныстырылды
Denza-ның Қазақстандағы Astana Motors құрамына кіретін ресми дистрибьюторы жаңа премиалды DENZA автомобиль брендінің сатылымы басталғанын жариялады.
Changan Қазақстанның қайталама нарығында сұранысты растайды
Changan автокөліктері тек ресми дилерлерде ғана емес, сонымен қатар кейінгі нарықта сатып алу үшін автокөліктерді қарастыратын сатып алушылар арасында да сұранысқа ие. Kolesa.kz зерттеуіне сәйкес 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында брендтің үш моделі - CS35 MAX, CS55 Plus және Cs75 Plus — автокөлік алаңындағы әлеуетті сатып алушылардың байланыс саны бойынша үздік бестікке кірді.