kz ru en

Айғақұмға жанармай толтырмай жеткен Chery: Қазақстанда шығарылған гибридтердің тест-драйвы


Айғақұмға жанармай толтырмай жеткен Chery: Қазақстанда шығарылған гибридтердің тест-драйвы

Қазақстанда өндірілген жаңа Chery TIGGO 7 PHEV және TIGGO 8 PHEV кроссоверлерін блогерлер, БАҚ өкілдері және брендтің клиенттері сынақтан өткізді.

Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan компаниясы тест-драйв ұйымдастырып, қатысушылар үшін Алматыдан «Алтын-Емел» ұлттық паркінің аумағындағы Айғайқұмға дейін арнайы маршрут әзірледі.

Автокеруенді автокөлік сарапшысы Тимур Мұстафаев бастап жүрді. Жалпы алғанда, қатысушылар шамамен 700 шақырым жол жүріп өтті. Олар екі модельдің тас жолдағы және жолсыз жердегі жүріс-тұрысын салыстыру үшін кезекпен көлік тізгініне отырып, екі кроссовердің де мүмкіндіктерін жан-жақты бағалады.

Кроссоверлер Chery Super Hybrid бесінші буындағы гибрид күштік қондырғысымен жабдықталған. Оның негізін арнайы әзірленген 1,5 литрлік турбоқозғалтқыш құрайды. Бұл қозғалтқыш электрмоторымен бірге жұмыс істеп, жалпы қуаты 279 ат күшіне дейін жетеді.

CATL компаниясының заманауи LFP аккумуляторы және толық жанармай багы көлікке 1200 шақырымға дейін жол жүруге мүмкіндік береді. Соның арқасында тест-драйвқа қатысушылар Алматыдан Айғайқұмға дейін барып, қайта оралғанша жанармай құймай жүруге жеткілікті болды.


Chery TIGGO 7 PHEV және TIGGO 8 PHEV «Алтын-Емелде». Фото: Astana Motors

«Бүгінде қуат көзіне қосылып қуатталатын гибридті автокөліктер (PHEV) әлемдік автонарықтағы басты трендтердің біріне айналды. Chery бренді өзінің ең танымал TIGGO 7 және TIGGO 8 модельдерін жаңа форматта ұсынды. Chery Super Hybrid жүйесінің басты артықшылығы – оның бірнеше жұмыс режимі бар. Қала ішінде күнделікті қатынас үшін электр қуатының өзі жеткілікті, автокөлікті кешке смартфон секілді оңай қуаттауға болады. Ал алыс сапарға шыққанда жүйе бензин қозғалтқышын автоматты түрде іске қосып, гибридті режимге ауысады. Біз осы мүмкіндікті тест-драйв барысында іс жүзінде сынап көрдік. Жолдың жартысын жоғары жылдамдықтағы тасжолмен, қалған бөлігін жолсыз жерлермен жүріп өттік. Соған қарамастан менің орташа жанармай шығыным 100 шақырымға 5 литрдей  болды. Сағатына 100–120 шақырым жылдамдықпен жүрген үлкен отбасылық кроссовер үшін бұл – өте жақсы көрсеткіш», – деді автокөлік сарапшысы Тимур Мұстафаев.

Саяхат кезінде кроссоверлерде қарастырылған V2L функциясы автокөлікті жылжымалы электр қуатының көзіне айналдырады. Қуаты 3,3 кВт-қа дейінгі розеткаға кофеқайнатқышты, тоңазытқышты, аэрогрильді және басқа да тұрмыстық техниканы қосуға болады. Тест-драйвқа қатысушылар бұл мүмкіндікті бірден пайдаланып, табиғат аясында кофе әзірлеп, шұжық өнімдерін пісірді.

«Алтын-Емелдегі» тест-драйвқа қатысушы. Фото: Astana Motors

«Саяхатшы ретінде мен үшін гибрид автокөліктің басты артықшылығы – еркін қозғалу мүмкіндігі. Ұзақ сапарға шығып, өзіңе қажетті техниканы бірге алып жүруге, оны тікелей автокөлікке қосып, табиғат аясында да үйреншікті жайлылықпен демалуға болады. Көлікті жүргізу кезінде маған ерекше әсер бергені– оның жоғары динамикасы болды. Автокөлік орнынан қозғалғанда да, басып озу кезінде де газ педаліне лезде жауап береді. Ондаған шақырым грейдерден өтсек те, аспа жүйесі жолсыз жердің қиындығын өте жақсы еңсерді», – деді тревел-блогер Владислав Притуляк.

Панорамалық шатыр арқылы «Алтын-Емелдің» көркем табиғатын тамашалауға мүмкіндік туды, ал салонның мұқият ойластырылған эргономикасы сапарды бұрынғыдан да жайлы етті. Аудиожүйе, телефон қоңыраулары, борттық компьютер және круиз-бақылауды басқаруға арналған негізгі тетіктер рөлде орналасқандықтан жүргізуші назары жолдан басқаға аумайды.

«Алтын-Емелдегі» тест-драйвқа қатысушылар. Фото: Astana Motors

«Тест-драйв кезінде мен жолаушы ретінде сапарға шықтым және массаж функциясын пайдаландым. Ұзақ жолда бұл – өте қажетті нәрсе екен. Ал шынтақ қойғыш астындағы салқындатқыш бокстың біге зор көмегі болды. Оның ішіне сусындар, шоколадтар мен жеңіл тіскебасарларды салып алған едік. Осындай аптап ыстықта бұл функцияның пайдасы айтарлықтай сезілді», – деді блогер Айя Әбіш.

Chery TIGGO 7 PHEV және TIGGO 8 PHEV модельдерінің тест-драйвқа қатысушылары Айғайқұмда. Фото: Astana Motors

Ресми дилерлер Chery TIGGO 7 PHEV моделіне 5 жыл немесе 150 мың шақырым, ал Chery TIGGO 8 PHEV моделіне 7 жыл немесе 200 мың шақырым кепілдік береді. TIGGO 7 PHEV кроссоверінің бағасы жабдықталу деңгейіне қарай 11 990 000 теңгеден, ал TIGGO 8 PHEV моделі 13 490 000 теңгеден басталады. Қазіргі таңда бұл кроссоверлерді Қазақстан бойынша жұмыс істеп тұрған 25 Chery дилерлік орталығынан сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, жуырда Қазақстанда өндірілген Chery TIGGO 7 PHEV және Chery TIGGO 8 PHEV модельдерінің ресми тұсаукесері өтті. Бұл – Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында шығарылған жаңа энергия көзінен (NEV – New Energy Vehicles) жүретін алғашқы автокөліктер.

Гибрид модельдер қатарының кеңеюі Chery брендінің Қазақстандағы даму жолында кезекті маңызды кезең болды. Компания еліміздің нарығында 2021 жылдан бері ресми жұмыс істеп келеді және бүгінде Қазақстандағы ең танымал ТОП-5 автокөлік брендтерінің қатарына кіреді. Сондай-ақ компания алдағы уақытта өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтпек. Осы уақыт ішінде ресми дилерлер 54 мыңнан астам автокөлік сатса, ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша сатылым көлемі 11%-ға өсті.

Chery брендінің стратегиясының негізінде технологиялық инновациялар, қауіпсіздік және бүкіл отбасыға арналған жайлылық қағидаттары жатыр. Бұл ұстанымды For Family, For Champion тұжырымдамасы айқындайды. Ал оны автокөлік иелеріне жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған Chery Family Care сервистік бағдарламасы толықтыра түседі.
 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.