kz ru en

Changan қытай брендтер арасында көш бастап, Қазақстан нарығының ТОП-3 қатарына енді


Changan қытай брендтер арасында көш бастап, Қазақстан нарығының ТОП-3 қатарына енді

Changan 2026 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы қытай автокөлік брендтері арасында бірінші орынға шығып, автонарықтың ТОП-3 көшбасшылары қатарына енді. Бұл туралы «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәлімдеді.

Бір ай ішінде Astana Motors құрамындағы Changan Kazakhstan ресми дистрибьюторы 1 793 автокөлік сатып, брендтің нарықтағы үлесін 10,3%-ға жеткізді. Бұл көрсеткіш Changan брендіне жалпы сатылым рейтингінде сенімді түрде үшінші орын алуға мүмкіндік берді. Бренд Kia-дан озып, тек Hyundai мен Chevrolet-тен кейін орналасты.

Жыл басынан бері 6 906 Changan автокөлігі сатылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 79,5%-ға өскен. Бұл – Қазақстандағы ірі автобрендтер арасындағы ең жоғары өсім көрсеткіштерінің бірі.


Changan CS35 MAX автокөлігі. Фото ЖИ көмегімен жасалған

Мамыр айында Changan брендінің бірден екі кроссовері бестселлер атанды. CS55 Plus және CS35 MAX модельдерінің әрқайсысы 637 данадан сатылып, сатылым көлемі бойынша үшінші орынды бөлісіп, брендтің Қазақстан нарығындағы жоғарғы позициясын қамтамасыз етті.

Мамыр айындағы рейтингте бұл екі модель тек Chevrolet Cobalt пен Hyundai Tucson көліктеріне ғана жол берді.

Сатып алушылар бренд автокөліктерін сенімділігі, заманауи дизайны, жабдықталу мен қауіпсіздіктің озық технологиялары үшін жоғары бағалайды. Олардың қатарында 360 градус шолу жүйесі мен жүргізушіге арналған интеллектуалды көмек жүйелерінің кешені бар.

Бүгінде Қазақстандағы Changan модельдік қатарына кроссоверлер, седан, лифтбек және пикап кіреді. Сатып алушыларға CS35 MAX, CS55 Plus, CS75 Plus, UNI-K, UNI-V және Hunter Plus модельдері ұсынылған.

Ең көп сұранысқа ие модель – CS55 Plus. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аталған модельдің 5 558 данасы сатылып, Қазақстан нарығындағы қытай автокөліктер арасында көшбасшы атанды.


Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытындағы Changan автокөліктерінің өндірісі. Фото: Astana Motors

Қазақстандағы брендтің қарқынды дамуына кең ауқымды дилерлік желіден бөлек жергілікті өндіріс те ықпал етуде. Қазіргі таңда Changan автокөліктері 2025 жылдың қыркүйегінде іске қосылған Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында өндіріледі.
Ел ішінде өндірістің жолға қойылуы автокөліктердің әлдеқайда қолжетімді етіп, брендтің нарықтағы позициясын одан әрі нығайтты.

Бүгінде Changan автокөліктері Қазақстанның 19 қаласындағы 31 ресми дилерлік орталықта ұсынылған.

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытындағы Changan автокөліктерінің өндірісі. Фото: Astana Motors.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.