Қазақстан гольфшылары Оңтүстік Африкада өтетін BMW Golf Cup әлемдік финалына жолдама алды
28/05/2026
28/05/2026
28 мамыр күні Алматыда BMW Golf Cup Kazakhstan 2026 турнирі өтті. Бұл BMW компаниясының Қазақстандағы алғашқы ресми гольф турнирі болды. «Жайлау» гольф-курорты аумағында өткен сайыс маусымның ең маңызды спорттық оқиғаларының біріне айналды.

Қазақстан алғаш рет халықаралық деңгейде BMW Golf Cup турнирінің іріктеу кезеңін өткізді. Жеңімпаздар Оңтүстік Африкада өтетін BMW Golf Cup 2026 әлем финалында ел намысын қорғау құқығын жеңіп алды.
Турнирді Astana Motors құрамындағы Қазақстандағы BMW дистрибуциясы ұйымдастырды. Жеңімпаздарды Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов марапаттады.

Арнайы номинациялар бойынша Longest Drive санатында Рита Положенцева мен Қайрат Мәми, ал Nearest to the Pin санатында Аягөз Абитаева мен Багдат Манзоров жеңімпаз атанды.
Best Gross санатында турнирдің үздік ойыншылары ретінде Лия Кан мен Серімжан Досумов танылды.
Әйелдер арасындағы Stableford Net Ladies санатында Аягөз Әбітаева үшінші орынға, Әлия Салыбекова екінші орынға ие болды. ал Гүлжамаш Заитбекова турнир жеңімпазы атанды.
Ерлер арасындағы Stableford Net Men санатында Нартай Дүтбаев үшінші орынға, Қажмұрат Үскенбаев екінші орынға ие болды. Турнирдің жеңімпазы Ахметжан Есімов болды.

Осылайша, Гүлжамаш Заитбекова мен Ахметжан Есімов Қазақстан атынан 2027 жылдың наурыз айында Оңтүстік Африка Республикасында өтетін BMW Golf Cup World Final 2026 әлемдік финалына қатысады.
BMW финалистердің сапарын ұйымдастыруды толықтай өз мойнына алып, бизнес-класс әуе билеттерін, BMW көліктерімен VIP-тасымалдауды және бес жұлдызды қонақ үйде тұруды қамтамасыз етеді.
28/05/2026