BYD — Қазақстандағы және әлемдегі NEV сатылымы бойынша чемпион
10/02/2026
10/02/2026
Өткен жылы Қазақстанда сатылған жаңа энергия көздерімен жұмыс істейтін автомобильдердің (NEV) ішінде BYD үлесі 76%-ды құрады. Қазақстанның автокөлік одағының (ҚАО) деректері бойынша, 2025 жылы BYD ресми дилерлері 3 245 электромобиль мен гибридті көлік сатты, олардың арақатынасы сәйкесінше 52% және 48% болды. Бұл республикадағы экологиялық таза көлік сатылымы бойынша ең жоғары көрсеткіш.
«BYD — NEV сатылымы бойынша әлем чемпионы. Біз үшін жаһандық көшбасшыны таныстыру үлкен мәртебе, ал клиенттердің адалдығы — ең жоғары құндылық. Біз жергілікті нарықтағы нәтижелерімізді мақтан тұтамыз, экологиялық таза автомобильдердің жалпы сатылымының төрттен үш бөлігі біздің еншімізде. Бұл өнімнің құндылығын және брендтің елде танылғанын растайтын айтарлықтай басымдық. Біз ресми дилерлермен бірге жұмыстың алғашқы жылын өте сәтті өткіздік, BYD-тің аймақтағы мінсіз беделін дамытуға және қалыптастыруға бар күшімізді, тәжірибемізді, ресурстарымызды салдық», — деді Қазақстандағы BYD дистрибуциясының директоры Антон Кущ.
BYD — технологиялық прогрестің қозғалтқышы және ҚХР өнеркәсіп саласындағы көшбасшылардың бірі. Компанияның қуатты ғылыми, өндірістік базасы бар және сыртқы компоненттерді жеткізуге тәуелді емес. 2025 жылы BYD ҒЗТКЖ-ға (Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) 6 миллиард доллардан астам қаражат бөлді. Компанияның зерттеулер мен әзірлемелерге салған инвестицияларының жалпы көлемі 220 миллиард юаньды немесе шамамен 31,7 миллиард долларды құрады.
BYD-ке әлемдік танымалдылықты компанияның өзі әзірлеген — әлемдік сарапшылар ең қауіпсіз және ұзақ мерзімді деп таныған Blade Battery аккумуляторы әкелді. Бұған медиа өкілдері BYD Kazakhstan дистрибьюторымен кездесуде көз жеткізді, ол BYD Central Asia штаб-пәтерімен бірлесіп BYD Blade Battery аккумуляторының сынақтарын көрсетті. Аккумулятор ұяшығына енетін «шегемен» тесу сынағы өткен демалыс күндері Алматыда өтті. Тесу батареяның зақымдануы мүмкін жағдайды, мысалы, ірі жол-көлік оқиғасы кезіндегі жағдайды имитациялайды. Мұндай зақымданулар құрамында никель, кобальт және марганец бар кәдімгі NCM батареяларының жарылуына және соның салдарынан өртке әкеледі. BYD Blade Battery «шегемен» сынау кезінде литий-темір-фосфатты құрамы (LFP), сондай-ақ деформацияға төзімді құрылымы арқасында ешқандай реакция көрсетпейді, бұл жылудың таралуын шектеп, жоғары термиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік, сенімділік, инновациялар, жоғары сапа — BYD-тің жаһандық жетістігінің негізгі факторлары. Өз тарихында компания 15 миллион автомобиль шығарды. 2025 жылғы сатылым қорытындысы бойынша BYD экспорттық нарықтарға NEV сату бойынша өз рекордтарын жаңартты, Қытайдан тыс жерлерде миллионнан астам экологиялық таза автокөлік сатты.
«Біз брендтің нарықтағы ілгерілеуі бәсекелестікті күшейтетінін түсінеміз және аймақта көшбасшылықты сақтауға ниеттіміз. Бүгінгі және болашақтағы жетістікке деген сенімділікті бізге BYD-тің даусыз артықшылықтары береді: бұл қауіпсіз Blade Battery аккумуляторы, DM-i гибридті қосылатын инновациялық технологиясы, автомобиль функцияларын қашықтан басқаруға арналған BYD APP жеке қосымшасы, автомобильді мобильді электр станциясына айналдыратын V2L жүйесі және басқа да ресурстар. Біз өз кезегімізде Қазақстандағы дилерлік желіні дамытуды, модельдік қатарды жаңартуды, BYD стандарттары бойынша қызмет көрсетуді және аймақтағы экологиялық таза көліктің маңыздылығын арттыруды жалғастырамыз», — деп атап өтті Антон Кущ.

Алматыдағы медиа өкілдерімен кездесуде 2026 жылы Қазақстанға арналған BYD модельдік қатары гибридті седан BYD SEAL 6 және гибридті кроссовер BYD ATTO 8-бен толығатыны белгілі болды. Сонымен қатар, дистрибьютордың ақпараты бойынша, ағымдағы жылы 2010 жылы Mercedes-Benz Group-пен бірлесіп құрылған BYD-тің DENZA суббрендінің жергілікті нарыққа шығуы жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы BYD ресми дилерлері алты модельді ұсынады, олардың бесеуі 2025 жылғы сатылым қорытындысы бойынша елдегі ең танымал NEV модельдерінің рейтингінде алғашқы орындарды иеленді. Бұл гибридті кроссовер BYD SONG PLUS DM-i, электр кроссоверлері BYD YUAN UP және BYD SONG PLUS EV, сондай-ақ BYD SEALION 7 және люкс электр седаны BYD HAN. Алтыншы модель — BYD CHAZOR өткен жылдың желтоқсанында қатарға қосылды.
Бүгінгі таңда BYD ресми дилерлік желісінде BYD стандарттары бойынша сервистік қызмет көрсететін, білікті техникалық мамандары және түпнұсқа қосалқы бөлшектер қоймалары бар 20 орталық бар. Естеріңізге сала кетейік, Astana Motors Қазақстандағы брендтің дистрибьюторы және дилері болып табылады, сонымен қатар Өзбекстандағы BYD-тің ең ірі дилерлік желісіне ие.

Сонымен қатар, Astana Motors ЭЗС желісін дамытуда, бүгінгі таңда MyCharge зарядтау станциялары Қазақстанның тоғыз қаласында жұмыс істейді. 2026 жылы компания экспансияны жалғастырып, MyCharge ЭЗС санын екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.
Дереккөз - Forbes.kz
10/02/2026