kz ru en

HYUNDAI ДИЛЕРЛІК ЖЕЛІСІНДЕ GENESIS АВТОКӨЛІКТЕРІНІҢ САТЫЛЫМЫ БАСТАЛДЫ


HYUNDAI ДИЛЕРЛІК ЖЕЛІСІНДЕ GENESIS АВТОКӨЛІКТЕРІНІҢ САТЫЛЫМЫ БАСТАЛДЫ

Genesis корей премиумды автокөлік бренді сату форматын өзгертеді және Қазақстан нарығындағы үлесін кеңейтеді. 2026 жылдың мамырынан бастап Genesis автокөліктерін бүкіл ел бойынша ресми Hyundai дилерлік желісі арқылы сатып алуға және қызмет көрсетуден өтуге болады.

Genesis корей премиумды автокөлік бренді сату форматын өзгертеді және Қазақстан нарығындағы үлесін кеңейтеді. 2026 жылдың мамырынан бастап Genesis автокөліктерін бүкіл ел бойынша ресми Hyundai дилерлік желісі арқылы сатып алуға және қызмет көрсетуден өтуге болады.

Енді Genesis флагмандық дилерлік орталығында да, Қазақстанның тоғыз қаласындағы: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Тараз, Өскемен қалаларындағы Hyundai ресми дилерлік орталықтарында да консультация алуға, тест-драйвтан өтуге, автокөлік сатып алуға немесе сервистік қызметті пайдалануға болады.

ФОТО: Hyundai дилерлік орталығындағы Genesis автокөлігі

Сатып алушылар үшін брендтің барлық өзекті желісі қолжетімді: GV70, GV80 және GV80 Coupe кроссоверлері, сондай-ақ G80, G90 седандары және флагмандық G90 Long Wheelbase. Автокөліктердің құны 28,3 млн теңгеден басталады. Сондай-ақ кредиттік бағдарламалар мен trade-in қолжетімді.


Қосымша артықшылығы - сатудан кейінгі қолдау пакеті. Көлік иелеріне бес тегін техникалық қызмет көрсету (5 ТҚК), сондай-ақ жүріп өткен жолы 100 000 километрге дейінгі көрсеткішпен кепілдік қолжетімді. Бұл пайдаланудың алғашқы жылдарында автокөлікке иелік ету құнын төмендетуге мүмкіндік береді және сатып алу кезінде қосымша сенімділікті қамтамасыз етеді.


Нарық үшін бұл шешім айтарлықтай ерекше болып көрінеді: премиумды бренд еліміздің ең дамыған дилерлік желілерінің біріне қол жеткізді. Astana Motors компаниясының өкілдері бұл формат өз нәтижесін жақсы жағынан көрсетіп отырғанын атап өтуде. Қазақстандағы Hyundai және Genesis дистрибуциясының директоры Марат Смағұловтың айтуынша, сатылымның жаңа моделі іске қосылған сәттен бері дилерлер клиенттерге бірнеше Genesis автокөліктерін тапсырып үлгерген.


«Бұл формат клиенттеріміздің көңілінен шықты, біз Genesis автокөліктерін, соның ішінде trade-in бағдарламасы бойынша бірнеше клиенттерімізге тапсырып үлгердік. Біз өзіміздің автоорталықтарымыздың клиенттері үшін таңдау мүмкіндігін кеңейтудеміз және Genesis автокөліктері енді Қазақстанның бірнеше қаласында қолжетімді. Клиенттеріміз брендтің премиумды автокөліктерінің стилін, жабдықталуы мен сапасын жоғары бағалайтынына сенімдімін», – дейді Марат Смағұлов.
 

ФОТО: Hyundai дилерлік орталығындағы Genesis автокөлігі

Жанар – Hyundai дилерлік орталығынан Genesis автокөлігін алғашқылардың бірі болып сатып алды.
«Мен дилерлік орталыққа жаңа көлікті қарау үшін келдім. Консультанттар GV70 автокөлігіне назар аударуды ұсынды. Қызыл былғарымен қапталған салоны бірден менің көзіме түсті, салоны осындай автокөлік туралы армандайтын едім, ал оған отырғанда – жүрегім зу ете қалды. Мен жүргізіп келген автокөлігімді бірден trade-in арқылы тапсырып, осы автокөлікті сатып алдым. Мен өте бақыттымын», – деп бөлісті Genesis автокөлігінің жаңа иесі.


ФОТО: Hyundai дилерлік орталығында Genesis автокөлігінің тапсырылуы

Astana Motors құрамына кіретін Genesis Auto Kazakhstan дистрибьюторы 2024 жылғы қараша айынан бері Қазақстанда брендке өкілдік етеді. 2024 жылдың күзінен бастап Genesis автокөліктері Hyundai Trans Kazakhstan зауытында шығарылуда. Жергіліктендіру тұрақты жеткізілім мен сапаны бақылаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Genesis әлемдегі ең жас премиумды автокөлік брендтерінің бірі болып қала беруде, Hyundai Motor Group ресми түрде іске қосылуын 2015 жылы жариялады. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде Genesis «тыныш сән-салтанат» стиліндегі танымал дизайнының, жоғары жабдықталу деңгейінің, сапасының және сенімділігінің арқасында өз аудиториясын қалыптастыра алды. Брендтің фирмалық философиясы заманауи технологиялардың, жайлылық пен талғампаздықтың үйлесіміне негізделген.


ФОТО: Hyundai дилерлік орталығындағы Genesis автокөлігі

Толық ақпарат – Қазақстандағы Genesis ресми сайтында, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ байланыс орталығының 7007 телефон нөмірі бойынша.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.