kz ru en

Тек қана Қазақстан үшін: Haval Jolion кроссовері «Sapphire» түсте қолжетімде


Тек қана Қазақстан үшін: Haval Jolion кроссовері «Sapphire» түсте қолжетімде

Жаңа түс тек Қазақстанда және тек Haval Jolion үшін қолжетімді. Сатылым брендтің барлық ресми дилерлік орталықтарында ашық.

Қазақстанда өндірілетін Haval Jolion кроссовері ерекше Sapphire түсіне ие болды. Аталған қою көк түсті Great Wall Motor компаниясы арнайы Қазақстан нарығы үшін әзірлеген. Модель Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan  зауытында өндіріледі. Ал брендің ел ішіндегі дистрибьюторы — Astana Motors құрамындағы Haval Motor Kazakhstan компаниясы.
Sapphire – жаңбырдан кейінгі көк майса қазақ даласының өңі, Іле Алатауының зеңгір аспаны және осы түске өз атын берген асыл тастың жарқыл түсі. Бұл түсті бір сөзбен сипаттау мүмкін емес, оны көру керек.


«Қазақстандық сатып алушылар көлікті тек оның сипаттамаларына қарап таңдауды әлдеқашан тоқтатқан. Оған ең бастысы көліктің аулада, кеңсе тұрағында немесе тау жолында жүргенде оның қалай көрінетіні маңызды. Сондықтан біз  GWM нарығында жоқ түсті жасадық. Sapphire көліктің басқа ешкімдікі емес, тек қана сіздікі екенін сезіндіреді», - дейді Haval Motor Kazakhstan бас директоры Эдуард Кузнецов.

Haval Jolion Sapphire. Haval Jolion Sapphire. ФОТО: Astana Motors

Haval Jolion — брендтің Қазақстандағы ең танымал моделі және өз сегментіндегі ең көп сұранысқа ие кроссоверлердің бірі. Сатып алушылар оны заманауи дизайны, кең интерьері және қалаға бейімделгені үшін таңдайды. Сондықтан бұл модель алғашқы болып жаңа эксклюзивті түске ие болып, Қазақстандағы кең аудиторияға арналып жасалған.


Қазақстанда Jolion төрт комплектация деңгейінде қолжетімді: Elite, Premium, Tech Plus 2WD және Tech Plus 4WD. Олардың барлығы 1,5 литрлік турбоқозғалтқышпен және 7 сатылы DCT робот беріліс қорабымен жабдықталған. Көліктің 4472 x 1841 x 1574 мм өлшемі оны  қалалық тұраққа ыңғайлы етеді. Жаңа нұсқада сымсыз Apple CarPlay және Android Auto, 50Вт сымсыз қуаттағыш, қазақ тілінде офлайн дауыспен басқару, қозғалтқышты қашықтан іске қосу және екі қатар үшін қосымша USB Type-A, Type-C порттары пайда болды.


Haval — Great Wall Motor компаниясының негізгі брендтерінің бірі. 2025 жылы бренд Қазақстан нарығында бес жылдығын атап өтті және сатылым бойынша алтыншы орынға ие болды (11 688 көлік, 2024 жылға қарағанда 6,4% өсім). Ел ішінде дилерлік желі 18 қалада 27 орталықтан тұрады. 


Қосымша ақпаратты Haval Kazakhstan сайтынан немесе 7007 нөмірі бойынша байланыс орталығынан біле аласыз.


 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.