kz ru en

Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы балалар ауруханасына жеміс бағын сыйлады.


Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы балалар ауруханасына жеміс бағын сыйлады.

Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы сенбі 21 мамырда экологиялық іс-шара өткізді. HAK қызметкерлері Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының аумағына 100 түп алма мен алмұрт ағашынан тұратын бақ отырғызды.

Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы сенбі 21 мамырда экологиялық іс-шара өткізді. HAK қызметкерлері Алматыдағы Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының аумағына 100 түп алма мен алмұрт ағашынан тұратын бақ отырғызды.

Ағаш отырғызуға компания басшылығын қоса алғанда 60 адам қатысты.

slider_63
slider_64
slider_65
slider_66
slider_67
slider_68
slider_69
slider_70
slider_71
slider_72
slider_73
slider_74
slider_75
 

«Бүгін біз жаңа балалар ауруханасының аумағына ағаш аллеясын отырғыздық. Соңында біз естелік картина жасадық: әркім картина бетіне алақандарының ізін қалдырып, ағаштарымыз өсіп, еліміз көрікті әрі бейбіт өмір сүруіне тілек білдірді», – деді Денис Коломацкий, «Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторының директоры

slider_76
slider_77
slider_78
slider_79
slider_80
slider_81
 

Бұл компанияның осындай алғашқы акциясы, бірақ соңғысы емес. Hyundai Auto Kazakhstan алдағы уақытта да көгалдандыру және экологияны жақсарту іс-шараларына қатысатын болады.

2020 жылы Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы жұқпалы ковид ауруханаларына көмек көрсеткенін, соның ішінде «MultiFiltrate жедел диализ жүйесі» (Германия) медициналық жабдығын сатып алуға 51 млн теңге бөліп, оны Нұр-Сұлтан қаласындағы қалалық фтизиопульмонология орталығына бергенін айта кету керек.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.