kz ru en

Hyundai Com Trans Kazakhstan СТЕСА-2018 көрмесіне қатысуда


Hyundai Com Trans Kazakhstan СТЕСА-2018 көрмесіне қатысуда

Астанада үш күндік CTECA 2018 (Commercial Transport Expo Central Asia) — халықаралық коммерциялық техниканың мамандандырылған көрмесі басталды. Шара қатысушыларының бірі – Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы ҚР аумағындағы Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы.

Астанада үш күндік CTECA 2018 (Commercial Transport Expo Central Asia) — халықаралық коммерциялық техниканың мамандандырылған көрмесі басталды. Шара қатысушыларының бірі – Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясы ҚР аумағындағы Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы.

"Астана Моторс" ҚМК құрамындағы Hyundai Com Trans Kazakhstan ЖШС көрмеде үш модель: Н350 – жедел жәрдем, Н350 – жолаушыларға арналған нұсқасы мен HD35L жүк машинасын ұсынып отыр.

Қазақстанда құрастырылған HYUNDAI H350 – Ambulance – бұл тиімді және, ең бастысы, қауіпсіз автомобиль. Оның техникалық сипаттамасы HYUNDAI H350 көлігі өз қатарының көшбасшысы екендігін көрсетіп отыр. H350 моделін әзірлеу барысында инженерлер қауіпсіздік пен сенімділік секілді тұстарға көп мән берген.

Коммерциялық техника сегментіндегі сұранысқа ие көліктердің бірі – жолаушыларға арналған Hyundai H350. Сынақ кезеңі барысында көлік 1 млн-нан астам шақырымнан өтіп, алуан түрлі жол және экстремалды ауа райы жағдайларына төтеп берді. H350 экстерьері де өте функционалды. Көлік қауіпсіздік пен жайлылықтың көптеген функцияларымен жабдықталған. Жоғары сапалы құрыштан жасалған автомобиль жолаушылар мен жүргізушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мұнда қауіпсіздік пен көмектің толық электрондық жүйесі жинақталған.

Үшінші ұсынылған модель, жеңіл автокөлік секілді оңтайлы және жайлы – Hyundai HD35L – коммерциялық жүк машинасы. Сәнді дизайн, ыңғайлы басқару, отын сапасын талғамау – осы қасиеттердің бәрі HD35L көлігіне тән. Бұл автомобильдің жоғары сенімділігін айт кеткен дұрыс. Лайықты күтім болса, көлік ұзақ жыдар бойықызмет етері сөзсіз. Hyundai HD35L қала тасымалына арналған.

Осы көрменің арқасында шара қатысушылары мен қонақтары коммерциялық көлік нарығының даму үрдістерімен танысып, өзекті мәселелерді талқылап, сондай-ақ жаңа әріптестерді таба алады. Коммерциялық техника секциясы, басқа да секциялар секілді, ашық көрме алаңында ұсынылып, индустрия өкілдеріне біздің жетістіктерімізді паш етуге мүмкіндік беріп отыр.

 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.