kz ru en

«SUBARU AND BORODIN DRIVING ACADEMY» - ЭКСТРЕМАЛДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҚАУІПСІЗ ЕТУГЕ ҮЙРЕТЕМІЗ!


«SUBARU AND BORODIN DRIVING ACADEMY» - ЭКСТРЕМАЛДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҚАУІПСІЗ ЕТУГЕ ҮЙРЕТЕМІЗ!

2018 жылдың 6 мамырында "Subaru Motor Astana" дилерлік орталығында "Subaru and Borodin Driving Academy" - Экстремалды жүргізуді қауіпсіз етуге үйретеміз" курсының жаңа маусымы басталады. Бұл теориялық және тәжірибелік білім алам деушілерге арналған Владимир Бородиннің* арнайы курсы.

2018 жылдың 6 мамырында "Subaru Motor Astana" дилерлік орталығында "Subaru and Borodin Driving Academy" - Экстремалды жүргізуді қауіпсіз етуге үйретеміз" курсының жаңа маусымы басталады. Бұл теориялық және тәжірибелік білім алам деушілерге арналған Владимир Бородиннің* арнайы курсы.

Бұл курстың бағдарламасы бойынша сіз жаңа қозғалыс техникасы мен тиімді көлік жүргізу дағдыларын меңгеріп, оң эмоциялар зарядына ие боласыздар.

Сіздерге екінші буынды Subaru XV және жаңартылған Subaru Outback автокөліктерін әртүрлі жағдайда сынақтан өткізіп, түрлі тосқауылдарды жеңуге үйрену мүмкіндігі беріледі.  

Теория бөлімінде келесі тақырыптар ашылады:

  • Жүргізуші мен оның көлігі үшін ең қауіпті және күрделі саналатын жаңбырлы ауа-райы кезіндегі жүргізудің ерекшеліктері;
  • Нашар көрініс пен тұман болған жағдайда төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қандай әрекет жасау қажет?
  • Қарсы келе жатқан автомобиль шамының жарығы сізге кедергі болғанда не істеу керек?
  • Жүйелері мен опциялары бар автомобильді басқару;
  • Subaru автомобильдерін экстремалды жағдайда жүргізудің ерекшеліктері; 
  • Subaru - көліктің қауіпсіз жүргізілгенін қолдайды.

Өкізілетін орны: Астана қаласы, Жансүгіров көшесі, 3. Subaru Motor Astana автоорталығы.

Күні: 2018 ж. 6 мамыры, сағат 11:00 – 13:00 (теория).

Жеке тест-драйв: 2018 ж. 7-8 мамыр күндері, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Құны: Теория – тегін, тек алдын ала телефон арқылы тіркелу керек:

8 (7172) 270-111, моб. +7 701 082 37 64.

Арнайы автодромда нұсқаушының жетекшілігімен өтетін жеке тест-драйвтың (1 сағат) бағасы - 11 000 теңге және теориялық курс өтетін күні тіркелу бойынша өткізіледі. Өзіңізбен бірге жеке жүргізуші куәлігін алуды ұмытпаңыздар.

Курс жаңадан бастаған, сондай-ақ кәсіби жүргізушілерге де пайдалы болмақ. Курстың соңында сертификат беріледі.

Назар аударыңыз, топтағы орындар саны шектеулі!

*Владимир Бородин - Қазақстан Республикасы автомотоспорт федерациясының вице-президенті (ҚР АМСФ), экстремалды жүргізу мектебінің негізін қалаушысы, Астана Моторс компаниясы "Дала бөрілері" командасының басты пилоты, автокөлік кроссы, ралли бойынша ҚР бірнеше дүркін чемпионы.

 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.