kz ru en

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Смағұловты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Смағұловты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Кездесу барысында Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа автомобиль жасау саласының дамуы және автомобильдерді экспортқа шығару мәселесі жөнінде баяндады.

Кездесу барысында Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа автомобиль жасау саласының дамуы және автомобильдерді экспортқа шығару мәселесі жөнінде баяндады.

"Автомобиль саудасының көлемі артып келе жатқаны байқалады. Автомобиль жасау мекемелерінде "Маз" көлігін құрастыра бастадық.  Алматыдағы зауыт "Hyundai" машинасын бояуға және дәнекерлеуге толықтай көшті. Ресей Федерациясына 450 автомобильді экспорттадық, Тәжікстанға 300 "Hyundai County" автобусын жасап, жөнелту жөнінде келісімге келдік. Мұндай операцияларды Өзбекстанмен де бірге жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Осылайша, Қазақстан өндіріс алаңы ретінде Орталық Азияда  маңызды рөл атқара бастады", – деп қорытындылады компания басшысы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Смағұловты өндіріс қызметіне сіңірген еңбегі және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

Фото: www.akorda.kz


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.