kz ru en

ҚАУІПСІЗ ЖҮРГІЗУ ҚҰПИЯСЫ НЕМЕСЕ SUBARU AND BORODIN DRIVING ACADEMY


ҚАУІПСІЗ ЖҮРГІЗУ ҚҰПИЯСЫ НЕМЕСЕ SUBARU AND BORODIN DRIVING ACADEMY

Өткен демалыс күндері Subaru Motor Almaty дилерлік орталығында екі күндік "Subaru and Borodin Driving Academy" - экстрималды жүргізуді қауіпсіз етуге үйретеміз атты көлік жүргізу курсы өтті.

Өткен демалыс күндері Subaru Motor Almaty дилерлік орталығында екі күндік "Subaru and Borodin Driving Academy" - экстрималды жүргізуді қауіпсіз етуге үйретеміз атты көлік жүргізу курсы өтті.

Теориялық және практикалық білім алуға ниет білдіргендердің бәріне Қазақстан Республикасы автомотоспорт федерациясының вице-президенті, экстремалды жүргізу мектебінің негізін қалаушысы, "Астана Моторс" компаниясы "Дала бөрілері" командасының басты пилоты, автокөлік кроссы, ралли бойынша ҚР бірнеше дүркін чемпионы Владимир Бородин арнайы курс өткізді. 

Екі күн ішінде 45 адам жүргізуші мен оның көлігі үшін ең қауіпті және күрделі болып саналатын жаңбырлы ауа райында жүру ерекшеліктері, жолдың нашар көрінуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті ережелерін меңгерді; "Қарсы келе жатқан көліктің шамы кедергі етсе, не істеу керек?", "Жүйе мен опциялары бар автомобильді қалай басқару керек?" деген секілді сұрақтарға жауап тапты; Subaru автомобильдерін қауіпсіз жүргізу тақырыбына назар аударды.

Барлық тіркелген қатысушыларға арналған көшпелі курстар Алматы қаласынан шыға берісте орналасқан Mobilex RT арнайы мамандандырылған автодромда өтті. Сынақ әртүрлі жағдайда жүргізіліп, барлық қатысушы кедергілерді жеңуді үйрену мүмкіндігіне ие болды. Мұнда курсанттар екінші буынды Subaru XV және жаңартылған Subaru Outback автомобильдерін сынап көрді.

Сәнді, жоғары технологиялық кроссовер Subaru Outback жаңартылған радиатор торшасына, алдыңғы бампер дизайны мен шамдарының арқасында сыртқы түрі бұрынғыдан да агрессияшыл бола түсті. Енді Premium жиынтығындағы жаңартылған Outback көлігінде люк қарастырылып, сонымен қатар жүргізушінің ыңғайлылығы үшін алшақ шамды автоматты түрде басқару жүйесі, автомобильдің артқы жағындағы кедергіні анықтау жүйесі және алдыңғы мен бүйірлік камераларын қамтитын премиалды Advanced Package пакеті ұсынылған. Сондай-ақ Premium жиынтығындағы жаңартылған Subaru Outback көлігінің негізгі алты функциясы бар EyeSight атты жүргізушіге көмек көрсету жүйесімен қамтамасыз етілген: бейімделген круиздік бақылау, авариялық-төтенше тежеу, жолдан ауытқу туралы ескерту, жолақтардағы жорту туралы ескерту, автокөліктің алдыңғы жағындағы көліктің қозғалуы туралы ескерту және үдеткіштің басқару. Жаңартылған Outback шудан бұрынғыдан да жақсы оқшауланған, қайта бапталған аспасымен және рульдің жаңартылған электр нығайтқышымен жабдықталған. Автомобильге 8-дюймдік сенсорлық дисплей және 3-ші буынды Subaru StarLink жаңартылған мультимедиалық жүйе орнатылды.

"Қатысушылар өздері ойлағаннан әлдеқайда қабілетті екендігіне таңданып, көпшілігі өздерінің шеберліктерін арттырғанын атап өтті. Қандай электроника болмасын, адам факторы өте маңызды екенін түсіну қажет. Барлық жүйелермен қамтамасыз етілген заманауи көлікке мінгенде, сіз кез келген жағдайда автомобильді басқаруға дайын болуыңыз керек. Осы курс сол үшін ұйымдастырылып отыр", - деді Владимир Бородин.

Sumitomo Corporation (Жапония) өкілі, сонымен қатар курстың қатысушысы болып көрген Асато Такаги ханым тест-драйвқа көңілі толғандығын атап, осындай іс-шараға қатысқанына өте қуанышты екенін жеткізді. Оның сөзіне жүгінсек, ол Қазақстандағы Subaru тұтынушылар командасын ғана емес, сондай-ақ осындай шеберлік сабақтар арқылы оларға деген қарым-қатынасымызды көруге қуанышты болды.

Курстың тағы бір қатысушысы және Subaru Outback иесі Диас Сандыбаевтың айтуынша, "әркім төтенше жағдайға ұшырауф мүмкін, сол кезде қалай әрекет ететінімізді және біздің автокөлігіміз қалай әрекет ететінін түсіну өте маңызды". Бұл мен үшін өте пайдалы тәжірибе".

Курстың бағдарламасы жаңадан үйреініп келе жатқан және кәсіби жүргізушілердің жаңа техниканы меңгеру, көлік жүргізудің тиімді дағдыларын үйреніп, оң эмоциялардың зарядына ие болуы үшін жасалған. Қатысушылардың пікірінше, 100 рет естігенше, 1 рет сынап көрген артық. Өйткені, автокөліктерді сынақтан өткізіп, олар автомобильдің түрлі ақылды жүйелері мен артқышылықтарымен танысып, Subaru көліктерінің пассивті қауіпсіздігіне көз жеткізді.

Айта кетсек, "Астана Моторс" компаниясы осыған ұқсас курстарды тұрақты түрде өткізіп отырады. Бір ай бұрын бұл курс Астана қаласында өтті. Келесі тест-драйв 2018 жылдың 24 маусымында өтеді. Алдын ала жазылу телефоны: 8 (727) 333 19 09. Толық ақпарат мына сайттарда: http://subaru.kz және http://subaru-motor-almaty.kz


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.