kz ru en

JAGUAR LAND ROVER TOUR ҰСЫНҒАН ЖАЗҒЫ ОҚИҒА – 2018


JAGUAR LAND ROVER TOUR ҰСЫНҒАН ЖАЗҒЫ ОҚИҒА – 2018

Алматы “Jaguar Land Rover Tour – 2018” атты ірі шараны екі күн бойы қарсы алды. Jaguar Land Rover Astana Motors компаниясы "Медеу" спорт кешенінде әлем бойынша дәстүрге айналған роуд-шоуды өткізді. Ғаламат шараның қонақтары Jaguar және Land Rover көліктерімен танысып, арнайы дайындалған алаңда кез келген үлгіні сынақта байқап көру мүмкіндігіне ие болды.

Алматы “Jaguar Land Rover Tour – 2018” атты ірі шараны екі күн бойы қарсы алды. Jaguar Land Rover Astana Motors компаниясы "Медеу" спорт кешенінде әлем бойынша дәстүрге айналған роуд-шоуды өткізді. Ғаламат шараның қонақтары Jaguar және Land Rover көліктерімен танысып, арнайы дайындалған алаңда кез келген үлгіні сынақта байқап көру мүмкіндігіне ие болды.

Ұйымдастырылған тест-драйв барысында қатысушылар Jaguar үлгілерінің жылдамдығы мен динамикасын, әрі Land Rover жол талғамайтын көліктерінің кең мүмкіндіктерін сынап көрді. Jaguar бренді үшін маневр жасауға арналған арнайы алаң мен жылдамдық трегі ұсынылды. Ал Land Rover жол талғамайтын көліктері үшін роликтер, еңіс, әткеншек, өткел секілді тосқауылдары бар сынаққа арналған террапод құрылымдары қойылды.

Барлық тест-драйвтар Jaguar Land Rover Experience кәсіпқой нұсқаушыларымен бірге өткізілді. Олар ұсынылған үлгілердің әлеуетін ашуға көмектесіп, көліктердің артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы айтып берді.

Jaguar Land Rover Tour - 2018 – бұл қызықты тест-драйв қана емес, бүкіл отбасымен бірге демалуға болатын тамаша мүмкіндік. Jaguar Land Rover Astana Motors компаниясы кішкентай қонақтар үшін балаларға арналған Jaguar және Land Rover электромбильдерін сынау алаңын ұйымдастырды. Ал жасөспірімдер Jaguar Land Rover First білім беру бағдарламасының теориялық бөлімі мен жолдағы қауіпсіздік туралы және көлік құралдарының құрылысымен танысты.

Тест-драйвтан бөлек, қонақтарға арнайы демалыс алаңы, ойын-сауық және балалар алаңдары, сондай-ақ дилерлік орталық аймағы ұсынылған. Мұнда Jaguar Land Rover Astana Motors өкілдері көлікті сатып алу бойынша, арнайы бағдарламалар, соның ішінде бейілділік бағдарламасы, қаржылық қызметтер мен Trade in жайлы егжей-тегжейлі айтып беріп отырды.

"Жеке басым жолсыздық жағдайында көлік жүргізуді өте жақсы көремін. Жас кезімде "Үлкен Боғұт" жарыстарына қатысқанмын. Алматыға шетелден кәсіби пилоттардың келіп, шараға келген қонақтарды түрлі дағдыларға, ең бастысы, көлік жүргізу кезінде сенімді болуға үйретуі қуантады. Жалпы бұл роуд-шоу – көліктердің техникалық қасиеттерін көрсететін әрі осы бренд әуесқойларының бейілділігін туғызатын өте қызықты іс-шара ", - деді Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов.

"Алматылық роуд-шоу "Медеу" алаңында өтіп жатқандығымен ерекше, мұнда көліктерден алған әсерден бөлек, көздің жауын алатын таудың көркін тамашалауға болады. Тест-драйвтан өткен қонақтардың оң әсер алғандарын байқап отырмыз. Осындай көңіл-күй сыйлауға мүмкіндігіміздің бар болуы қуантарлық жайт. Шара жоғары дәрежеде өтіп жатыр. Барлық нұсқаушылар тәжірибесі мол өз мамандығының кәсіпқойлары, әрі клиенттеріміз көліктер жайлы барлық ақпаратты біле алады. Бұл өте маңызды, өйткені көлікті сатып алу, біріншіден, сезім мен эмоцияларға ие болуды бідіреді. Біз осы роуд-шоу арқылы клиенттеріміздің бейілділігін арттырып, сату көрсеткіштерінің жоғарылай түсуін күтеміз", - деп көрсетті Astana Motors ҚМК атқарушы директоры Бекнұр Несіпбаев.

Сәуір мен қараша аралығында Jaguar және Land Rover көліктерінің тест-драйвы 20 түрлі өңірде өтіп жатыр. Роуд-шоу Красноярск, Челябі, Түмен және Иркутскіде өтсе, алда Қазан, Санкт-Петербург, Рязань, Минск, т.б. қалалар күтуде. Jaguar Land Rover Experience іс-шарасына қатысу аты аңызға айналған көліктердің әлеуетімен танысу үшін тамаша мүмкіндік. Бұл әйгілі марканың атмосферасына қанығып қана қоймай, кәсіби нұсқаушылар командасының көмегімен көлік жүргізудің ерекше дағдыларын иемдену үшін жасалған керемет жағдай.

 

Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.