kz ru en

Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Group» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады


Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Group» компаниялар тобының президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына отандық автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамытуға байланысты тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына отандық автомобиль өнеркәсібін одан әрі дамытуға байланысты тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімет берілді.

Нұрлан Смағұлов Нұрсұлтан Назарбаевқа "Астана Моторс" компаниясының Алматы қаласында "Hyundai" жеңіл көлігін жасау зауытының құрылысын бастағаны жөнінде баяндады.

– Кәсіпорынның қуаты алғашқы кезеңде 30 мың автомобиль шығаруға жетеді. Ал, келесі кезеңде өндіріс көлемі жылына 45 мыңға дейін артатын болады. Соның арқасында Қазақстан нарығын сапалы әрі қолжетімді "Hyundai" маркалы жеңіл автомобилімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлікті ТМД елдеріне экспорттауға жол ашылады. Жобаға бөлінген инвестицияның жалпы көлемі – 25 миллиард теңге. Бұған өз қаражатымыздан бөлек коммерциялық талаптарға сай заемдік қаржы тартылмақ. Зауыт 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді Нұрлан Смағұлов.   

Кездесу соңында Нұрлан Смағұлов Мемлекет басшысына Қазақстан бизнесіне тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны және "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы сияқты көлік саласына несие бөлу бағдарламасы жөнінде шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты. 

www.akorda.kz


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.