kz ru en

ЖАҢА HYUNDAI EX8 ТҰСАУКЕСЕРІ


ЖАҢА HYUNDAI EX8 ТҰСАУКЕСЕРІ

"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін, коммерциялық техника дистрибьюторы Hyundai Com Trans Kazakhstan жаңа Hyundai EX8 жүк көлігін көплішік назарына ұсынды.

"Астана Моторс" ҚМК құрамына кіретін, коммерциялық техника дистрибьюторы Hyundai Com Trans Kazakhstan жаңа Hyundai EX8 жүк көлігін көплішік назарына ұсынды.

Hyundai EX8 тұсаукесері Астана Моторс автоқұрастыру кәсіпорны аумағында ұйымдастырылды. Іс-шара Hyundai Motor Company компаниясы бірлескен сауда департаменті өкілдерінің, сондай-ақ БАҚ өкілдері мен автоблогерлер және компания клиенттерінің қатысуымен өтті.  

Hyundai EX8 коммерциялық техникасының жаңа моделі – аз тонналы жүк көлігі (пайдалы жүк көтергіштігі - 5 тонна) бизнесте сенімді құралға айналмақ. Заманауи конструкция мен жаңа дизайн брендтің инновация мен сапаға деген қарым-қатынасын айқындайды. Жүк көлігі  Еуро-5 экологиялық нормасына сай келетін заманауи дизельді қозғалтқышпен жабдықталған және 5-сатылы механикалық БҚҚ-мен жұптасып жұмыс істейді. Жүк тасуға арналған Hyundai EX8 көліктерінің артқы өсі күшейтіліп, автомобильдің курстық орнықтылығы жетілдірілген.      

Дистрибьютор Hyundai Com Trans Kazakhstan Hyundai ЕХ8 көлігін астанамызда наурыз айының соңында өтетін Futuroad Expo Astana – Орталық Азия коммерциялық көліктер және жол-құрылыс техникасы халықаралық көрмесінің алаңында өзге модельмен қатар ұсынатын болады. 

Толығырақ ақпарат www.hyundaitrucks.kz сайтында


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.