kz ru en

АЛМАТЫДА ЖАҢА JAGUAR LAND ROVER АВТООРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ


АЛМАТЫДА ЖАҢА JAGUAR LAND ROVER АВТООРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

30 сәуір Алматыда жаңа ультразаманауи Jaguar Land Rover Astana Motors дилерлік орталығының салтанатты ашылуы болды. Ашылуға келген алғашқы қонақтардың қатарында Ұлыбританияның ҚР-дағы елшісі Майкл Джон Гиффорд және Ұлыбританияның ҚР-дағы Премьер-министрінің сауда өкілі баронесса Эмма Николсон Винтерборнская болды.

30 сәуір Алматыда жаңа ультразаманауи Jaguar Land Rover Astana Motors дилерлік орталығының салтанатты ашылуы болды. Ашылуға келген алғашқы қонақтардың қатарында Ұлыбританияның ҚР-дағы елшісі Майкл Джон Гиффорд және Ұлыбританияның ҚР-дағы Премьер-министрінің сауда өкілі баронесса Эмма Николсон Винтерборнская болды.

Алматының беделді ауданы, Әл-Фараби көшесінің бойында орналасқан жаңа Jaguar Land Rover дилердік орталығы ARCH озық фирмалық дизайн-концепциясы бойынша орындалған. Оның басты ерекшеліктері – ғимараттың арка түрінде жасалған кіреберісі және бірыңғай "клиенттік дәліз" ретінде бөлінген қызмет көрсету орындары.

"Қазақстан үздік автомобильдердің тұсауын кесу картасында бұлжымас нүктеге айналды –деп атап өтті "Астана Моторс" президенті Нұрлан Смағұлов. – Jaguar Land Rover – нағыз классикалық ағылшындық орнықтылық пен ең озық автомобильдік инновациялардың үйлесімі, бұл оның жылдан-жылға беделді автомобиль марапаттарын жеңіп алып, ағылшындық патшалық сарайдың таңдаулысы атануға мүмкіндік береді. Біз аты аңызға айналған ағылшынлдық брендтің бір бөлігі атанып, оны Қазақстанда ұсына алып отырғанымызға бақыттымыз және мұнымен мақтанамыз!".

Ресми дилер "Астана Моторс" ашқан дилерлік орталықтың жалпы ауданы 2800 шаршы метрден астам көлемді құрайды. Ғимарат ішіне кіргенде клиенттердің ең бірінші көретіні – Approved бағдарламасы аясында сатылатын, сертификатталған жүрілген автомобильдердің шоу-рум аймағы. Сондай-ақ орталықтың бірінші қабатында 7 көтергішті, ауданы 1174 шаршы метрді құрайтын сервистік аймақ пен бірегей қосалқы бөлшектер қоймасы орналасқан. Көп функционалды аймақтардың әрқайсысы Jaguar және Land Rover клиенттеріне қажетті сервистік қызметтің барлық спектрін компанияның жоғары сапа стандарттарына сәйкес өндіруге мүмкіндік береді. Сервис орталығы айына 1000 адамға дейін қызмет көрсете алады. Клиенттер көрсетілген қызметтің сапасын бақылап немесе жұмыстардың атқарылуын қашықтықтан қадағалау үшін арнайы Video Capture сервисін пайдалана алады: автомобильге қызмет көрсету бойынша бейнежазба көлік иесінің электронды поштасына жолданады. Автоорталықтың Іле Алатауының ғажайып көрінісін тамашалауға болатын екінші қабатында орналасқан шоу-румда жаңа автомобильдер ұсынылған: бұл жерге онға жуық Jaguar және Land Rover сыйып кетеді. Келушілер үшін сонымен қатар модельдер конфигураторы, демалыс аймақтары, аксессуарларды және жәдігерлік бұйымдарды сату бөлімдері қолжетімді.  

"Jaguar Land Rover компаниясы сондай-ақ дилерлік желінің дамуына және қолдау білдірілуіне ерекше көңіл бөледі, ал озық технологиялар, қызмет көрсетудегі үздік деңгей және қызметкерлердің жоғары біліктілігі  Jaguar Land Rover дилердік кәсіпорны жетістігінің бүкіл әлем бойынша негізгі бұлжымас құраушылары болып табылады. Енді тамаша сервистің осындай деңгейі Алматыдағы жаңа Jaguar Land Rover Astana Motors дилерлік орталығының клиенттері үшін де қолжетімді болмақ", – деп мәлімдеді Jaguar Land Rover – Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан бас директоры Вячеслав Кузяков.

2019 жылдың басты екі лауазымын жеңіп алып – Еуропада және әлемде "Жыл автомобилі" атанған және қазіргі таңда Jaguar бестселлерлерінің біріне айналған Jaguar I-PACE электро-кроссоверінің тұсау кесері кештің жауһарына айналды. I-PACE атақты британдық бренд ұсынған тұңғыш электромобиль, ал енді қазақстандық нарықта кепілдікпен, техникалық қызмет көрсету және сервистік қолдау білдірумен ресми түрде ұсынылған тұңғыш электрлі кроссовер.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.