kz ru en

NEXT CAR ASTANA MOTORS – ЖАҢА ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚ


NEXT CAR ASTANA MOTORS – ЖАҢА ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚ

“Астана Моторс” компаниясы тағы бір жаңа NEXT CAR ASTANA MOTORS автоорталығын қуана ұсынады.

“Астана Моторс” компаниясы тағы бір жаңа NEXT CAR ASTANA MOTORS автоорталығын қуана ұсынады.

NEXT CAR – компания мамандары тексерістен өткізген және TRADE-IN бағдарламасы бойынша сатуға кабылданған, қолданыста болған автокөліктер.

Сіздер үшін түрлі бағадағы, жүрген жолына және шығарылған жылына қарай қолданыста болған автокөліктердің кең таңдауы.

NEXT CAR автоорталығы еліміздің ең сенімді банктерімен бірлесіп сіздерге кредиттік бағдарламалардың ең үздік шарттарын ұсына алады.


Сіздерді мына мекенжайда күтеміз: 

Райымбек даңғылы, 115/23 (Назарбаев даңғ. қиылысында)
Байланыс телефоны: +7 (727) 331-25-25
Жұмыс уақыты: 9:00-20:00 (күнделікті үзіліссіз)

 


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.