kz ru en

ЖАҢА HYUNDAI “ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДЕРІ” АЛМАТЫДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ


ЖАҢА HYUNDAI “ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДЕРІ” АЛМАТЫДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Жедел медициналық қызмет көрсететін автомобиль паркі “Астана Моторс” компаниясының автоқұрастыру кәсіпорнында шығарылған 28 жаңа Hyundai реанимобильдерімен толыға түсті. Кілттерді табыстау салтанатына Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Жедел медициналық қызмет көрсететін автомобиль паркі “Астана Моторс” компаниясының автоқұрастыру кәсіпорнында шығарылған 28 жаңа Hyundai реанимобильдерімен толыға түсті. Кілттерді табыстау салтанатына Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Hyundai H 350 Ambulance моделі науқастарды жайлы және қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті. Ол екі жағында да жылжымалы есік қарастырылған оңтайлы жобаланған салонға ие, барлық керекті құралдармен және кондиционермен жабдықталған. Машиналардың бәрі Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған стандартқа сәйкес және заманауи жабдықтармен қамтылған: дефибрилляторлар, электрокардиографтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, оттегі баллондары. Hyundai H350-ді құрау кезіндегі қазақстандық үлес негізгі модельді заманауи арнайы құралдармен  жабдықтауды қоса алғанда 33%-ға жетеді.

“Медициналық қызметті техникалық жағынан жаңарту ары қарай жалғасады. Соның ішінде жедел жәрдем бригадасы да бар. Біздің міндетіміз дәрігерлер “алтын уақыт” ережесін мүлтіксіз орындап, жедел жәрдемді уақытылы көрсетулері үшін барлық жағдайды жасау”, – деді Б. Сағынтаев. 

Hyundai H 350 Ambulance-тің бәсекелестері алдындағы артықшылығы –жоғары сапасы, пайдалану кезіндегі сенімділігі және төзімділігі. Автомобильдерге – 3 жыл немесе 150 000 км жүрісті құрайтын – өндіруші кепілдігі ұсынылған – қарқынды пайдалану кезінде жоғары сапалы сервистік қолдау аса маңызды. 

Hyundai Com Trans Kazakhstan (“Астана Моторстың” еншілес компаниясы) коммерциялық техника дистрибьюторы ҚР Денсаулық сақтау министрілігі мен ҚР ТЖМ бұған дейін де отанымызда құрастырылған заманауи жедел жәрдем автомобильдерімен және реанимобильдерімен қамтасыз етті. Мысалы, 2012 жылы ТЖМ-не Hyundai County автобусы негізінде арнайы тапсырыс бойынша дайындалған 6 реанимобиль, 2013 жылы – 14 осындай реанимобиль, ал 2014 жылы Hyundai H1 негізіндегі реанимобильдің 40 бірлігі қойылды.

Үстіміздегі 2019 жылдың соңына дейін компания қосымша Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖМККА-на жедел жәрдем машинасының 52 бірлігін, сондай-ақ Шымкент қаласы ЖМККА-на 100 автомобиль қояды.


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.