kz ru en

АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН ЭЛЕКТР АВТОБУСЫН СЫНАҚТАН ӨТКІЗДІ


АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН ЭЛЕКТР АВТОБУСЫН СЫНАҚТАН ӨТКІЗДІ

Алматы көшелері бойынша Қазақстанда жасалған Golden Dragon жаңа электр автобусы тестілік тәртіпте жүріп өтті. Сынақтан өткізу үшін қалаға отандық электробусты "Астана Моторс" компаниясы ұсынды.

Алматы көшелері бойынша Қазақстанда жасалған Golden Dragon жаңа электр автобусы тестілік тәртіпте жүріп өтті. Сынақтан өткізу үшін қалаға отандық электробусты "Астана Моторс" компаниясы ұсынды.

Осыдан бұрын автобус Нұр-Сұлтан қаласында тест-драйвтан сәтті өткен болатын. Ал Алматы бойынша жаңа автобустың мүмкіндіктерін "Алматыэлектротранс" компаниясының жұмысшылары алғашқы болып бағалап көрді.

12-метрлік асты төмен Golden Dragon электр автобустары су жаңа типті – литий-темір-фосфатты аккумуляторлармен жабдықталған. Бұл аккумулятор литий-ионды аккумулятордың бір түрі болып саналады. Осыған ұқсас өзге аккумуляторлармен салыстырғанда оның басты артықшылықтарының бірі – термиялық және химиялық тұрақтылық, соның арқасында батарея қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, сондай-ақ суыққа төзімділік біршама артып отыр. Оның салмағы аз, энергия сыйымдылығы зор, әрі оны әлдеқайда қысқа уақыт аралығында қуаттандыруға болады: батарея 4 сағаттың ішінде толық қуаттанып, 350 шақырым қашықтыққа дейін жүре алады. Golden Dragon автобустың осы үлгісінде температура айырмасына қарсы белсенді қорғанысты орнатқан, бұл қорғаныс Қазақстанның күрт құбылмалы ауа райы жағдайында ерекше маңызға ие болып отыр.

Осы автобустың құны ағымдағы жиынтықтамада 137 миллион теңгені құрайды. Бұл бағаға келесі қосымша құрал-жабдықтар кіреді: валидатор, жүргізушінің шаршауын бақылайтын құрылғы, автобус тізгіншісіне экран арқылы дабыл беретін бейнебақылау жүйесі, климат-контроль, жолаушыларға арналған USB-жалғағыштары мен 380 вольттық жалғағышы бар автобусты қуаттандыратын станция. Асты төмен автобус жолаушылардың салонға көтерілуін ыңғайлы етсе, арнайы жылжымалы платформа арбашаны қолданатын адамдар үшін қауіпсіз және жеңіл көтерілуін қамтамасыз етеді. Сатып алушылардың қалауынша "Астана Моторс" компаниясы қосымша опцияларды ескере отырып электробусты жеке тапсырыс бойынша жасап шығара алады. 

Автобустарды «Қазақстанның Даму Банкі» ұсынған қолданыстағы жеңілдікпен кредиттеу мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, әрі автобус парктерін жаңарту мақсатында лизингке сатып алуға болады. «ҚДБ-лизинг» АҚ кредит бойынша мөлшері жылына теңгемен 7%-дық, шарт құнының 15%-ы алдын ала төленетін қаржылық лизинг қызметін 7 жыл мерзімге ұсынады.

"Астана Моторс" компаниясы электр автобустарынан бөлек, дизель және газбен жүретін Golden Dragon автобустарының артықшылықтарымен таныстыру үшін тест-драйв бағдарламасын жүзеге асырды. Еліміздегі барлық автопарктер автобустарды сатып алмай-ақ және өзге де төлемдер жасамай-ақ белгілі бір уақыт көлемінде тест-драйвқа алу мүмкіндігіне ие.

Қазақстандық электробус – "Астана Моторс" компаниясына кіретін алматылық автоқұрастыру кәсіпорнының ҚР-ндағы қалалық жерүсті көлік саласын дамыту ісіндегі жаңа жобасы. Бұл қалаларымызға аса қажетті сенімді, экологиялық көлік.

Дереккөз: tengrinews.kz


Басқа жаңалықтар

Қазақстанда өндірілген жаңа JAECOO J5 және J7 PHEV модельдерінің сатылымы басталады
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы екі жаңа моделінің бағасын жариялады. Ықшам JAECOO J5 кроссоверінің бағасы 9 490 000 теңгені, ал JAECOO J7 PHEV қосылатын гибридінің бағасы 12 790 000 теңгені құрайды. Екі модель де ең жоғарғы жинақтамада ұсынылады. Көрсетілген мерзімдердің қайсысы бұрын жетуіне байланысты автокөліктерге 5 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі.
Қазақстан Кореямен автоөнеркәсіп және өнер саласында ынтымақтастықты нығайтуда
Astana Motors компаниясы мен Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts музейі Сеулде кореялық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізді.Құжаттарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары барысында, Сеуілде өткен «Орталық Азия - Корея Республикасы» бірінші саммиті аясында қол қойылды.
Төрт секунд тұғыр тағдырын шешті: Changan Race Almaty қалай өтті
Сокол автодромында жеті елден 167 велошабандоз бас қосты. Негізгі тартыс Elite Men санатында өрбіп, үшінші орынның тағдырын бонустық секундтар мен мәредегі секундтың үлестері шешті.